|  | 

Саясат

Назарбаев: Бүгінгі таңда доллар әлі де қолданыстағы негізгі әлемдік валюта, ал АҚШ әлемдегі экономикасы ірі ел болып саналады.

Елбасы «Россия 24» телеарнасының жүргізушісі Эвелина Закамскаяға сұхбат берді-деп хабарлайды Ақорда баспа сөз қызметі.

 

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті елде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар, ел экономикасын дамытудың негізгі бағыттары, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ынтымақтастығының келешегі, жаһандық экономика дамуының маңызды жайттары туралы, сондай-ақ шетел мемлекеттерімен өзара іс-қимылды нығайтуға қатысты сұрақтарға жауап берді.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Астана экономикалық форумында негізгі мәселелердің бірі болған инфрақұрылымдық даму құрлықтың орталығында орналасқан және теңізге тікелей шығатын жолы жоқ Қазақстанның экономикасы үшін маңызды мәнге ие екеніне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміз әрі қарай өсу үшін жаңа бағыт қажет болатын белгілі бір даму деңгейіне жеткенін атап айтты.

– Осы тұрғыдан алғанда, инфрақұрылымды жаңғырту дегеніміз жол құрылысын ғана емес, мультипликативті әсер тудыруды да білдіреді: Кәсіпорындар тапсырыспен қамтамасыз етіледі, жаңа елді мекендер пайда болады, азаматтар жұмысқа және табыс көзіне ие болады, бюджетке түсім түседі. Бұл Қазақстанның экономикалық өсімін сақтауға мүмкіндік береді деп сенеміз, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті республикамыз көрші елдердің – Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясының әлеуетін белсенді түрде пайдаланатынын атап өтті. Мәселен, Қазақстан өз аумағында автокөлік және темір жол бағыттарын ашу арқылы Жібек жолы экономикалық белдеуінің конфигурациясына іс жүзінде қосылды.

Мемлекет басшысы Жібек жолының экономикалық белдеуі жаңа көлік бағыттары бойында іскерлік белсенділікті дамыту ісін  қарастыратынын еске салды. Осыған байланысты Азиялық инфрақұрылымдық даму банкі Қазақстан, Ресей және бүкіл Еуразиялық экономикалық одақ үшін зор мүмкіндіктер ұсынады.

Нұрсұлтан Назарбаев экономикадағы қытай ықпалының артуына байланысты қауіптенуді «фантомдық үрей» деп атады. Ол Қазақстанның бүгінде ҚХР-мен бірқатар кәсіпорынның құрылысын салу туралы шарт жасау қарсаңында тұрғанын айтты. Қазақстан Президенті Ресейдің Қытаймен бірлесіп мұнай-газ саласында, коммуникация құрылысында ірі жобаларды жүзеге асыруы Ресей экономикасына Азия өңірін қатыстыруға мүмкіндік беретінін, мұның да әрі қарай даму үшін оң серпінге ие болып отырғанына тоқталды.

Қазақстан Президенті батыс елдері мен Ресей арасындағы өзара санкциялар саясат пен экономиканың араласып кетуінің нәтижесі екеніне назар аударды. Бұл жағдайдан Ресей ғана емес, өзге елдер де зардап шегіп отырғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Украина төңірегіндегі ахуалды шешу үшін қажетті барлық күш-жігерін жұмсап отырғанын айтты.

– Менен араағайындық етуді өтінгенде уақытты да, күшімді де аямаймын, кездесулер өткізіп, тараптарды келіссөздерге шақырамын. Бұл жағдайда ел басшылары кездесе отырып, ымыраласу арқылы ортақ тіл таба алады. Шешілмейтін мәселе көріп тұрғаным жоқ. Мен қазір ресейлік те, украиналық та тараптың мәселені шешіп, пайда болған қарама-қайшылық түйінін тарқататын кезең жеткенін байқап отырмын. Мұның тезірек болғаны керек, еуропалық көшбасшылар да осыны қалайды. Қазіргі уақыт осындай қадам үшін қолайлы, – деді Қазақстан Президенті.

Қазіргі қаржы жүйесіндегі қиындықтар туралы айтқан Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық валюта архитектурасының ескіргенін атап өтті.

Мемлекет басшысы әлемдік резервтік валютаның бір эмитентке ғана тәуелділігі  өзге мемлекеттер үшін қатерлі екеніне тоқталды. Қазіргі кезде Латын Америкасы, араб әлемі өздерінің өңірлік валютасын енгізу жөнінде айтуда, бұдан доллардың ықпалын азайтуға ұмтылыс аңғарылып отыр. Сонымен бірге, бүгінгі таңда доллар әлі де қолданыстағы негізгі әлемдік валюта, ал АҚШ әлемдегі экономикасы ірі ел болып саналады.

Осыған байланысты Қазақстан Президенті Астана экономикалық форумы сияқты халықаралық басқосулар әлемдік институттар мен халықаралық ұйымдардың қаржы мәселелері бойынша ортақ тіл табуы үшін жағдай жасайтынын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев елде жүзеге асырылатын маңызды жоба – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне, оның базасында «Астана» қаржы орталығы құрылатынына назар аударды. Жаңа орталықтың қатысушылары үшін ағылшын тілін қолданатын британдық құқық қағидаттарына негізделген сот жүйесін қамтитын ерекше жағдайлар жасалатын болады.

Мемлекет басшысы отандық білім беру ісіндегі үштілділік туралы айта келіп, келешекте Қазақстан мектептің жоғары сыныптары мен университеттерде жаратылыстану ғылымдарын оқытуды ағылшын тілінде жүргізуге көшу ниетінде екенін атап өтті. Жалпы алғанда, білім саласында қабылданып жатқан шаралар Астанадағы қаржы орталығының жұмысына тартылуы мүмкін ағылшын тілінде сөйлейтін жастар қатарын қалыптастыруы тиіс.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті елдің бұдан әрі дамуы үшін бес институционалдық реформаның маңыздылығын, оны нақты әрі жүйелі түрде жүзеге асыру үшін Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылғанын  айтты.

Мемлекет басшысы бес институционалдық реформа аясында ұсынылған өзгерістер халық тарапынан кеңінен қолдау тапқанын, оны өткен президенттік сайлау қорытындысы көрсеткенін атап өтті.

 

Related Articles

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: