Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл
Бес Қыисаның берері ـــ батырдың биік беделі
Қолда бар ер Жәнібек туралы бес Қыисаныың жүлгесімен батырдың өміріне шолу
- Ер Жәнібек (Қыиса) 1927 жылы Ыбырай Тотай ұлы, сары тегі жазған. 1946 жылы Жәнібектің 5-ұрпағы ыбырайдың айтуында, ақын Байбосын жазып алған делінген Қыиса былай дейді:.
«Он екі абақ керей → Жаубасар → Майқы → Әлдәберді → Бағаналы → Байлау → Бердішөрә → Жәнтекей → Сүйіндік, Сүйінбай, Сүйіншәлі, соның ішінде Сүйінбайдән → Қаліке, Алты, Қалыкеден → Қолімбет (нағашысына кеткен), Өндірқан, Болат. Алты → Сары.
Әңгіме осы арадан басталады. Сүйіндіктің ауылы лықсыған бай әрі батыр ауыл болып, 13 отауы болған. Жұма күні көшіп, бір ауыл сұмбал (кір жуу) үшін көшпей қалады, Сүйіндіктің байбішесі Ұлаят бұл ауылды өздерімен бірге көшуді нәсихәттап, жау жағдайының қатерын түсіндіргенімен, өздерін кеңге салған ауыл соңынан баратын болып қалып қалды. Осы күні Ерназар жоқ қарап кеткендіктен, ауылға таңмен келсе, елді жау шауып тып-типыл еткеннің үстінен түседі, тек жер ошақта жылап жатқан жөргектегі сарыдан басқа пенде қалмағанын көреді, ендігі жерде тірі адам тірлігін көріп, Ерназардан → Базарбай, Базаркелді, Байқасқа, Бұқарбай, Күнту болып ұрпақ тарайды. Ал Алтының сүт кенжесі жөргекте қалған Сарыдан Бердаулет, Кірдәулет тарайды. Арада Бердәулеттің байбішесі Шәше (Шәшке) ауыр аяқ болып, бөрінің етіне жерік болады. Міне, осыдан жоталы, шойын мүсін, бітеу мойын, кең жауырын Жәнібек туады. Жәнібек дүниеге келгенде Шақшақ Жәнібек осы ауылға келіп қалып, Бердәулет оған баласына ат қойып беруді өтінеді. Өзін ұлықтап, киелі санап тұрған Бердәулетке разы болған Шақшақ Жәнібек дүниеге келген баланың пішініне, оның бесігіне разылықпен қарап, оған өзінің атын қояды.
Біз ендігі жерде қолдағы бес Қыисаның оқиға желісімен бір-бірімен толықтап отырамыз (1, 2, 3, 4, 5 бойынша Қыисадағы айтылымдарын білесіз).
Осы (1) Қыиса мағауия сұлтания нұсқасында: «Шақшақ Жәнібек, жиенінің бесігін көріп» делінеді. Ал, (2) Қыисада «Жәнібек» қыисасында яғни, Мәукеш, Ғалымбек жазып алған нұсқада Жәнібектің нағашысы, сары үйсін Досымбек, өмір батыста, бұлар батыр, ел басқарған егейлер болған» деп баяндаса, (3) Қыиса «Жәнібек батыр» Ақыт Үлімжі ұлы нұсқасында да осы (2) нұсқада «нағашысы сары үйсін» екені айтылса, (4) «ер Жәнібек» Құмар Сіргебай ұлы айтқан нұсқада, «Алтының ауылын жау шауып, Есназар жеті жасында олжаланып кетіп, сары бір жасында тірі қалады, араға жеті жыл салып, Барақ батыр мен ер Сәменбет бұларды тауып әкеледі. Бұлар да ерен батыр болады. Осы сарыдан Бердәулет, кірдәулет деген екі ұл қалады, Бердәулеттің әйелі ерте қайтыс болып, одан саңырық атты бала қалады. Бердәулетке үйсінде дүйсенбек ғазиза атты сұлу қызын атастырады, осы ғазизадан Жәнібек дүниеге келген күні бұл ауылда жүрген Шақшақ Жәнібекке Бердәулет дүниеге келіп жатқан баласына ат қойдырады». (5) «батыр Жәнібек» Моңғұлиадағы «Шұғыла журналы» нұсқасында: «Бердәулет өзі алпыс жастан асқанда, ал байбішесі арғын Қазыбек бидің қызы болып, елу жастан соң бала көтеріп, бөрі етіне жерік болып, Жәнібекті дүниеге әкеледі. Нәресте дүниеге келгенде осы ауылға келген Шақшақ Жәнібек балаға ат қояды». Міне, бұл ер Жәнібектің тегі мен дүниеге келуі.
Ендігі жерде Жәнібек ат жалын тартып міне үш жүзге ат-атағы бар нағашысы Досымбек, өмірлерді іздеп шығады. (2) Қыиса Мәукеш, Ғалымбек жинаған нұсқада «Жәнібек жиырма жастар кезінде бір ай сегіз күнде батыстағы нағашысына барады, Досымбек жиені Жәнібекпен жылап кезігеді. (3) Қыиса Ақыт Үлімжі ұлы нұсқасында «Жәнібек қасына жол жолдас көбешті ертіп, сары үйсінде нағашысы Досымбек, өмірді он алты жасында бір ай сегіз күн жол жүріп іздеп келеді». (4) Қыисада Құмар Сіргебай сақтаған нұсқада «алатау, таласта жатқан нағашысы үйсін еліне Жәнібек он бес күнде келеді». (5) моңғұлия «Шұғыла» нұсқасында «Бердәулет ерте қаза болып, Жәнібектің нағашысы Қазыбек би қызын және жиенін бірге өз ауылына көшіріп әкеліп баулып өсіреді, Жәнібек ат жалын тартып міне жылқы қосына шығады, ақылына күші сай, ерлігімен танылады, тіпті көк бөрісін көрген атасы Қазыбек би жиеніне разы болады».
Енді Жәнібектің нағашысына барғаннан кейінгі оқиғаға куә болайық. (2) Қыиса Мәукеш, Ғалымбек әзірлеген нұсқасында «Жәнібектің көк бөрісі барын үйсін еліндегі нағашысы Досымбек көріп, оған дән разы болады, Жәнібек нағашысынан жылқы ішінде көк бестіні сұрайды, бірақ, Досымбектің балаларының ішінде кенжесінің бәсіресіне аталған көк бестіні балалары беруге көнбеген соң, көк бестінің інісі көк құнанды береді». (3) Ақыт Үлімжі ұлы нұсқасында «Нағашсыына келген Жәнібектен бір күні бір кария ұранын сұрағанда Жәнібек тосылып қалады, бірақ, нағашысы Жәнібекті қорғаштап, «Ұраны абақ керей» екенін айтады, осыдан Жәнібек ел болу, ен, таңба, ұран болудай ерекшелікті ойлайды, бір жолы нағашысы оның бас-аяғында қорғап жүрген көк бөрісін көріп, ұлдарына жиендерінің бөлек жаралған адам екенін айтып, жиені сұраған көк бестісін бере салуды айтқанімен, кенже ұлының бәсіресі болғандықтан, олар қосылмайды, ақыры көк бестінің інсі көк құнанды береді». (4) Қыиса Құмар Сіргебай ұлы сақтаған нұсқада «Жәнібек нағашысында үш ай жатып, қайтарында тобышақ деген биенің отыз бір жыл бойы құлындамай жүріп, едел-жедел екі құлын құлындағанын, осы екі құлынның соңғысы көк дөненді Жәнібекке мінгізеді».
Оқиға осылай жалғасын тауып, Жәнібектің көк дөненмен жауға аттануы баяндалады.
(2) Қыиса Мәукеш, Ғалымбек нұсқасында «көк дөненді мініп он екі батырдың бірі болған Жәнібек алатау жорығына аттанғалы жатқан Абылай қосынына қосылады. Абылай бұл кездері қырық жастар шамасы, Абылай хан бала Жәнібектің аты мен бітімін көріп, оны сынамаққа екі батырын молаға жасырып, Жәнібекті отын әкелуге жұмсатады. Жәнібек иен қабырдан өзіне аруақ болып ұмтылған екі батырға: «өлі аруақты қойып, тірі Абылай өлгелі жатыр» деп отынды алып келіп, ерлігін, жүректілігін әйгілейді. Ұзамай он бес батыр жорық бастап келе жатқанда алдарынан бір айдағар жылан шығады, Жәнібек оны үш жерінен түйреп өлтіреді, осы жорықта Абылай қосынын қапыда жау басып қалады, қазақ қолы қырғындалып, шегінеді, Абылай ханның ақтанкерыне оқ тиіп, жаяу қалғанда, қалмақтың садыр батыры қазаққа қырғиша тигенін көрген Жәнібек досы көбештің тосуына қарамай садырға ұмтылып, оны жайратып, садырдың астындағы долан жиренін мініп, көк дөненін жаяу қалған Абылай ханға көлденең тартады, көк дөненге мініп аман қалған Абылай хан шегінген жасақтарын тоқтатып, жауға қайта аттандырып, қалмақтарды шегіндіріп, ертесі көк дөненнің иесі Жәнібекті іздеттіріп таптырып, оған разы қоштығын білдіреді, Жәнібектің Абылай ханға үш талабы: 1. Оң тізесінен орын беру, 2. Елдігін тану, 3. Ту ұстаудай талабын орындайды. Бұған тіленші шамданып, қарсы келгенімен, Абылай хан: «қамал бұзған ерке батырым» деп оған тойтарыс береді, қарсылас жауын жайратып, ертемен өзен бойына барған Жәнібекке теректің бұтағына шығып отырған бір сұлу қыз кезігеді, Жәнібек қызды қосқа әкелгенде Абылай хан қызды сауғаға сұрағандықтан, Жәнібек қыздың басын шауып тастайды». (3) Қыиса Ақыт Үлімжі ұлы нұсқасында бұдан өзгешелігі: «алатауға жорыққа атанған Абылай хан өз қосынына ілескен Жәнібек ұйықтап жатқанда аузына кірмек болған жыланның басын қыршып алып тастайды, енді бір жолы қатты ұйықтайтын Жәнібектің қасына аю келгенде ақырып өлтіреді және суан қалмақты жеңіп, жекпе-жекте жайратып, жеңістік алады». Осы Қыисадағы өзгеріс Жәнібектің Абылайдың оң тізесінен орын алғанына наразы болған тіленшіге ызаланып, өзінің шешендігін көрсетіп, оның бетін қайтарады. Ал алдыңғы Қыисаларда айтылғандай, өзен бойынан ертіп келген сұлу бикешті Абылай хан сауғаға сұрағанда Жәнібектен айрылғалы тұрған қыз өзінің шын сырын айтып, өзінің садыр батырдың қалыңдығы екенін, Жәнібектің садырдың атын мініп жүргенін көріп, әдейі кек алуға жақындағанын, бүгін түнде тіпті болмаса батырдан ұрпақ көріп, сол ұрпақ арқылы болса да садырдың кегін алу арманымен келіп отырғанын айтқандықтан батырға қастандық сайлаған қызға хан Абылай қырық қамшы соғуды әмір еткенімен, майданда Жәнібек қыздың басын шауып тастайды» делінген. (4) Қыиса Құмар Сіргебай ұлы сақтаған нұсқада Жәнібек нағашысынан көк дөненінмініп келген соң шешесі найманның қаратай елінде соқыр абыздан бата аулын өтінеді, Жәнібек сарысу бойындағы бір жүз жиырма бес жастағы абыздың батасын алып, торғай, тобыл, есілді басып, еліне қайтып келе жатқанда жол бойында кезіккен айдағар жыланды өлтіріп, жол жөнекей ат шалдырып отырған екі адамға кезігеді, олармен ілесіп бес күн жол жүрген соң бір-біріне таныстық береді, бірі қаракерей Қабанбай, енді бірі қанжығалы Бөгенбай екенін, өздері қалмақтардың ханы қоралдай елге тыныштық бермегендіктен, хан Абылай жасақ топтап жатқандықтан, өздері де солай бара жатқанын білдірген соң, Жәнібек те батырлармен бірге барады. Міне, осы топта бағаналы барлыбай, шұбар тулы жаулыбай, найманнан батыр Барақ, Сүйіндіктен Олжабай, уақтан Бармақ батыр, керейден Шақабай мен ер Жабай, қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, Шыңғыр батыр, Малайсары, өжет туған өтеген (сырдан), шапырашты Наурызбай (түстіктен), Жәнібек болып жорыққа аттанады. Жекпе-жекке шыққан осы шайқаста қазақтар арт-артынан үш батырынан айырылады, бұған ызаланған он жеті жастағы Жәнібек қалмақ батырымен жекпе-жекке шығып, оны өлтіргенде қалмақтар қаптап кетеді, бұны көрген қазақ батырларды да лап қояды, осы жолы Жәнібек: «Ақжол батыр» атағын алады. (5) Қыиса моңғұлия «Шұғыла» нұсқасында: «Жайын жатқан елге қалмақтар қатер төндіргендіктен, Абылай хан төңірегіне топтасқан батырлар жорыққа аттанады, жорыққа аттанарда Жәнібек нағашы атасы Қазыбектен бата алуға келеді, ақ батасын берген Қазыбек енді Жәнібектің өзінің шешесінен бата алып аттануын өтінеді. Жәнібек анасының ақ батасын алып жорыққа аттанады. Осы жорықта қазақ қолы жеңіліп, Абылай ханның ақтангерыне оқ тиіп жаяу қалып, Жәнібек көк дөненін Абылай ханға көлденең тартады, жасақтарын қайта
қайтарған Абылай хан жауды қайта шегереді.
Ер Жәнібек өлтірген айдағардың құлағы Айдағар құлағымен бірге сақталған жазба дерке
Абылай хан тәңертең тұрса, белдеудегі Жәнібектің атының қанжығасында қалмақтың екі батырының басы тұрғанын көріп, Жәнібектің бетінен сүйіп, оның талабын сұрайды. Осы жолы Жәнібек жоғарыдағы үш талабын білдіреді, бұл талапқа Абылай хан мақұл болып, шашағы сары жібек, ұшар басы алтындаған, ақ торғынмен істелген кере құлаш тумен қоса, алтын балдақ қылышты жантай батыр арқылы Жәнібекке бергізеді. Байтайлақ, жантай бас болған Жәнібектей батыры болған керей еліне Абылай ақ батасын береді, керейлер Жәнібекке бойсұнатынын білдіріп, хан алдында уағда беріседі.
Осыдан кейінгі оқиға қорытындылана бастайды, яғни батыр елді береке-бірлікке шақырып, құтты қоныс алуы және батырдың соңғы өміріне ауысады.
Мысалы, (1) Қыиса Байұзақ жазып алған нұсқасында: «Арғын, Найман, Керей арасына жік түсіп, керейді ‹үш кесек› айыпқа кесудей алауыздықтан қалмақтар жақсы пайдаланып қазаққа тап бергенін ескерген Абылай хан елді берекеге шақырып, жоңғармен айқасуға қол жияды. Осы кезде Жәнібек Абылай жасағына қосылып, жоғарыдағы айтылған ерліктерден тыс, жиыны он екі реткі жорықта ерлік көрсеткені айтыла келіп, соңында Абылай хан ежен ханмен берекелесуге Жәнібек бас болған жеті адамды ежен ханмен дипломатиялық байланысқа жұмсайды, жарым жыл уақытпен жол жүрген Жәнібек мол сауғамен елшліктен оралады». Осыдан соң Қыиса Жәнібектің керейдің басын қосып таусары бас болған барлыбай, шегетәй, шұбаш, жанторыларға көгедәйді алдыртып хан сайлап, елін орнықтырып, 1792 жылы маусымда 84 жасында дүниеден көшкенін баяндаса, (5) Қыиса моңғұлия «Шұғыла» нұсқасында өз ішінен үш бөлімге бөлініп, осы үшінші бөлімінде: «ел бақанас пен көксалада еркін ғұмыр кешіп жатқанда, рулар ара қақтығыс молайып, Жәнібек елді алтайға бет алдырғалы жатқанын естіген батырдың нағашы атасы Қазыбек батырды асқа шақырып, батасын берген соң, батыр әуелі жер шолып, жол біліп қайтуға қалбадан тарбағатай басып өрәлтәй арқылы құмылға дейін барып оралып, жантай мен байтайлақ батырға елдің ақтау арқылы көш алатынын ескеріп, мұндағы елді берекеге шақырып, өрге көшіру әзірлігінде болған бір әредікте төңірегіндегілерге өзінің басынан кешкен ерліктері туралы сөз қозғап (жоғарыдағы баяндалған ерліктерді өз аузымен әңгімелеп береді), соңында қомдыбайдың сұрағына жауап бергенде, қайын жұртына ұрын барғанда халықтың салт-сана, дәстүріне бөйсүнуімен, балдыздарының бұлғағына, ондағы елдің ырғағына құрмет етумен еріксіз көнгенін айта келіп, салт-сананың биіктігін мойындап, кеңесін ақырластырады». Міне, Жәнібек батыр туралы қолда бар бес Қыисаның айтпағы осылар. Әрбір Қыиса бірін-бірі толықтап, шымыр да жинақы оқиғамен батырдың образын әйгілеп, ерлікке толы кешірмелерін тәлтөгіс баяндағанын байқаймыз.
Енді Қыисадағы бір-біріне ұқсамайтын баяндауларға қарайық.
(1) Жәнібек батырдың нағашысы бірде сары үйсінде Досымбек, өмір болса, бірде арғын Қазыбек би болады.
(2) Батырдың шешесі бірде «Шәше» (Шәшке), енді бірде Қазиза болады. Осында Құмар Сіргебай ұлы сақтаған қыисада (Бердәулеттің әйелі өліп, үйсін елінде дүйсенбек Қазиза атты қызын атастырғанын) ескертуі бұл оқиғаны шешіп те кетуі мүмкін.
(3) Жәнібек атқа мініп жауға шабуы бірде он екі жас, енді бірде он алты, он жеті жас, және жиырма жаста делінген.
(4) Жәнібектің нағашы ауылына бару уақыты он бес күн, бір ай сегіз күн, ай жарым жүрсе, енді бірде нағашысының қолында өскен болады.
(5) Нағашы жұртына барған батырдың жасы он алты, бірде жиырма жастарда делінсе, енді бірде сол нағашы жұртында өскен болады.
(6) Айдағар жыланды батыр қаратай елінің соқыр абызына барып келе жатқан жолда өлтірсе, бірде он бес батыр жорыққа аттанған жолында өлтірген болады, міне бұлар Жәнібек батыр жайындағы зерттеулерге ешқандәй бөгеттік ете алмайды.
Ал, елге сұрау туғызып жүрген кей мәселелердің Қыисаларда көрсетілуі мен анықтауына қарасақ: бұл күнде Жәнібектің бес реткі ерлігі, он екі реткі жорығы сол замандағы Жәнібек төңірегіндегі батырлардың аты-жөні жөнінде көп толғаныстар болып келе жатқандығы шындық. Ендеше, осы бес Қыисаның баяндауына жүгінсек, батырдың ерлігі 1. Абылайдың сынауынан өтіп, моладан отын әкелуі, 2. Кеудесіне шыққан жыланның басын қыршып тастауы, 3. Жанына келген аюды бір ақырып өлтіруі, 4. Жол-жөнекей айдағар жыланды үш жерінен түйреп өлтіруі, 5. Денесіне есекжем қаптағанда қасынбай отырып, сауығуы, 6. Қайын жұртына барғанда халық дәстүріне құрмет етуі, 7. Абылайдың атына оқ тиіп жаяу қалғанда, өзінің көк дөненін апарып беріп құтқаруы, 8. Жекпе-жекте садыр батырды жеңуі, 9. Суан батырдың қолын қырғындап басын алуы, 10. Айдарлы қалмақты жекпе-жекте құлатуы, 11. Садырдың қалыңдығы ер мен ердің арасына жік салып, елден ерді бүлдіруін сезіп басын шауып тастауы, 12. Абылайдың қосының белдеуіне байлаған атының қанжығасында қалмақтың қос батырының басы тұрғанын көрген Абылай, оған «ақжолтай батыр» атағын беруі, 13. Абылайдың алдында шешен тылымен тіленшінің бетін қайтаруы, 14. Абылайға үш тілек қойып, елін жинап жауға аттанып, соңында оларға құтты қоныс іздеуі, т.б.
Ал, Жәнібек төңірегіндегі батырларға келсек: 1. Қарекерей Қабанбай, 2. Қанжығалы Бөгенбай, 3. Бағаналы барлыбай, 4. Шұбар тулы жаулыбай, 5. Найманнан батыр Барақ, 6. Сүйіндіктен олжабай, 7. Уақтан бармақ батыр, 8. Керейден шақабай, 9. Ер жабай болса, 10. Науырызбай, 11. Өтеген, 12. Малайсары, 13. Шыңғыр батырлар аталады. Өкінішке орай, ел сауалындағы Жәнібектің он екі реткі жорығы бұл бес Қыисада толық баяндалмаған, бұларды басқа дереккөздері анықтауы мүмкін.
Қорытып айтқанда, қолда бар бес Қыисадан Жәнібек батырдың ерлікке толы еңбегін, ізгілікке толы өмір өрнегін танып жетуге болады. Бәрінен де ел ішіндегі аңыздар мен деректер бұл Қыисаларда да қамтылғанын байқаймыз да, Жәнібек батыр ерліктеріне еріксіз сүйінеміз. Әсіресе, осы бес қыисаның ішіндегі Ақыт Үлімжі ұлы толғаған Қыиса ең ерте жазылған, әрі өте шымыр да толық нұсқасы деуге болады, шынын айтқанда бұл Қыисаның 1916 жылдары жазылғандығы жөнінде деректер бар (бұл өз алдында бір әңгіме), сондықтан бұл күнде ел аузындағы кей деректерге күмәнмен қараушылар тым ерте жазылған осы Қыисаға жүгінумен қатар батырға қатысты ел ішінде кеңінен тараған ерліктерін дәлелдейтін аңыздар мен ұрық-жұрағаттарында сақталған
батырға қатысты заттық мұралар да жетерлік.
Ер Жәнібектің кездігі мен саптаяғы
![]() ![]() |
|||
Ер Жәнібектің туын сақтаған дорба, тұмар және ту ораған бұл
Иә, батыр бабамыздың быйыл үш жүз жылдық мерей тойы да жетіп үлгірді, арада қаншама ғасырлар өтсе де, осы бір жауһардай жарқыраған ауыз әдебиеттеріміз бен құнды мұрағаттар батырдың ерлігі мен ізгілігін тіпті де жарқырата бермек. Қолымыздағы бес қыисаның берері батырдың биік беделі болмақ.
Батыр баба рухы мәңгі өшпейді, топырағың торқа болсын, батыр баба!!!
kerey.kz
Пікір қалдыру