«Рэкетир-2» фильмінің бейнекадрлары интернетке шықты
Режиссер Ақан Сатаев түсірген «Рэкетир-2» фильмінің эксклюзивтік бейнекадрлары интернетке шықты. Үзінділерден құралған видеоны желіге кімнің жүктегені белгісіз.
Көптен күткен «Рэкетир-2» фильмнің тұсаукесері 23 мамыр күні көрсетіледі. Ал, көпшіліктің назарына, яғни отандық кинотеатрлардан аталған кинокартинаны мамырдың 28-нен бастап көре аламыз.
Режиссер фильмнің сценариі жұмбақ күйінде ұстауды жөн көріп отыр. Белгілі бір жайт, киноның басты рөлін бірінші бөлімде ойнаған Саят Исембаевтың өзі сомдамақ. Естеріңізде болса, бірінші бөлімінің соңында басты кейіпкерді қылмыскерлер пышақтап кеткен болатын. Дегенмен, бәрі өлдіге санаған Саян дәрігерлердің көмегімен қайта аяққа тұрып, өз дұшпандарымен күресті жалғастыратын болады.
Айта кететін жайт, “Рэкетир-2″ фильмі қыркүйек айынан бастап Қазақстанның бірнеше қаласында түсірілді. Атап айтқанда, Алматы, Қарағанды, Астана және Шымкент.
Фильмнің басты рольдерін Саятпен бірге, Жанна Бажанбаева, Әсел Сағатова сынды танымал актрисалар сомдайды. Сонымен қатар, бұл фильмге отандық актерлар: Аружан Жазылбекова (“Ограбление по-казахски”), Максим Акбаров (“Сказ о розовом зайце”), Азамат Сатыбалды (“Коктейль для звезды”), Аян Өтепберген (“ЖЖаужүрек мың бала”), Дастен Шәкіров және Фархад Әбдірайымовтар түспек.
baq.kz

Пікір қалдыру