Айдай Исаева “Қазақстан аруы” атағын сатып алмағанын айтты
“Қазақстан аруы-2013″ байқауының жеңімпазы Айдай Исаева gonzo.kzтілшісіне берген сұхбатында елде тараған сыбыстарға бола ақталып отырмайтынын жеткізді.
“Қазақстан аруы” байқауында ақша беріп, жеңімпаз атануға болады деген сыбысқа қатысты арудың өз айтары бар екен.
“Сыбыс тарап жүргенін білемін. Ақталып отыратын жайым жоқ. Бұл менің сұлулық байқауларына 10-шы рет қатысуым. Студентпін және болашақ дәрігер ретінде арым таза екенін айтқым келеді. Тіл тигізетідерге мен де сұрақ қойғым келеді. Сіздер байқауда төреші болған сол кездегі Қазақфильм басшысы Ермек Аманшаев, дизайнер Құралай Нұрқаділова, Максим Акбаров, Тимур Куватов, Александр Орлов, Айгүл Мүкей, Совет Сейітов, Қарлығаш Мұхамеджанова, Нұрлан Әлімжанов және тележүргізуші Серік Ақышев пен Алена Ривлина туралы не ойлайсыздар? Олар мені ақшаға бола таңдады ма? Мұндай сыйлы төрешілер сатылады деп ойламаймын! Олар еліміздің патриоттары. Олар үшін Халықаралық сұлулық байқауында Қазақстаннан лайықты үміткер ұсыну ақшадан маңыздырақ. Бұл төрешілер ақшаға зәру деп ойласыздар ма?”, – деп сыбыс таратушыларға сұрақтарын жаудырды Исаева.
Қазақстан аруы сұхбат барысында болашаққа жоспарымен бөлісті.
“Алдағы уақытта кем дегенде 4 баланың анасы атанғым келеді. Кәсіпкерлік ортада өз бизнесімді ашуды да ойлап жүрмін”, – деп ағынан жарылды ару.
Еске салсақ, “Әлем аруы-2014″ байқауының қатысушысы Айдай Исаева жақында Мақсат есімді жігітке тұрмысқа шыққан болатын.
nur.kz
Пікір қалдыру