|  | 

Саясат

Жеңіс күнінің жаңа символдары

Бұрын Совет Одағы құрамында болған елдердің көпшілігі Ресейдің Георгий лентасынан бас тартып, Жеңіс күнінің өз символдарын жасаған. Ол ленталар – көбіне мемлекеттік ту түстес қызыл, күлгін, ашық қызыл не көгілдір.

Қызғалдақ - Украинадағы Жеңіс күні белгісі. (Көрнекі сурет)

Қызғалдақ – Украинадағы Жеңіс күні белгісі. (Көрнекі сурет)

Бұрын СССР құрамында болған мемлекеттер Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күнін әртүрлі деңгейде атап өтпек. Кешегі одақтас республикалардың көбі соңғы кездері Ресейдің әскери агрессиясының, сепаратизм мен соғыс нышанына айналған қара және сарғылт жолақты Георгий лентасынан бас тартып жатыр.

Балтық елдері

Латвия, Литва мен Эстония Жеңіс күнін атап өтуден мүлде бас тартқан. Бұл елдердің ұлттық мерекелерінің ішінде мұндай мейрам жоқ. Дегенмен бұл күнді ел ішінде Батыс Еуропадағыдай мамырдың 8-і атап өтетіндер көп.

Балтық мемлекеттері Ресей империясына, советтік коммунизмге және национал-социализмге қатысты символдардың бәріне тыйым салған. Алайда бұл «қара тізімге» Ресей патшайымы Екінші Екатерина заманында пайда болған Георгий лентасы енгізілмеген. Ресей бұл лентаны тек 2000 жылдан бері жеңістің символы ретінде насихаттай бастады.

Қара-сарғылт жолақты Георгий лентасын тағып жүргені үшін әлі ешкім жазалана қойған жоқ. Дегенмен сепаратизмді қоздырып жібереді деп қорқатындықтан, жұрт оны тағып жүргендерді жақтыра бермейді.

Беларусь

Бұл елдің құбылмалы президенті Александр Лукашенко жақында мемлекет идеологтарына Георгий лентасы орнына жаңа символ ойлап табуды тапсырды. Олар Беларусьтің мемлекеттік туы түстес қызыл-жасыл лентаның үстіне тігілген алма ағашы гүлін жеңіс белгісі ретінде ұсынды.

«Беларусь матасынан тігілген Георгий лентасын тағуға тыйым салмаймыз» деген Лукашенко жаңа символ Жеңіс күніне «ұлттық бірегейлік тұрғысынан жаңа мән-мағына беруі тиіс» деп мәлімдеді. Бұған наразы болған ресейлік блогшылар «әңгіме ұлттық бірегейлік туралы болса, онда бұл ленталарды картоптың түсіне бояу керек еді» деп келемеждеп жатты.

Жаңа символ жұртты жаппай еліктіре қойған жоқ. «Кәсіби мамандарға жүгінудің орнына үкімет тағы сол советтік әдіспен шешім қабылдады. Олар өнердің жаңа бағыттарына сене бермейді. Белорус жазушысы әрі суретшісі Артур Клинов «Дегенмен Георгий ленталарына балама ойлап табудың өзі – жақсылықтың нышаны» дейді.

Молдова

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әртүрлі тараптарды қолдаған Молдова «Жеңіс күні» деген мерекені алып тастаған. Батысшыл депутаттар елге Ресейдің идеологиялық ықпалын азайту үшін қолдан келгеннің бәрін істеді.

Либералдық партия мүшелері, тіпті Георгий лентасын таққаны үшін жеке тұлғаларға 120 доллар, ал ұйымдарға 250 доллар көлемінде айыппұл салуды көздейтін заң жобасын да ұсынды. Іс жүзінде Молдовадан бөлініп кеткен Приднестровье аймағындағы Ресейдің ықпалын көріп отырған депутаттар қара-сарғылт жолақты Георгий лентасын сепаратизмнің, заңсыздық пен хаостың және қасірет символы санайды.

Украина

Украина өткен аптада ғана Екінші дүниежүзілік соғыстың советтік «мұрасынан» бас тартып, «Ұлы Отан соғысы» деген тіркесті алып тастады. Сөйтіп, олар большевизм мен нацизмнің жасаған қылмыстарын тең дәрежеде бағалайтын болды. Бұған қоса, олар Ресейдегі Жеңіс күні белгісі қалампыр гүлінен бас тартып, оның орнына ту түстес көгілдір-сары лентаны және қызғалдақ гүлін ұсынды. Биылдан бастап Украина Еуропадағы дәстүр бойынша Жеңіс күнін мамырдың 8-і атап өтеді.

http://gdb.rferl.org/AB0D82D9-E598-4E65-B800-7F5F8B93B8D2_w640_s.jpg

http://gdb.rferl.org/BCD4B7E0-BF1E-47B7-8777-DB98C0895E85_w640_r1_s_cx0_cy1_cw100.jpg

Орталық Азия

Қазақстан Ресейдің постсоветтік кеңістіктегі интеграциялық жобаларын тұрақты түрде қолдап келеді. Сонысына қарамастан, бұл ел де Жеңіс күнінің ұлттық символын байқатпастан енгізіп жіберді. Георгий лентасы орнына мемлекеттік тудың көгілдір матасына сары түсті өрнек салынған лента жеңіс нышанына айналды.

Қырғызстан да осы дәстүрді қайталады. Жеңіс күніне дайындық барысында Қырғызстан басшылығы елдің үлкен қалаларын мемлекеттік ту түстес қызыл-сары символдармен безендіріп тастады. Ресми тұлғалардың айтуынша, қызыл түс ерлік пен батырлықтың, жеңістің нышаны болса, сары түс – бейбітшілік пен сабырдың белгісі.

Тәжікстанның зиялы қауымы мен жастары барған сайын күшейіп бара жатқан Ресей ықпалына қарсылық ретінде Георгий лентасына наразылық білдірейік деген бейресми ұсыныс жасады.

Өзбекстан болса, Жеңіс күнінің символдарын мемлекеттік туы түстес жасыл бояумен көмкеріп қойған. Ал Орталық Азия елдерінің ішіндегі ең оқшау мемлекет – Түркіменстан марқұм Түркіменбашы мен оның орнын басқан президент Бердімұхаммедовтің құрметіне жеңістің нышаны ретінде ақ түсті таңдаған.

Кавказ

Оңтүстік Кавказ аймағынан Георгий лентасын мүлде ұшырастырмайсыз десе де болады. Әсіресе Грузиядан мүлде көрмейсіз. Армяндар болса, Осман империясы кезінде армяндардың қырғынға ұшырағанының 100 жылдығын атап өтеміз деп, күлгін түсті ботакөз гүлін жеңіс белгісі етіп таңдаған.

 

Ресей және сепаратистік аймақтар

Георгий ленталарын жаппай қолданатын бірден-бір ел – Ресей. Бұған қоса, тәуелсіз мемлекеттерден бөлініп кеткен аймақтарда да ол кеңінен пайдаланылады. Ресейдің Қазан текстиль фабрикасы былтыр сарғыш-қара лентаның төрт мың километрін шығарса, биыл 10 километр лента тікті. Бұл ленталардың көпшілігі Қырым түбегіне, Украинаның шығысындағы сепаратистердің бақылауындағы аймақтарға, Грузияның бөлініп кеткен сепаратистік өлкелері Абхазия мен Оңтүстік Осетияға таратылған.

Материалдың көп болғаны сондай, Ресейдің кейбір лауазымды тұлғалары бұл ленталарды мойындарына шарф қылып орап жүр.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин.

Бір қызығы, Георгий лентасын өндіріп отырған Қазан қаласының өзінде оған деген наразылық күшейген. Сәуірдің 26-сы күні Татар тілі мерекесі барысында Татарстан астанасында жиналған жастар ел арасында республика туы түстес жасыл және қызыл ленталарды таратқан.

Татарлардың кейбірі Георгий лентасын Ресей империясының Қазанды тізе бүктіргенінің белгісі санайды.

 

Ихар Кэрни мен Дейзи Синделардың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.

azattyq.org

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: