Бурабай қаласында өтiп жатқан ТМД Үкiмет басшыларының кеңесiнде ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзiнiң сайлауалды тұғырнамасында айтылған бес институционалдық реформаға тоқталып, оның аясында парламент пен үкiметке берілетін билiктiң үлесін арттыру керек екенiн мәлiмдедi.
«Бес институционалдық реформаның бесiншiсiн – қоғамды демкоратизациялау деп атауға болар едi, бiрақ, бұл сөз маған ұнамайды. Бiз ендi әрқайсысымыздың өз демократизациямыз бар екенiн түсiнемiз. Демократизациялау бойынша адам көргiсi келмейтiн iстер жасалуы мүмкiн. Ал бiздiң демократиямыз мемлекеттi халықтың алдында есеп беретiндей ету дегендi бiлдiредi. Бiздiң iстерiмiз ашық болуы керек. Егер бұл мемлекеттiк құпия болмаса, онда үкiметтiң шешiмдерi мен ақпараттар азаматтар үшiн қолжетiмдi болуы керек», – деді президент.
P.S. Конституция бойынша ҚР президенті өз билігін үкіметпен және парламентпен бөлісе ала ма? Атазаңымызға жүгінейік:
Қазақстан Республикасы – президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.
Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Билiктi иемденiп кетушiлiк заң бойынша қудаланады.
Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар. Республика Үкiметi мен өзге де мемлекеттiк органдар мемлекет атынан оларға берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ғана билiк жүргiзедi.
III бөлім
ПРЕЗИДЕНТ
40-бап
Қазақстан Республикасының Президентi – мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
Республиканың Президентi – халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
Abai.kz
Пікір қалдыру