|  |  | 

Тарих Тұлғалар

Шын мәнісінде Шыңғыс хан тарихы – ең алдымен түрік халықтарының тарихы болатын.

Shingishan1“Шыңғыс хан турасында жаңа тарих заманы – соңғы үш ғасырда Батыс пен Шығыста жазылған шығармалардың ұзын саны ұшы-қиырсыз. Неміс, ағылшын, орыс, қытай, жапон тілдеріндегі, жинақтап келгенде, әрқилы деңгейдегі қаншама роман өз алдына. Әлбетте, тарихи роман – тарихтың өзі емес, көркемделген сұлбасы. Тұлға да, заман да мүлде басқа бір кейіпте көрінуі мүмкін. Әйтсе де, өз тұсындағы тарихи ұғым, әлеуметтік танымнан ұзап кете алмайды. Бұл тұрғыдан алғанда, әлем әдебиетінде Шыңғыс ханның ақиқат, шынайы бейнесі жасалған жоқ дер едік. Ал тарихи зерттеу сыпаты өзгеше. Ғылым атаулы өз тақырыбын нақты мағлұмат, деректі болмыс негізінде қалыптауға тиіс. Бірақ тарих ғылымы да күні бүгінге дейін идеологиялық тұрғыдан, ұлттық, нәсілдік көзқарастан ұзап шыға алмай келеді, бұл сөз әсіресе өктем Батыс оқымыстыларының еңбектеріне қатысты. Шыңғыс хан турасындағы, бізге көпшілігі нақты мәлім, кейбірінің жөн-жосығы, енді біразының негізгі сұлбасы белгілі арнайы монографиялардың өзінің қарасыны мол, ондап саналады, ал жекелеген мәселелер төңірегіндегі зерттеу мақалалар қисапсыз көп. Тек екі ғасыр шегі, соңғы жылдарда ғана қаншама жаңа кітап жазылыпты, өткендегі көптеген еңбектер қайыра басылып, халықаралық тілдерге аударылып, кеңінен таралыпты. Ұлттың байырғы тарихына айрықша мән беріп отырған бурят пен татар – Улан-Удэ, Қазанда әлденеше мәрте өткерілген ғылыми конференциялардың жария жинақтары бір төбе.Сырттай қарағанда, әлемдік тарихнамада Шыңғыс хан тақырыбы толымды, жан-жақты қарастырылған сияқты. Бұл ретте соңғы кезең жетістігін атап айту керек. Еуропа ғылымы, ең аяғы нешеме ғасыр бойы қырын тартып келе жатқан орыстардың өзі оңға бұрыла бастағандай. 1995 жылы Бүкіләлемдік ақпарат орталығы һәм Америкада шығатын әйгілі “Вашингтон пост” басылымы сараптау, сауалдама негізінде Шыңғыс ханды екінші мың жылдықтың ең басты тұлғасы деп жариялағаны белгілі. Түйіндеп айтқанда, ұлы қағанның атақ-даңқы дабылдап тұр. Қазіргі қалыпты, жалпы түсінік: бұл Шыңғыс хан деген – анау айтқандай, жабайы мақұлық емес екен, ақымақ, топас, жауыз қанішер емес екен, көлеңкелі, келеңсіз сыпаттары болса, ол – замана таңбасы; шын мәнісінде парасатты, дана кісі, ұлы қолбасы, ғажайып саясаткер, адамзат тарихында өзгеше орны бар, айтулы, бірегей қайраткер… Бұл төтенше байламның көптеген тармақтары сонау ХVІІІ ғасырдың өзінде мағлұм болған. Бүгінгі жаңалық – жаппай күстана, тұрпайы жаладан арылу бағдары ғана. Десе де, ең озық ойлы, байыпты деген зерттеулердің өзінен тар өріс пен түсінбестік аңдалмай тұрмайды. Өйткені, Шыңғыс ханға қатысты бұрынғы-соңғы, үлкенді-кішілі еңбектердің барлығы да жат жұрт өкілдері тарабынан жазылған. Бұл ретте бауырлас моңғол оқымыстылары басқаша көзқарас танытады, бірақ пайымды зерттеулерінің өзі біржақты, бәрі біздікі, бәрі моңғол деген тұрғыда. Ал түрік қауымы әлі күнге пәтуалы сөзін айтпапты. Орыс-совет шеңгелінде болған біздің бұрынғы ахуал түсінікті десек, басы бұла анадолы түріктерінің бұл тақырыпты мүлде қарастырмауы – таң қаларлық жағдай. Шын мәнісінде Шыңғыс хан тарихы – ең алдымен түрік халықтарының тарихы болатын. Оның ішінде ежелгі қазақ тарихының ең толымды кезеңдерінің бірі. Осы орайда, біздің негізгі, көркем проза саласындағы бар шаруамызды доғарып қойып, ұлғайған жасымызға қарамай, тым ауқымды әрі айрықша ауыр жұмыс – Шыңғыс хан тарабына бет бұруымыз түсінікті болса керек”.

М. Мағауин

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: