|  | 

Жаһан жаңалықтары

Ислам мемлекеті” содырлары Иракта 500 адамды өлтірді

sirya1

“Ислам мемлекеті” радикал лаңкестер тобының содырлары Иракта 503 адамды өлтірді, – деп хабарлайды РИА Новости Erem News ақпарат порталына сілтеме жасап.

“Ислам мемлекеті” содырлары жұма күні Рамади қаласының үлкен әрі маңызды бөлігін басып алып, 503 адамды өлтірді. Қаза болғандардың жартысы – әйелдер мен балалар”, – деді провинция басшысының орынбасары Әл-Анбар Фалех Әл-Исави. Ол армия, полиция және халық жасақтары қатысатын ірі әскери операцияның басталғанын да мәлімдеді.

Бүгінге дейін одақтас қарулы күштердің алдындағы мақсат – қала орталығындағы үкіметтік ғимараттар кешенін қайтарып алу. Жергілікті билік өкілінің айтуынша, құрлық әскерлерін Ирак жаяу әскеріне лаңкестерге соққы жасау арқылы жол ашып берген халықаралық коалицияның ұшақтары қолдады.

Орталық барлау басқармасының мәліметінше құрамында 30 мыңға жуық содыры бар “Ислам мемлекеті” басып алынған Ирак пен Сирия территориясында “халифат” жариялап, шекарасын кеңейтуге тырысып жатыр. “Ислам мемлекеті” ұйымымен ұрысқа түсетін бірыңғай майдан жоқ: бұл топпен Сирия мен Ирактың үкімет әскері, АҚШ бастап отырған халықаралық коалиция (әзірше тек әуеден соққы жасаумен шектеліп отыр), сонымен қатар, Ирак және Сирия күрдтері. Қарулы қақтығыстардың салдарынан бірнеше мың бейбіт тұрғын қырылды, жүздеген мыңы босқын болып, тағы бірнеше мыңы аталған содырлар тобының кепілдігінде қалып отыр.

tengrinews.kz

Related Articles

  • Джо Байден Ақ үйден кетер алдындағы сөзінде сыртқы саясат жайлы айтты

    Джо Байден Ақ үйден кетер алдындағы сөзінде сыртқы саясат жайлы айтты

    АҚШ президенті Джо Байден Мемлекеттік департаментте сөйлеп тұр. Вашингтон, 13 қаңтар, 2025 жыл. АҚШ президенті Джо Байден Ақ үйдегі қызмет мерзімі аяқталар алдындағы соңғы сөзінде сыртқы саясат жайына тоқталып, Ресей президенті Владимир Путинді мысқылдады. “Путин Украинаға басып кіргенде Киевті бірнеше күнде аламын деп ойлады. Ал іс жүзінде соғыс басталғаннан кейін Киевтің орталығында ол емес, мен тұрдым. Ол жерде Путин болған жоқ”, – деді АҚШ мемлекеттік департаментінде сөйлеген Джо Байден. Мен америкалық әскердің бақылауынан тыс жердегі соғыс аймағына сапармен барған жалғыз Жоғарғы бас қолбасшымын”, – деп сөзіне қосты АҚШ президенті. Байден сөзінде Украинаға көбірек назар бұрды. Айтуынша, ол ресейлік басқыншылықтан қорғанған Украинаға халықаралық қолдау ұйымдастыруды және ядролық жанжалға жол бермеуді өзіне

  • Украина Курск облысында қайта шабуылға шықты. Не болып жатыр?

    Украина Курск облысында қайта шабуылға шықты. Не болып жатыр?

    Руслан МЕДЕЛБЕК Курск облысында “кетіп бара жатқан” Украина колоннасы. 5 қаңтар 2025 жыл.  Украина әскері 5 қаңтарда Ресейдің Курск облысында жаңа шабуылға шықты. Бұл туралы Украина шенеуніктері мен Ресейдің z-блогерлері жазып жатыр. Қазір Курск облысындағы ахуал қандай? Украина неге Курск облысында қайта шабуылға шықты?  КУРСК ОБЛЫСЫНДА ҚАЗІРГІ АХУАЛ Украина кеңсесінің басшысы Андрей Ермак 6 қаңтарда “Курск облысынан жақсы жаңалық, Ресей сазайын тартып жатыр” деп жазды. Ал Украина ұлттық қауіпсіздік қызметінің жалған ақпаратпен күрес орталығының жетекшісі Андрей Коваленко Курск облысында бірнеше бағытта шабуыл жүріп жатқанын айтты. Z-каналдардың жазуынша, қазір шайқас Пушкарное, Леонидово және Тёткино ауылында жүріп жатыр. Бұл ауылдар Украинаның бақылауындағы Суджа қаласына жақын орналасқан. Кремльшіл блогерлер Курск облысында кетіп бара

  • “Сириядан айырылу Ресейге ауыр соққы болды”. Асад режимінің құлауының салдары қандай?

