|  | 

Тұлғалар

Ілияс Жансүгіров. Ақын өмірінің соңы

Ілияс Жансүгіров. Ақын өмірінің соңы
Бүгін «қазақ поэзиясының Құлагері» деп мойындалған ақын, тамаша прозик, драматург, сатирик, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің туған күні.

Бүгін «қазақ поэзиясының Құлагері» деп мойындалған, ақын, тамаша прозик, драматург, сатирик, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің туған күні. Қазақ Сәкен мен Ілияс, Бейімбет үшеуін «Үш бәйтерек» деп бөле-жармай, тұтас атаған, төбесіне көтерген. Солай дей тұрғанмен, Алаш, ақтаңдақтарын айқын ашып, бірінен бірін кеш қалдырмай, бірінен бірін ерте оздырмай, таразы басын тең ұстағанда бұл үштіктің төрт тарабы түгенделер ме еді!

Өкініштісі сол, Сәкен туралы сөз айту арқылы қызғаныш туғызбаймыз, алайды шындыққа тура қарасақ, Бейімбет пен Ілиясты зерттеп-зерделеу ісінде кемшіндік барын ғалымдар да айтып жүр. Тіпті бәрін қойғанда да Ілиястың өмірі мен шығармашылығының сан-саласын қамтыған, барлық жағынан зерттеген монографиялық еңбек мынау деп көрсете қоятындай дүние тапшы, жоқтың қасы.

Алайда осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында кейінгі кезде ғалым, зерттеуші Мұратбек Иманғазинов ілиястану ғылымына үлкен ізденістер жасап, айтулы тұлға шығармашылығының туған ұлтымен жаңаша танысуына зор еңбек сіңіріп жүргенін мойындау керек. Біздің ілгерідегі ойымыз туралы да ғалым: «Ілияс замандастары ішінде «тонның ішкі бауындай» болып кеткен тағдырлас Сәкен Сейфуллиннің өмірі жөнінде кітап филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Кәкішевтің авторлығымен «Тамаша адамдар өмірі» сериясы бойынша Мәскеуден 1984 жылы кітап болып шықты, Кейін қазақ тілінде жарық көрді. Бейімбет Майлиннің «Тамаша адамдар өмірінен» сериясы бойынша 90-жылдардың басында өзіміздің жерлесіміз, филология ғылымының кандидаты, әдебиетші-ғалым Тоқтар Бейісқұловтың авторлығымен жарық көрді. Ал, Ілиястың өміріне қатысты бұл сериямен кітап шықпақ түгілі ғұмырнамалық (автобиографиялық) фактілері нақты анықталып болмаған. Бұл, әрине, өкінішті жайт», – деп қынжыла баяндайды.

91fc1d1377d3a64dfcd8065233d536e4.jpg

Дей тұрғанмен, Ілиястың өмірі мен шығармашылық лабороториясының ауқымдылығы, кеңдігіне байланысты әрі алдағы 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай тағдырлы тұлғаның өмірінің бізге мәлім де беймәлім соңғы сәттеріне көз жүгіртсек дейміз.

Ақынның соңғы кезде қалай және қайде жерде ұсталғанын, оны ұстап әкеткен адамдар жайлы оның ұлы Саят Жансүгіров «Азаттық» радиосының тілшісі, жас жазушы Өміржан Әбдіхалықұлына берген сұхбатында былай дейді: «Әкем ол уақытта Жазушылар одағын (1937) басқарған. Қазақтың салтымен жаз шыға таудың бөктерінде киіз үй тігіп, сонда дем алады екен. Сол жақтан ұстап әкеткен. Қаладағы үйін тінтіп, құжаттарын, шығармаларын алып кеткен. Кейбір шығармаларының қайда екені әлі күнге белгісіз». Бұдан ары, ақын шығармаларын тінтіп, жинап, арбаға салып әкетіп бара жатқанында Сапарғали Бегалиннің «Құлагер» поэмасын алып қалғанын, кейін оны Ф. Ғабитоваға тапсырғанын айтады.

e5f57dd3cfb854019d7ca8061a8e2745.jpg

Ілиястың өмірінің ақырғыкезіне дәлел бола алатын екі құжат бар: олар – Ілиястың қайтыс болғандығы мен атылу мерзімі көрсетілген анықтама қағаз. Бұл құжаттар Талдықорғандағы, ақынатындағы музей экспонаттары қатарында тұр. Ресми құжаттардың біріншісі «1947 жылы 19 көкекте қайтыс болғандығы», оны Алматы қаласының №2 бөлімшесінің Халық соты 29 мамыр 1957 жылы берген. Алайда осындай тағыбір анықтама қағазды 1961 жылы 22 наурыз күні берген. Екіншісі: 1957 жылы 12 сәуірде Совет Одағының жоғарғы соты әскери коллегиясы анықтама берген қағазында «Ілияс Жансүгіровтің 1938 жылы 26 ақпан күні атылғандығын» растайды.

Міне, осындай екі түрлі анықтамадан кейін ақынның туыстары, ұрпақтары қайсысына сенерін білмей, әрі-сәрі күйге түскен. Әкелерінің қай жерде жерленгенін біле алмай, дал болған балалары бұл жайды анықтау үшін бірақ әуре-сарсаңға түсуге тура келеді. Бұл жағдайды ұрпақтарымен сөйлесіп, барлық жайға қанық ғалым М. Иманғазинов: «Сол тұста «Мира-83» үйде тұратын Ілиястың отбасына бір белгісіз адам келіп (қазан айы 1955 жыл): «Мен қамаудан жуырда босадым, Сібірде әкелеріңмен бірге болдым. Көп ұзамай аман-есен босап келеді. Мені сол кісі жіберіп еді», – деп дүрліктірді. Әлгі адамды жақсы қарсы алып, дәмді, жылы-жұмсақ тағамды алдына тосады. Қаражаттың жоғына қарамастан, ол адамға киім-кешек әпереді. Сөйтіп, әлгі адамның асты-үстіне түсіп, бәйек болып қалады. Бір күні Хоппижамал (Ф. Ғабитованың шешесінің сіңлісі) төрде тұрған Ілияс пен Біләлдің суретін көрсетіп, «қайсысымен қамауда болып едің» дегенде, әлгі бейбақ Біләлдің суретін көрсетеді. Содан ол адамға сенімсіздік туып, оны Фатимаға айтқанда, Фатима Хоппижамалға ұрысады. Сол күннен бастап белгісіз адам көрінбей кетеді. Екі-үш ай өткенде әлгі адамды көшеде көрген Фатима бас салып ұстап үстіндегі Болаттың пальтосын шешіп алып қалады», – деп баяндайды.

Зерттеуші ғалым бұдан кейінгі ізденістерде, ақын ұрпақтары, замандастары мен архив құжаттарының негізіндегі деректердегі ала-құлалыққа, сан тарау жауаптарға кезігіп, қайран қалғанын жазады. Ілиястың бертінге дейін өмір сүріп келгені туралы шындыққабергісіз оқиғалар кім-кімді-де тебірентпей қоймас еді. Айталық, Сәкен мен Мағжанның айналасындағы әңгімелерде осындай бір халықтың сағынышынан, аңсауынан, ғажайып ұлдарынан көз жазып қалмауын қатты тілейтін тілеуден туғанындай. Сәкен мен Мағжанды, Міржақып пен Ахметті қалай іздесе, Ілиясты да солай іздеді. Өліміне де сенбеді. Осылай «Ілиясты соғыстан кейін көрдік. Ол кісімен Сібірде жолыққанымызда көзі соқыр болып қалыпты, тіпті ауылына келіпті, соны сезген НКВД қызметкерлері байлап-матап қайтадан алып кетіпті» деген қауесеттер әлі-де өрттей лаулап, қу шөптей қаулап жүре берер ме еді?!

53bddc0ee285141397abcdc4b3320b36.jpg

Осы кезде Қазақстан үкіметін басқарған Л. Мирзоянның Сталинге жолдаған құпия хаты жарияланып, көпшіліктің талқысына түсті. 1937 жылдың 2 желтоқсанында «аса құпия» деген таңбамен жолданғанхатта «қоғамға жат элементтерді тазалау үшін» 1600 адамды атуға лимит сұрағаны – тарихтың бетіне жазылған, мәңгілікке таңбаланған қара дақ. Қазақ халқы мұны «Мырзажан» дер еркелетіп, төбеге көтеріп, бір қаласына есіміне беріп, ұлық тұтып жүрсе, мұның іздегені, істегені – ешкім ешқашан ақтай алмайтын жауыздық, қаны сорғалап тұрған зұлымдық. Сол хаттан кейін 1938 жылдың ішінде қазақ интеллигенцияның ірі қаймақтары атылып, сотталған. Жүсiпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Бейiмбет Майлин, Темiрбек Жүргенов, Әлiбек Қоңыратбаев, Смағұл Садуақасов, Ахмет Бiрiмжанов, Нығмет Нұрмақов, Сұлтанбек Қожанов, Нәзiр Төреқұлов, Ыдырыс Мұстамбаев, Бiләл Сүлеев, Мырзағазы Есболов, Абдолла Асылбеков, Әбдiрахман Айсарин, Сейiтқали Меңдешев, Жалау Мыңбаев, Халел Ғаббасов, т.б. Бұл топтың бел ортасында Ілияс Жансүгіров те бар. Ілияс Жансүгіровтің 1938 жылы ақпанның 26 күні қаза болғаны нақты дерек ретінде ескеруіміз керек. Егер де атың өшкір (расында да қазіргі кезде берілген көшелер Мирзоян есімі алыну үрдісі жүріп жатыр) зымиянның хаты болмағанда тарих таразы басқаша төңкеріліп, ұлт зиялыларының жер бетінде алшаңдап жүруі әбден мүмкін еді. Сондықтан жоғарыда келтірілген екі құжаттың біріне, яғни «1957 жылы 12 көкекте Совет Одағының Жоғарғы Соты әскери коллегиясы берген анықтама қағазы Ілияс Жансүгіровтің 1938 жылы 26 ақпан айында қаза болғандығын» растайтын деректі нақты деп қабылдаймыз да, екінші анықтама қағазының күмәнді болуына байланысты ғалым М. Иманғазиновтың зерттеулеріне ден қоямыз.

8faec98fe3b45bf45989a73ae30d4228.jpg

1937 жылы 5 тамыз күні жікшілдер мен шаш алдесе, бас алатын қаныпезерлердің кесірінен қамауға алынып, 1938 жылы 26, ақпан күні ату жазасына бұйырылады.

Тек 1957 жылы 12 көкекте жазықсыз жазаға ұшырап, республикада отызыншы жылдары орын алған зорлық-зомбылықтың, социалистік заңдылықты бұзудың құрбаны болған аса көрнекті қазақ ақыны, жазушы, журналист Ілияс Жансүгіров толықтай, ақталып, туған халқымен қауышады.

4447094832d2995254db4756ce707c2f.jpg
«Ал жерленген жері: Алматының шығыс жағында орналасқан Талғар ауданының «Жаңалық» ауылы. 2500 адам жерленген жер біршама үлкен екен. Міне, кеш болса да, ақынсүйегінің қайда жатқандығы анықталды», – дейді ілиястанушы ғалым М. Иманғазинов.

Заңғар КӘРІМХАН

e-history.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: