Нұрекеңе мен өз атымнан Сіздерден көмек сұраймын.
Құрметті достар! Бұдан бұрын, қыстың көзі қырауда Нұрлан Сәдір бауырымыздың үйі өртенгенін хабарлап, елден көмек беруін сұраған едік. Естеріңізде болса, өрт көрші алқаш әйелдің кесірінен болып еді, нәтижесінде Нұрлан Сәдір 5 баласымен, сөздің тура мағынасында далада қалды. Жан-жақтан көмек сұраттық, есепшотқа түскен ақша көлемі шамамен 200 000 теңгедей құрады, қала әкімшілігі 90 000 теңгеге материалдық көмек көрсетті. Біз, Нұрекеңнің бір топ жолдастары бұнымен іс бітпейтінін түсініп, өзара мынадай шешім қабылдаған едік; 1. қыста тұра тұратын үй табу, 2. жазға дейін жер участогін тауып, көп болып жұмылып үй салу. Ол мәселелер ретімен шешіле келді. Оралда көпшілікке белгілі азамат Исатай Утеповтың көмегімен Нұрекең жанұясымен осы кезге дейін уақытша болса да баспаналы. Жер участогі де табылды. Бәрі заңды болсын деп, болашақ үйдің жобалық құжаттарын да әзірлеттік. Алайда, алда күтіп тұрған ең үлке шаруа – үй құрылысын жүргізуге, оған құрылыс материалдары сатып алуға өте көп көлемде қаражат кететіні белгілі. Сондықтан, мен өз атымнан Сіздерден көмек сұраймын. Сіздердің көмектеріңізбен биыл қалайда Нұрекеңе жаңа үй салып беруді, асарлатып қолға алмақпын. Бір айта кетерлігі, осы уақытқа дейін атқарылған аз-маз шаруаға бір тиын қаржы жұмсалған жоқ, барлығы да Оралдық азаматтардың көмегімен тегін жүргізілді, одан басқа, 2 кәсіпкерге үйдің іргетасын және қабырға материалдарын мойындарына жүктеп отырмын. Үй жобасын жасаған “ПроектСройИнжиниринг” ЖШС-нің төрағасы С.С.Кадыров басқалай да көмек қолын созуға уәде берді. Мына есепшот; 6762 0035 1958 1994 Сауле Якияева, Халық банкі, менің заңды некедегі жолдасым Сәуленің атында. Егер Нұрлан Сәдірге және оның отбасына көмек қолын созамын деуші ағайындар болатын болса, Сіздердің тарапыңыздан аударылған әр тиынның есебі туралы- әр ай сайын және құрылыс барысы туралы – әр апта сайын осы ФБ арқылы құлағдар етіп отыратын боламын. Төменде, болашақ үйдің техникалық жобасы:
Абзал Құспаннің facebook парақшасынан алынды





Пікір қалдыру