    “Сириядан айырылу Ресейге ауыр соққы болды”. Асад режимінің құлауының салдары қандай?

    Майкл СКОЛЛОН Фруд БЕЖАН Исламшылдар басқарған көтерілісшілер 8 желтоқсанда Дамаскіні басып алғанын мәлімдеді. Президент Башар Асадтың қашып кеткені белігі болды. Жарты ғасыр билік құрған Баас партиясының дәурені аяқталды. Владимир Путин Ресейді қайтадан әлемдік державаға айналдыруға осыдан ширек ғасыр бұрын, постсоветтік мемлекетте билік басына келген соң кіріскен. 15 жылдан кейін Мәскеу Сириядағы азамат соғысына араласатынын мәлімдеді. Осылайша Ресей әлемдік деңгейде өзгелер онымен санасуға тиіс күш екенін көрсетпек болды. Мәскеу осынау имиджін өзін Батысқа балама күш ретінде көрсетіп, Таяу Шығысқа және одан тысқары аймақтарға ықпалын кеңейту үшін қолданды. 2024 жылғы 8 желтоқсанда осы кезге дейін Мәскеудің Таяу Шығыстағы негізгі одақтасы болып келген Башар Асадтың режимінің құлауы ұлы держава болуды көксеген Ресейге ауыр

  • АҚШ сенаты Украинаға қаржылай көмек қарастырылған заң жобасын мақұлдады

    АҚШ сенаты Украинаға қаржылай көмек қарастырылған заң жобасын мақұлдады

    АҚШ конгресі.  АҚШ сенаты 13 ақпанда Украина, Израиль және Тайваньға 95 млрд доллар болатын қаржылай көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады. Сенатта демократтар басым орынға ие. Енді заң жобасын Республикалық партия басым Өкілдер палатасы қарайды. Өкілдер палатасында жобаның заң статусын алуға мүмкіндігі аз деген болжам да айталады. Президент-демократ Джо Байден біраз уақыттан бері екі палатаны Украина мен АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аумағындағы серіктестеріне көмек беруді жылдамдатуға шақырып келеді. Украина билігі басты одақтасы АҚШ-тан қолдау азайған тұста қару-жарақ жетпей жатқанын бірнеше рет мәлімдеген. Украина президенті Владимир Зеленский бүгін, 13 ақпанда АҚШ сенатының бұл заң жобасын мақұлдағанына алғыс айтты. Құжатта Киевке 61 млр доллар беру қарастырылған. “Американың көмегі Украинаға бейбіт өмірді жақындастырып, әлемдік

  • АҚШ сенаты Украина мен Израильге көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады

    АҚШ сенаты Украина мен Израильге көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады

    Азат Еуропа / Азаттық радиосы АҚШ сенаты Украина мен Израильге 118 миллиард доллар қосымша қаржы көмегін беру туралы екі партия ұсынған заң жобасын және АҚШ-тың оңтүстік шекарасын нығайту туралы заң жобасын мақұлдады. Былтыр қазан айынан бері жалғасып келе жатқан “ұлттық қауіпсіздікке байланысты қосымша қаржыландыру туралы” дауға нүкте қоятын компромистік мәтін АҚШ сенатының сайтына шыққан. Заң жобасы бойынша, сенаторлар 60 миллиард долларды Украинаны қолдауға, 14 миллиардты Израильге көмекке, 20 миллиардтан астам долларды АҚШ-тың Мексикамен шекарасын қауіпсіздендіруге, шамамен бес миллиардты АҚШ-тың Тынық мұхит аймағындағы серіктерін қаржыландыруға, екі жарым миллиардқа жуық долларды “Қызыл теңіздегі” операцияны қолдауға, тағы да сондай қаржыны АҚШ-тың Орталық қолбасшылығына бөлуді жоспарлаған. АҚШ президенті Джо Байден конгресстен Украина, Израиль және Тайваньға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: