14 мамырда ҰЛТ КӨСЕМІ Әлихан Бөкейхан ақталды
1989 жылдың 14 мамырында КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша
, Қазақ Мемлекетінің Тұңғыш Президенті һәм Премьер-Министрі, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан ақталды. Коммунисттік отарлаушы орыс имериясы Қазақ Республикасының президенті Әлихан Бөкейханды 1937 жылы тұтқындағанға дейін 10 жыл бойы Мәскеуде үй қамағында ұстады. ҰЛТ КӨСЕМІН 1937 жылдың 26 шілдесінде Бутырка түрмесіне жабады. НКВД тергеушілерінің айлап жүргізген азапты тергеу-жауап алулары да, «үштіктің» жүйке тоздырар соттық мәжілісі де, егде тартқан жасы да (72 жаста) Әлихан Бөкейханның рухын сындыра алмады. Үкім шығарар алдында берілетін соңғы сөзде өзін кінәлі етіп, жазаға кесетіндеріне күмәні болмаған Әлихан Бөкейхан ешқандай аяушылық сұрамады. КСРО Жоғарғы соты Әскери алқасындағы «үштік» 1937 жылғы 27 қыркүйекте үкім шығарады, Әлихан Бөкейханды «ең жоғарғы қылмыстық жазалау шарасы – ату жазасына» кеседі. Үкім сол күні орындалып, ХХ ғасырдың басында қазақ мемлекетінің ұлт-азаттық қозғалысын ұйымдастырып, басқарған президент, ҰЛТ КӨСЕМІ Әлихан Бөкейхан отарлаушы орыс коммунист жендеттер қолынан опат болады. 52 жыл өткенен кейін ҰЛТ КӨСЕМІН тұтқындап, тергеп, азаптап, атып тастаған отарлаушы орыс коммунисттері, өздері қайта ақтап алады.
1918 жылдың 11 маусым күні президент Ә.Бөкейхан қатаң түрде «Қазақ халқы кеңес өкіметін еш уақытта мойындамаңдар және кеңес өкіметіне бағынбаңдар»,- деп нұсқау берді.
Әнуар Шотбайдың facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру