|  | 

Тұлғалар

ДИХАН ҚАМЗАБЕКҰЛЫ: БӨКЕЙХАНОВ МАСОН ЛОЖАСЫНА КІРГЕН

Alyhan Bokeyhan

 

- Дихан Қамзабекұлы, Сізді көпшілік Алаштанушы ғалым ретінде таниды. Бұл тақырыпты зерттеуді 1988 жылдан бастапсыз. Алаш атауын айтуға тиым салған кезде, бұл тақырыпқа қалай келдіңіз? 

- Барлығымызға белгілі, сексенінші жылдардың соңында КСРО-дағы «қайта құру» мен «жариялылық» саясатының арқасында көптеген ғалымдар Алаш тақырыбына бой ұрды. Сексенінші жылдардың соңында студентпіз, алғашқы ізденісіміз мұрағаттардағы Алаш тақырыбындағы материалдарды оқып, талдау бағытында жүрді. Алғаш «Владимир мен Зара» дейтін Клер Клермонт деген француз тілді ғалымның еңбегімен танысуым ХХ ғасырдағы көркем аудармаларға байланысты ізденістерім, біздің әдебиет тарихындағы ақтаңдардың мол екендігін көрсетті. Нәтижесінде ХХ ғасырдың басындағы әдебиетіміздегі ақтаңдақтарды ашып зерттеуді мақсат тұттым. Қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Ғылым академиясының жас ғалымдары үшін Алаш тақырыбы күн тәртібінде тұрды. Естеріңізде болса, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов туралы алғашқы мақалалардың жиі жарық көре бастағаны сол кездер еді. Бірақ ол кезде М.Дулатов, Ә.Бөкейханов жартылай жабық тақырып ретінде көрінді. А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов пен Шәкәрім ашық түрде айтыла бастады.

Біз 1990 жылы Ғылым академиясына қызметке келген кезде, зиялылардың барлық мұраларын жинақтауға қызу кірісіп кеттік те, кейінгі ғылыми зерттеу жұмысымыздың барлығы түгелге дерлік Алашқа қатысты болды. 1988 жылғы зерттеуім балаң түрдегі: «Шоқан, Ыбырай, Абайдан кейінгі Сәкен, Бейімбеттен басқа қазақ зиялылары қайда, әдебиетімізде басқа кімдер болды?» деген сұраққа өзімізше жауап іздегеніміз секілді еді. Екіншіден 1986-1987 жылдары Мәскеудің өзінде жазықсыз жазаланған тұлғаларды ақтау үрдісі жүріп жатты. Оның дүмпуі бізге 1988-1989 жылдары келіп жетті. Кеңес Одағы болғандықтан бәрі өзара тығыз байланыста болды. Қазіргідей, ақпараттың кең дамымаған, интернеттің болмаған кезі болса да, газет пен журналдардан, ақ бәрін біліп отырдық. Ол кездері әскери тарих пен түрлі музейлер, жазаланған тұлғалар тарихына байланысты жекелеген деректер жарық көріп жататын. Соны оқып отырып, біздің зиялыларымыздың осындай еңбектері қайда, олардың тағдыры не болды деген сұрақтар жанымды мазалай берді де, ақыры сол сұрақтар мені Алаш тарихын зерттеуіме алып келді.

- Шоқан, Ыбырайлардан кейін, ақтаңдақтар бар деп қалдыңыз. Астанада Алаш қайраткерлерінің бірі болған Қошке Кемеңгерұлы атындағы көше бар. Бірақ бұл кісіні көп адам біле бермейді. Бұл кісі кім және осы секілді есімі көпке белгісіз болып жүрген Алаш арыстары жайлы айта кетсеңіз? 

- Алаш арыстарынан ә дегенде, халыққа: Шәкәрім, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтар кеңінен насихатталды. Алғашқы бес тұлғадан кейінгі басқа да қайраткерлерімізді халық білмей қалды. Олай болуына түрлі себептер бар. Біріншіден, насихат аздау болды сосын көбісінің еңбектері мектеп бағдарламасына ене қойған жоқ. Алаш зиялыларының санына келетін болсақ, саяси белсенділік танытып, баспасөзде жазып жүргендерінің саны кемінде жүзден асқан. Саясатта белсенділік танытқандарының саны үш жүзден асып жығылған.

Алаш зиялыларының санына келетін болсақ, саяси белсенділік танытып, баспасөзде жазып жүргендерінің саны кемінде жүзден асқан. 

Саяси белсенділік танытқандарының саны үш жүзден асып жығылған.  Мысалы, Сіз айтып кеткен Қошке Кемеңгерұлы, баспасөз бен саясатта қатар белсенді болған. 1896 жылы Омбыда дүниеге келген. Жастай өз бетімен оқып жетілген. Омбыдағы негізгі оқу орындарының бәрінде білім алған. Фельдшерлік мектепте, ауылшаруашылық училишесінде білім алып Сібір академиясында оқыған. Өзін-өзі тәрбиелеп, алғаш рет Қазақ тарихының оқулығын жазған. Бұл еңбегін 1921 жылдары бастап, 1924 Мәскеуде аяқтап, сонда баспа жарық көрген. Содан кейінгі еңбегі «Бұрынғы езілген ұлттар» деп аталады. Патша өкіметі тұсындағы қаналған 36 ұлттың тарихы мен тағдырына шолу жасаған. Тағы бір тарихи еңбегі еліміздегі тұңғыш театр сахнасында қойылған, «Алтын сақина» пьесасын жазып, оны театр сахнасында қойған.

- «Еңлік-Кебек» емес пе? 

- Жоқ, «Еңлік-Кебек емес. Көпшілікті шатастыратын жәйт. Нақтылайп айтар болсам, 1926 жылы 13 қаңтарда Қызылордада «Алтын сақина» пьесасы қойылған. Ресми түрде афишасы шығып, артынша мақалалар жазылған. Тарихымызда мұның бәрі қаттаулы тұр. Артынша Қошкелер атылып кеткен соң, Совет өкіметі мұның бәрін жоққа шығарған.

Еліміздегі тұңғыш театр сахнасында қойылған, «Алтын сақина» пьесасын жазып, оны театр сахнасында қойған Қошке Кемеңгерұлы. 

Тағы бір айта кетер жайт, ол 1925 жылы баспадан шыққан қазақша-орысша сөздіктің редакциясын да басқарған Қошке болған. Еуропалықтарға арнап, қазақтар жайлы екі томдық кітап та жазған. «Казахский язык для европейцев» деп аталған. «Грамматика казахского языка» деп аталатын еңбек жазған Архангельский деген ғалым, «бұл еңбегімді Қ.Кемеңгерұлы лекцияларының негізінде» жаздым деп айтып кеткен.Өз заманының үлкен әдебиет қайраткері әрі сыншысы. 1924 жылы Омбыдан Ташкентке қоныс аударады. М.Әуезов екеуі Орта Азия университетінде оқып жүргенінде айдалып кетеді. Кейін үш-төрт жылдай Воронежде айдауда болып, Омбыға қайта келіп, жұмыс істеп жүрген жерінде қайтадан сотталып, 1937 жылы жазықсыз атылып кеткен.

Үш томдық еңбегін құрастырдық. Оның ішінде әңгімелері, пьесалары, аудармалары, оқу кітаптары барлығы енді.

Астана қаласында ономастика мәселесі қиын жағдайда жүріп жатқан кезде, қаланың шет жағындағы бір көше атауы тиді бірақ көше атауының жаманы жоқ. Жаңылмасам қаладағы № 49 мектептің атын сұраған, мораторийге байланысты бұл жұмыс тоқтап тұр.

Мысалы, есімі көпшілікке белгісіз Қайреддин Болғанбай деген Алаш зиялысы өткен. Астана маңындағы Қорғалжың елді мекенінің тумасы. Ақмола өңірінен шыққан Алаш қайраткерлері аз да емес көп те емес. Бұл солардың бірі әрі бірегейі болған. Қайреддиннің ерекше қасиеті, ел мен қазақтың бірлігі деген мәселелерді шығармашылығында көп көтерген. Заманында қажылыққа барған Әбдірахман Әбіш дейтін көзі ашық адамның ұрпағы. Орынбордағы медреседе білім алған. «Қазақ» газетіне мақала жазып А.Байтұрсыновтармен араласқан. Ол кезде атақты байлар, балаларын оқыту үшін жаз айларында медресе шәкірттерін елдеріне алдыратын дәстүр болған. Қызылордадағы Шиелі жеріне атақты Әлібек, Әуелбек Қоңыратбаевдардың ағасы Қалжанның шақыртуымен келіп, ауыл балаларына сабақ берген. Ал, екі, ағайындылар кейін керемет классик ғалымдарға айналды. Қызылордадан кеткен соң, Мұстафа Шоқайдың қасынан табылып, «Бірлік туы» газетін шығарады. Оның редакторы да болады. Түркістан автономиясы Ташкентте жариялануы керек болғанымен, Қоқанда жарияланады. Автономияның бүкіл трагедиясын осы кісі қағазға түсіріп кеткен. Кейін ол жақтан қайтып, Түркістанда ірілі-ұсақты қызмет етеді. Білім саласына да еңбек сіңіреді. 1930 жылдары бір айдалып келіп, кейін 1937 жылы атылып кетеді.

Осындай тұлғаны Қорғалжыңда жеткілікті түрде бағаламай отыр. Көше аты әрең берілді. Мектеп атын беру 2007 жылдан бері әлі созылып келеді. Қорғалжыңда Мұстафа Шоқайды фашист дейтіндер бар екен. «Фашисттің жанында жүрген адам, оған мектеп атауын қалай береміз» деп, мәселе көтерген адамдар да болыпты. Мына заманда оны айтып отырудың өзі ұят нәрсе.

Мұстафа Шоқай әлемдік дәрежедегі қайраткер

Ал енді Қайреддин Болғанбай 1934 жылы түрмеде жатқан еңбегі Стамбулда жарық көреді. Кейін Түркияға кеткен Зәки Уәлиди еңбектерінде әрдайым Қайриддин жайлы айтып отырған. Басмашылар қозғалысы болды ғой, соны басмашылар деп айтамыз негізі ол большевизмге қарсы Орта Азиядағы күрес болды. Сол оқиғаға Мағжан, Мұхтар, Қайреддиндер келіссөз жүргізуге барды деп Уәлиди естеліктерінде бірнеше рет жазған.

 - Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қабырғасынан «Алаш» Ғылыми зерттеу институтын аштыңыздар. Өзіңіз бір уақыттарда оны басқардыңыз. Институт аясында қандай жұмыстар атқардыңыз және бүгінгі таңда бұл институт қандай тірліктер тындыруда? 

- 2007 жылы Алаш үкіметіне 90 жыл толды. Жұмыстың белсенділігін арттыру керек болды. Сосын осы институт ашылды. Мақсаты, Ақмола өңірінде практикалық шаралар атқарып, кездесулер ұйымдастыру қажет болды. Иә, мен бұл институтты басқардым, менен кейін-де бірнеше ғалымдар институт тізгінін қолдарына алды.

Институт аясында Қошке Кемеңгерұлы мен Смағұл Сәдуақасұлының үш томдығын құрастырдық. Садуақас Ғылмани мен Қайреддин Болғанбайдың бір томдық еңбектерін жарыққа шығардық. 2011 жылы Смағұл Сәдуақасұлының сүйегінің күлін, Мәскеудегі Дон зиратынан Астанаға әкеліп жерледік. Мұсылманшылықпен қарасақ, топырақтан жаралған жан иесі топыраққа жерленуі керек. 1991 жылы көтерілген мәселе араға 20 жыл салып өз мақсатына жетті. Сабыр Қасымов дейтін, ағамыз Мәскеу қаласы үкіметімен келісуінің нәтижесінде бірінші Қарамолаға жерледік. Қазақтарда Қарамола деп уақытша жерлеуді айтады. Кейіннен барып Астана қаласындағы «Жастар» шағын ауданындағы Кенесары сарбаздары жерленген молаға жерлеп, шамамыз келгенше басына белгі орнаттық. Осындай азаматымызға құрметімізді осылайша көрсеттік. Бір қызығы, Мәскеудегі Дон зираты атеистік зират болғанмен бертін келе христиандық зират болып өзгереді. Смағұл, ағамыздың сүйегінің күлі тұрған жерге крест ілініп, христиандық дәстүрлер атқарылып отырған. Сол үшін дін өкілдерінің кеңесін алдық. Осылайша бірнеше жылғы еңбегіміз өз жемісін берді. Бұл біздің ұрпаққа аманат ретінде қалдырар мұраларымызға қаншалықты дайын емес екенімізді-де көрсетті. Біз біраз нәрседен дайын емес екенбіз. Көбісі абдырап қалды. Бірақ араға жылдар салып, мақсатымызға жеттік.

Алаш зиялыларының мұрасын зерттейтін институт әлі күнге өз жұмысын жасап келеді. Әлихан Бөкейхановтың бірден-бір жүйелі зерттеушісі Сұлтан Хан, Аққұлұлы деген ғалым бүгінде басқарып отыр. Ол қазір Әлиханның он алты томдық шығармалар жинағын даярлаумен отыр. Оның тоғыз томы жарық көріп үлгерді. Әлихан Бөкейханов энциколопедиясын дайындап, жүз жылдыққа байланысты кешенді жұмыстарды әзірлеу үстінде.

2016 жылғы ЮНЕСКОның белгілі тұлғалар тізіміне Әлихан Бөкейханов есімі енді. Бұл да біздің үлкен жеңісіміз. Қызықты дерек айта кетейін, соңғы он жылда балаларға Әлихан есімі көп беріліпті.

2016 жылғы ЮНЕСКОның белгілі тұлғалар тізіміне Әлихан Бөкейханов есімі енеді. 

- Әңгімеміздің соңы, Әлихан Бөкейхановқа ойысып кетті. Ол кісі заманында масон болған деген деректер шықты. Осыға не айтасыз? 

- Жасыратыны жоқ, ол масон ложасына кірген. Сұлтан Хан, Ақұлұлының зерттеу еңбегі-де жарық көрді. Біз не дейміз, түрлі пікірлер мен қайшылықты ойлар бар. Менің ойымша ол сол кездегі саны алты миллионға жеткен қазақ халқын жойылып кету мен жұтылып кетуден сақтау үшін масон ложасының әлемдік саясаттағы беделін пайдаланып, қазаққа теңдік әперуді көздеген. Әлиханның әрбір әрекеті мен мақаласы осы сөзіме дәлел.

- Деректі фильмдерге сценарий жазып жүрсіз, Алашқа байланысты ойыңызда жүрген сценарий бар ма? 

- Деректі фильм түсіруші Халиолла Омаровқа Смағұл Сәдуақасов туралы фильм жасайық деген ұсыныс айттым. Ол қарсы емес, бірақ мәселе қаржы мәселесіне келіп тіреліп тұр. Қазір жастардың көбісі пессимистік, немқұрайлылыққа бейім болып кетті. Жастардың рухын осындай тұлғалардың өмірін көрсете отырып көтерсек деген ойым бар.

- Елімізде драматургия саласы кенжелеуде. Пьеса жазып, сахнадан көрсету ойыңызда бар ма? 

— Дұрыс айтасыз, Алашқа қатысты дүниелер драма жанрында жарық көрмеген. Бірақ әртүрлі идеялар бар. Естеріңізде болса, жақында Алаштың бұрын белгісіз болып келген мұрасын таптық. Мұхтызар Титықовтың «Мұрат үшін майдан» деген пьесасы табылды. Ерекшелігі күллі Алаш қайраткерлері мұнда кейіпкер. Өкініштісі бірнеше парағы ғана сақталған. Мұны табуға Айдын Рысбекұлы деген азамат себепкер болды. Ал, Өтен Ахмет соавтор ретінде пьесаны басынан бастап жазып шықты. Драматург емеспін бірақ оларғақыл-кеңес беруге әрқашан даярмын. Болат Ұзақовқа «Алтын Сақинаны» қайта қоюға ұсыныс беріп жүрмін.

Мұхтызар Титықовтың «Мұрат үшін майдан» деген пьесасы табылды. Ерекшелігі күллі Алаш қайраткерлері мұнда кейіпкер. 

 - Соңғы сауалым, Алаштың мына бір тұсын зерттесем, қайта қарасам дейтін ойыңызда жүрген жоспарлар бар ма? 

- Әрине бар. 1922–27 жылдары Алаш зиялылары Мәскеуде тұрып жұмыс істеген. Смағұл Сәдуақасов 1928 жылы Мәскеуге барып, 1933 жылға дейін тұрды. Алаштың Мәскеудегі сол қиын да күрделі кездерін зерттеу мен үшін күн тәртібінде тұр. Бұл кезеңге қатысты кітаптар өте аз. Өте бір күрестің кезеңі болған шақтар ғой.

Біз аз зиялының өзін бөлуге даярмыз. Сәкен Сейфуллин мен Тұрар Рысқұлов большевиктік бағытта болды, Әлихандар Алаш бағытында қалғанымен саясатқа араласқан жоқ. Бірақ соның өзінде Тұрар мен Сәкеннің өздері қызмет еткен биліктің трагедияға алып келгенін сезінгендерін жеткізетін деректербар. Сол деректерді жарыққа шығарсам деймін. Олар бірыңғай большевиктің бағытта болды дегенге-де сенуге болмайды.

Тұрар Рысқұлов Жаһанша Досмұхамедов пен бажа болған. Сондай, ақ, Тұрар атақты Мұхамеджан Тынышпаевқа Түрксіб темір жолының жауапты учаскесін сеніп тапсырған. Әлихан Бөкейхановқа барып, ақылдасып отырған. Тұрар Рысқұлов Жаһанша Досмұхамедов пен бажа болған. Сондай, ақ, Тұрар атақты Мұхамеджан Тынышпаевқа Түрксіб темір жолының жауапты учаскесін сеніп тапсырған. Әлихан Бөкейхановқа барып, ақылдасып отырған.

Қаске Өтекин деген кісі деректерінде: «Сәкенді біз жылауық комиссар деп айтатынбыз. Себебі елге барып келген сайын еңкілдеп жылайтын. Халықтың жағдайын көріп іші ашитын» деп жазған. Адамның санасының екіге жарылуы, жеке басының трагедиясы деген осы емес пе? Анау большевик, мынау Алашшыл деп жазатын авторлар да бар. Есесіне біз зиялыларымыздың арасынан байланыс іздеуіміз керек. Бар қазақ бір қазақ дегендей, олардың қиын жағдайлардағы қарым-қатынастарын жаңа форматта түсіндіре алуымыз керек. Әйтепесе онсызда аз қазақты бөліп бөлшектегеннен біз ештеңе ұтпаймыз. Менің осы тақырыптардыы зерттеп, елге ой тастап көпшілік назарына жеткізсем деген ниетім бар.

Сұхбаттасқан Олжас БЕРКІНБАЕВ
© e-history.kz

(Түпнұсқадағы тақырып: Дихан Қамзабекұлы ф.ғ.д., профессор: «Алаш тақырыбында ақтаңдақтар көп»)

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Microsoft компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Билл Гейтс өзінің байлығын қайда жұмсайтынын ресми мәлімдеді. Кәсіпкер Африка елдеріндегі денсаулық сақтау, білім беру және кедейлікпен күрес салаларына шамамен 200 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. «Жуырда мен өз байлығымды 20 жылдың ішінде толықтай тарату жөнінде шешім қабылдадым. Қаражаттың басым бөлігі осы жерде, Африкада, түрлі мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталады», – деді Билл Гейтс өзінің қорымен бірлескен баспасөз мәслихатында. Басты басымдықтар: – инфекциялық аурулармен күрес (соның ішінде безгек, туберкулез, ВИЧ); – ана мен бала денсаулығын жақсарту; – ауылдық аудандардағы білім беру сапасын арттыру; – таза ауызсу мен санитария инфрақұрылымын дамыту; Билл Гейтс: «Бұл – қайырымдылық емес, бұл – инвестиция.

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: