|  | 

Саясат

Алаш арыстарының арманы…



10176042_1425607607691378_7655351630227640104_n

Өткен ғасырдың басында қазақ даласында мемлекетшілдік ұраны оянды. Сан ғасырға жалғасқан отаршылдық бұғаудан босанудың қам-қарекеттері басталды. Осы баянды істің басында қазақ оқығандары тұрды. Олар сол дәуірдің ең озық дәрісханаларында білім алды. Атап айтқанда: Қазан университетін бітірген Ахмет Бірімжанов, Мұхамеджан Қарабаев, Садық Аманжолов, Иса Қашқынбаев, Шафқат Бекмұхамедовтер, Петербург университетінің түлектері: Бақытжан Қаратаев, Бақыткерей Құлманов, Барлыбек Сыртанов, Жаһанша Сейдалин, Айдархан Тұрлыбаев, Жанша Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Жақып Ақбаев, Райымжан Мәрсеков, Санжар Асфендиаров, Халел Досмұхамедовтер еді. Осылардың барлығы «Алаш» туы астында бірікті.
Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі болшевиктер ұсынған кеңестік даму бағытымен қатар дүниеге келді. Сондықтан да Ресейдің байырғы отарлау саясатын ұстанған коммунистермен «бір қазанға» бастары сыйған жоқ. Тарихшы Мәмбет Қойгелдиев Алаш арыстары басшылыққа алған ұлттық даму бағыты жайында: «… олар қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды эволюциялық жолмен, басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі жетілдіре түсуді көздеді. Ең негізгісі, бұл жол қазақ еліне өзін-өзі билеуге, сөйтіп өзінің ішкі қоғамдық мәселелерін өзі шешуге, өз атамекеніне өзі ие болуға мүмкіндік беретін жол еді» – деп жазады.

alash aristari
Сол сияқты Алаш партиясының қатарына қандай адамдар қабылданады деген пікірге байланысты «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 253-інші санында: «Партияның программасын жақтырып, жөн көрген программадағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі кіреді. «Алаш» бағытынан таймайтын, өтірік айтпайтын, жақындық туысқа бүйрегі бұрмайтын, дүниеге қызығып сатылмайтын, шыншыл, әділ, тура кісі осы партияға кіреді. Сыртын берсе іші басқа, тілін берсе жүрегі басқа болатын, ауырлық келсе бұлт беретін қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі мүшелікке қабылданбайды» деп, нақпа-нақ көрсеткен.
1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін қазақ зиялылары кейбір нормалық қағидаттардың толымсыздығына қарамай жеке мемлекет құрудың, автономиялы республика орнатудың қажеттігін толық түсінді. Осы жолда қандай қиындыққа тап болса да қажымай еңбек етті. Мұндай мүмкіндік ғасырда бір туатынын бағамдай алды. Олар қазақ халқының аузын аққа жеткізіп, басына бұғауланған бодандық ноқтасын сыпырып тастау өздеріне берілген міндет деп ұғынды. Әлихан Бөкейхановтың: «Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпеген де болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар» дегенін, бүгін біздер көрегендік демей не дейміз. Сол сияқты Алаштың тағы бір ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың тергеушіге айтқан мына сөзіне қараңыз: «… Менің идеалым қазақ халқының тұрмыс жағдайын, мәдениетін мүмкін болғанша көтеру, ал мұның өзі игілікті дамудың алғышарттары болғандықтан мен осы мұратты қандай билік қамтамасыз етсе соған ризамын» – депті.
Осы Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің шаңырағы астына біріккен ұлт зиялылары шын мәнінде қазақ ұлтының тарихында қайталанбас тұлғалар еді. Бірақ заманның қилы-қилы өзгеруіне орай олар небір қиын күндерді бастан кешірді. Ақыры бәрі дерлік атылып тынды. Шақит кетті. Дәл осы адамдардай қазақ халқына адал һәм есепсіз қызмет ететін ұрпақтың шоғыры туар яки тумас.
«Жақсының хаты өлмейді» дегендей Алаш мұралары біздің ұлттық қазынамызға айналды. Тағы да Ахаң айтқандай: «Адамдықтың егінін шаштым, ектім, Көңілін көтеруге құл халықтың…». Дәл осында айтылғандай Алаш идеясы, мұрасы, еңбектері, өсиеттері құл халықтың көзін ашпаққа керек.

Alash orda
Тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев өзінің көп жылғы зерттеу нысанасына Алаш көсемдерінің әрекетін саяси және тарихи тұрғыдан қарастырып келген ғалым. Осы кісінің айтқанына қарағанда Алаш идеясына топтасқан ұлтшыл зиялыларды Кеңес билігі қатаң бақылаудың астында ұстағаны соншалық ОГПУ бір жылда 4 дүркін Сталинге есеп беріп отырған. 1922 жылы Әлихан Бөкейхановты Мәскеуге алып барып, ешқайда шығармай ұстаған. Жөнді жұмыста бермеген. Сол кезде ел астанасы Қызылордаға жиналған қазақ зиялылары Әлекеңе ортасынан қаржы жинап жіберіп тұрған. Біз бұдан не ұғамыз?. Біріншіден, Алаш жолында басын бәйгеге тіккен арыстардың азаттық жолында құрбандықтан қорықпағанын көреміз. Екіншіден, Кеңес билігіне қызмет етіп жүрген ұлт зиялылары да Алаш арыстарына бүйрегі бұрып тұрған секілді.
Осы орайда, «Алаш арыстарының күрес жолындағы мақсаты не?» деген заңды сұрақ туады. Олар әуелі, ұлттын отаршылықтан босатып, орта ғасырлық мешеуліктен құтқармақ болды. Мысалы: Ахмет Байтұрсыновтың, мешеу, мәдениетті төмен жұрт аңқау, ақ көңіл, алданғыш, сенгіш келеді, деп айтуында үлкен мән жатыр.
Екінші сұрақ: Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі ұсынған ұлттық идеяның негізгі ұстанымдары қандай болды?. 1. Олар таптық бөлінуді (бай, кедей, орташа) қолдамаған. 2. Жерді сатуға қарсы болған. 3. Жердің асты мен үстіндегі байлық қазақтың төл меншігі деген. 4. Бір тоқтының жүнінен бір жапырақ бұл тоқылатын болса, ол алдымен қазақтың үстінен табылсын! 5. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын!. 6. Мемлекет құруда ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып дамыған Жапония елінің тәжірибесі қолданылсын!
Міне бұл ұстанымдар осыдан 90 жыл бұрын Алаш арыстарының бағдары болған. Бұл бағдар арман күйінде қалды. Қазіргі тәуелсіз еліміздің мемлекеттік идеясының іргетасы осылай болуы керек сияқты.
Үшінші сұрақ: Егер Алашорда үкіметі орнап, Алаш идеясы іске асқан жағдайда қазақ халқы үшін қандай игілік болуы мүмкін?. Тағы да ғалымдардың пікіріне сүйенсек: 1921-22 жылдары аштықтан 1 млн. 758 мың қазақ қырылып қалмас еді (осы дерек әлі айтылмай келеді). 1931-32 жылдардағы аштық болмас еді. Қазақ ұлттының рухы дәл осылай құлдырамас еді. Қазіргі дүбәрә тілді трикомедиялық жағдай қалыптаспаған болар еді.

Абзал Сақтанның facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: