|  | 

Жаңалықтар

Астанада Қазақстанда жаппай қырып жоятын қаруды құрту бойынша халықаралық семинар ашылды

Ү.ж. 1 маусымда Астанада «Нанн-Лугар бағдарламасының сындарлы ауызша тарихы» жобасы аясында «Жаһандық қауіпсіздікке қауіп-қатерлерді азайту: Қазақстан тағылымы» атты халықаралық семинар өз жұмысын бастады.

Аталған жоба 1990-шы жылдардың басында АҚШ сенаторлары Сэм Нанн мен Ричард Лугар бастамашы болған Қауіп-қатерлерді бірлесіп төмендету (CTR – ҚБТ) бағдарламасына қатысты құжаттар мен мәліметтерді, оған қатысқан сарапшылардың ауызша естеліктерін жинақтауды және жүйелендіруді көздейді. Бағдарлама КСРО мен АҚШ арасында Шабуыл жасаушы стратегиялық қаруларды жою туралы Шарттың қағидаттарын іске асыруда Кеңес одағының мұрагерлері атанған Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украинаға нақты жәрдемдесуді көздейді.

Семинарға қатысушылар арасында Нанн-Лугар бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысқан 30-ға жуық Қазақстан, Ресей және АҚШ-тың дипломаттары, әскерилері, ғалымдары мен сарапшылары бар.

Семинардың ашылуында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.К. Тоқаев сөйледі. Өз сөзінде ол Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың жаппай қырып жоятын қарудан ерікті түрде бас тарту жөніндегі тарихи шешімін  іске асыруға Нанн-Лугар бағдарламасының шеңберіндегі Қазақстан, Ресей және АҚШ арасындағы үшжақты ынтымақтастықтың үлкен маңыздылығын атап өтті.

«Ядролық мұрадан бас тарту стратегиялық тұрғыдан жалғыз дұрыс шешім болды, себебі ол елімізге әлемдік қауымдастықта лайықты орын алуға мүмкіндік беріп, 190 миллиард доллар инвестицияларды тарту арқылы экономикада табысты реформаларды жүзеге асыруға жағдай жасап, ақырына келгенде қауіпсіздігімізді қамтамасыз етті. Оған қоса, Қазақстан ядролық қарусыздануға қол жеткізу мақсатында басқа мемлекеттерден де батыл қадамдар жасауды талап етуге моральдық және саяси құқыққа ие болды», – деп атап өтті осы тұрғыда Сенат Төрағасы.

Өз кезегінде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ә. Ыдырысов «Нанн-Лугар бағдарламасының сындарлы ауызша тарихы» бағдарламасы Қазақстанның ядролық және басқа да жаппай қырып жоятын қаруды таратпау саласындағы бастамаларын ілгерілету бойынша бас серіктестері болып табылатын АҚШ және Ресейдің мемлекеттік органдары мен сарапшылар қоғамдастықтарымен үйлесімде жүзеге асырылып отырғанын ерекше атап көрсетті.

Сыртқы істер министрінің пікірінше, «жобаның мақсаты жаппай қырып жоятын қаруларды таратпау қағидаттарына негізделген және аталған қарудың қолданысымен қақтығыс қауіпін төмендетуді көздейтін келешектегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін осы күрделі саладағы ынтымақтастықтан тағылым алу болып табылады».

ҚР Энергетика министрі В.С. Школьник сөйлеген сөзінде тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап Президент Н. Назарбаев жаппай қырып жоятын қаруды өндіру және сақтау инфрақұрылымын жоюда Ресеймен және АҚШ–пен серіктестігімізге өз беріктігімізді нақты көрсете білгенін айтты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жаппай қырып жоятын қаруды таратпау қағидаттарын жүзеге асыру бойынша нақты ынтымақтастықты жалғастырып жатқанын ерекше атап өтті.

Семинардың ашылуында АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің жаппай қырып жою қаруларын қолданумен терроризмге қарсы күрес жөніндегі бас директоры Лора Холгейт және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің ядролық арсеналдың қауіпсіздігін сақтауға жауапты 12-ші Бас басқармасының бұрынғы бастығы, отставкадағы генерал-полковник Евгений Маслин сөз сөйледі. Л. Холгейт Н. Назарбаевтың тарихи шешімдерін, соның ішінде Қазақстанның әлемдік қауіпсіздікті сақтаудағы үлесін ерекше атап өтіп, Қазақстанның бұл үлесі бүгінгі күннің өзінде өзектілігін жоғалтпағанын айтты. Е. Маслин 1980 жылдардың соңы мен 1990 жылдардың басындағы кезеңді еске түсіріп, Қазақстан Президентінің батыл қадамдарын атап өтті: «Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды деп естідім. Егер осындай жағдай болып жатса, бұл шешім үшін мен бірінші болып өз дауысымды беремін».

Іс-шара барысында Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшісі Михаил Бочарников және Америка Құрама Штаттарының Елшісі Джордж Крол сөз сөйледі. Олар өз мемлекеттерінің осы тақырыптағы түбегейлі айқындамаларын және іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Астана және Курчатов қалаларында өтетін төрт күндік семинарды ұйымдастырғандар арасында ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, Джордж Вашингтон атындағы университет жанындағы «Ұлттық қауіпсіздік мұрағаты» ғылыми-зерттеу ұйымы бар. Қолдау көрсеткендер: «Казатомпром» Ұлттық атом компаниясы, Ұлттық ядролық орталық және Нью-Йорктегі Карнеги атындағы корпорация.

Семинардың жұмыс кездесулері БАҚ өкілдері үшін жабық түрде өтеді. Бағдарлама шеңберінде ү.ж. 3 маусымда семинарға қатысушылардың Курчатов қаласына баруы көзделген.

Семинардың қорытындысымен жарияланатын материалдар халықаралық қатынастар тарихының осы парағы жөніндегі ғылыми мәлімет көлемін ұлғайтады деп жоспарланған.

БАҚ өкілдері ү.ж. 4 маусымда сағат 12.00-де іс-шараның қорытындысы бойынша ҚР СІМ ғимаратында өтетін пресс-конференцияға шақырылады.

Іс-шараға қатысу үшін БАҚ өкілдері ҚР СІМ баспасөз қызметіне келесі нөмір бойынша хабарласа алады: +7 (7172) 72-01-47.

Related Articles

  • ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСЫ

      Халқымыздың жұлдыздық туралы білімдері арабтың «Жұлдызнамасының» мазмұнынан парықты. «Жұлдызнама» араб елінде ислам дінінен бұрын жазылған болжам кітап. «Жұлдызнамада» аспандағы жұлдыздар мен адам саны тең. Бір нәресте туылғанда аспанда бір жұлдыз пайда болмақ. Пайда болған жұлдыз сол балаға тәуелді болып, мейлі кәртейіп, мейлі туыла салып өлсін сол адам өлгенде ағып түспек. Сондықтан тірі адамзат пен көктегі жұлдыз саны тең. Жұлдыздардың күндіз көрінбеуі – жердегі адамдардың сорын жасырып, сездіргісі келмегендігі. Түнде көріну бағың жанады, деміңді ал, деп адам пендесіне дем бергендігі. Адамзат жұлдыздардың бөлініп орналасуына сай орналасқан. Біз орта жұлдыздағы адамдармыз, сондықтан белбеуімізді белуардан буынамыз. Жер асты жұлдыздарындағы адамдар белбеуін балтырынан буынбақ. Түс көру сол пенденің көретін көргілігінен аруақтардың, жындардың адамдарға

  • Мәскеу биржасы санкцияға ілінді. Теңге мен Қазақстан биржасына қалай әсер етеді?

    Хадиша АҚАЕВА Қазақстандық қор биржасы иелерінің бірі – Мәскеу биржасы Ресейдің әскери агрессиясы салдарынан АҚШ санкциясына ілікті. Бұл Қазақстандағы қор және валюта нарығы мен теңге бағамына қалай әсер етеді? АҚШ осы айда Ресейдегі ірі биржа холдингіне санкция салды. Американың қаржы министрлігі Мәскеу биржа арқылы әскери мақсатқа капитал тартқан, Ресей азаматтары мен “дос мемлекеттер” “Ростех”, “Вертолеты России” сияқты қорғаныс кәсіпорындарының құнды қағаздарын сатып алып, инвестиция құйған деп есептейді. Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға да әсер етеді. Өйткені Астана Ресей экономикасы басымдыққа ие Еуразия экономика одағына мүше. Мәскеу – Астананың негізгі сауда серіктестерінің бірі. РУБЛЬ ЮАНЬҒА ТӘУЕЛДІ. ТЕҢГЕНІҢ ЖАЙЫ НЕ БОЛАДЫ? Мәскеу биржасы санкцияға ілінгеннен кейін доллар және еуромен сауда жасауды тоқтатты. Қазір

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды

    Алматы көшелерінде тұрған адамдар. 24 қаңтар 2024 жыл. 23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда қатты жер сілкінді. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырымда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,7. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі – 5 балл, Шымкентте 2 балл болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев адам шығыны мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспегенін мәлімдеді. ТЖД халықты лифт қолданбауға, тез арада үйлерінен шығып, қауіпсіз аймақ табуға, газ, су және жарықты сөндіруге шақырды. Ведомство халықты сабыр сақтауға үндеді. Ал сағат 00:44-те Алматыда жүр дүмпуі қайталанғаны, екінші жер сілкінісі шамамен 2-3 балл болғаны

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: