Мәдениет
Асығымыз алшысынан түсті

Астанада «Асық Пати» маусымашары өтті.
«Асық ойнаған азар» деген сөз күшін жойғандай болды, ұмыт болған ұлттық ойынды жаңғыртуды қолға алған Берік Сұлтан ағамыздың бастамасы биылғы жылы да жалғасын тапты.
Сағат 18-00 де Бәйтеректің қасына жиналған Асық ойнаудың шеберлері өз ойындарымен жиналған қауымды тәнті етті. Ойын қорытындыланып, бірінші екінші, үшінші орындар тағайындалды. Ырысбек Дәбей ағамыз жеңімпаздарға өзінің енді ғана жарық көрген кітабын табыстады. Бірінші орын иеленген ойыншының есімі кубокға жазылатын болады, осылай әр апта сайын «Асық Пати» жеңімпазы жаңарып отырады. Бірақ маңыздысы бұл емес, өскелең ұрпақтың санасынан өзіміздің ұлттық спорт түрі асық ойнын өшірмеу, қызығушылықтарын ояту, асық ойнауды қайта жаңғырту деп білеміз. Асық ойнайтын адамның денсаулығы мығым болады, дейді дәрігерлер. Өйткені асық ойнау үлкен физикалық қозғалысты талап етеді. Сондықтан балалардың ой-өрісінің дамуына тигізер пайдасы мен маңызы зор.
«Асық Пати» әр аптаның сенбі күні сағат 18-00 де Бәйтеректің қасында өткізілетін болады. Отбасыларыңызбен барып ұлттық ойнымызды ойнап, білмесеңіз үйренуге мүмкіндік бар!
info-tses.kz
Пікір қалдыру