|  | 

Жаңалықтар

Өзбектің шекарашысы қазақты атып өлтірді деген суыт хабар түсті

orta azya

ӨЗБЕК ОҒЫНА ҰШҚАН ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕТІ БАЛАСЫ ЖЕТІМ ҚАЛДЫ

28 маусым күні,  кешкі 9 жарым шамасында қазақ-өзбек шекарасында Қазақстан азаматына оқ атылды. Шекара маңында балық аулап жүрген 37 жастағы Уәлихан Ахметовты көрші мемлекеттің шекарашылары автоматтан оқ жаудырып, өлім құштырды.  Бұны өзбек шекарашылары «балықшылар шекараны кесті» деп түсіндіреді.

Марқұммен бірге балық аулауға барған, оқиға орнынан тірі қалған куәгер, марқұмның досы Жеңісбек Бекешов өзбек шекарасы тарабына өтпегендерін айтады. Оқиға куәгері өзбек шекарашылары оларды қараңғыда байқап, жарық түсіргенде жағалауға қарай жүзгендерін, осы сәтте он шақты автоматтың оқ жауғанын жеткізді. Ахметовтің досы алғашқыда досының өліп кеткенін білмей жағалауға алып шыққан.

Телеарналардың хабарлауынша, Оңтүстік өңірдің шекара шенділері осы істің анығын тексеруге кірісіп кетті. Ал, марқұмның егіле жылаған анасы Дәнегүл оқ атқандарға жаза сұрауда.

Әзірге Өзбекстан жағы ресми түрде  оқ ату дерегін мойындаған. Олар шекара асқандарға тосқауыл ретінде оқ аттық деп ақталады. Ал қазақстандық шекара қызметінің баспасөз орталығы балық аулаған жер рұқсат етілген аймаққа кіреді дейді. Марқұмның артында 7 бала жетім қалды.

“Енді Өзбекстан жағымен кездесу болды. Өзбекстан жағының айтуына қарағанда, бұлар шекарадан өтіп кеткен дейді. Ал тірі қалған жігіттің сөзінше, ол Өзбекстан жағында болмаған. Қазақстан шекара сызығымен балық аулаған”, – дейді  ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметінің жетекшісі Мұхтар Анарбек.

Естеріңізде болса, бұл екі ел шекарасындағы алғашқы кісі өлім оқиғасы емес. 2002-2006 жылдар арасында 10 оқиға тіркеліп, алты азамат жарақат алып, бір адам өлген. Мысалы,  2003 жылы қыркүйекте шекарашылар шатысып қалған.  2010 жылы маусым айында қазақ-өзбек шекарасында болған атыс салдарынан екі азамат жараланған. 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы «Ынтымақ» шекара бекетіне белгісіз біреулер шабуыл жасаған.

2012 жылы мамырда болған ең үлкен шекаралық оқиға «Арқанкерген» трагедиясынан кейін шекаралық бақылаулар мен күзет қырағылығы күшейтілген еді. Солай болса да Қазақстан шекарасының дауға ілікпей аман өткізген жылы жоқ. Жыл сайын тым болмаса шекаралық бекеттен әскер қашу жағдайлары тіркеліп жатады. Өртке оранып кететін бекеттер де аз емес. Шекаралық тәртіп темірдей болғанда айдың-күннің аманында ажал құшқан арыстай азаматтарымыз ортамызда жүрер еді. Жеті жетімектің обалы өзбектің оғында ғана емес, өзіміздің бостығымызда да болар.

Abai.kz

 

Muhtar TayjanМұхтар Тайжан

-Бүгін өзбектің шекарашысы  қазақты атып өлтірді деген суыт хабар түсті. Қандасымыздың аруағы иманды болғай!

Менің айтарым, бұл үлкен проблеманың басы ғана, ағайын.

Мәселе мынада. Өзбекстандағы және Түркменстандағы шеқарамызда біздің әскерлеріміз жоқ. Бұған менің 2012 ж Қазақстанды аралағанда көзім жетті. Ахуал қазір де өзгерген жоқ деп ойлаймын.

Мысалы, Ақтөбе облысы Шалқардың әрі жағында Бозой деген ауылынан Ақтаудағы Бейнеуге (450 км) тікелей көлікпен жүру қауіпті. Өзбек шеқарашылар біздің территориямызға кіріп (өзіміздің әскерлеріміз жоқ болғансоң) адамды қамауға алады екен. Зинданға тығып тастайды, шеқараны бұзды деп. Сосын қалын ақшаға ғана босатып жібереді. Ақшасы табылмаса тіпті жаман, айтпай-ақ қояйын. Сондықтан Қзылордадан Маңғыстауға бару үшін анау Ақтобе арқылы баруға мәжбүрсің.

Маңғыстаудағы Бейнеу мен Жаңаөзен арасындағы тікелей жолы дәл сондай, жергілікті жұрт түркмен шеқарашылардан қорқады.

Қазір міне қазақты өзбек шеқарашылар атып өлтірді. Ал қазақ өзбекті атып өлтірді деген бір де бір хабар естідеңіздер ме?

ҰҚК талап – түгел шеқарамыздың бойында Қазақ елінің әскерлері тұру міндет!

 

 

AmirjanӘміржан Қосанов

-Шекарада өзбек шекарашылары тапа-тал түсте атып өлтірген қандасымыздың тағдырына байланысты Сыртқы істер министрлігі мінез танытып, қабағын шытып, арнайы наразылық нота жасауын күтіп отырмын.
Өзбек – досым, бірақ ақиқат қымбаттырақ. Балық аулап отырған азаматты бірден ата салу деген не сұмдық! Ескерту деген сияқты басқа да шаралар бар емес пе?!

 

 

 

facebook парақшасынан алынды

 

 

Related Articles

  • ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСЫ

      Халқымыздың жұлдыздық туралы білімдері арабтың «Жұлдызнамасының» мазмұнынан парықты. «Жұлдызнама» араб елінде ислам дінінен бұрын жазылған болжам кітап. «Жұлдызнамада» аспандағы жұлдыздар мен адам саны тең. Бір нәресте туылғанда аспанда бір жұлдыз пайда болмақ. Пайда болған жұлдыз сол балаға тәуелді болып, мейлі кәртейіп, мейлі туыла салып өлсін сол адам өлгенде ағып түспек. Сондықтан тірі адамзат пен көктегі жұлдыз саны тең. Жұлдыздардың күндіз көрінбеуі – жердегі адамдардың сорын жасырып, сездіргісі келмегендігі. Түнде көріну бағың жанады, деміңді ал, деп адам пендесіне дем бергендігі. Адамзат жұлдыздардың бөлініп орналасуына сай орналасқан. Біз орта жұлдыздағы адамдармыз, сондықтан белбеуімізді белуардан буынамыз. Жер асты жұлдыздарындағы адамдар белбеуін балтырынан буынбақ. Түс көру сол пенденің көретін көргілігінен аруақтардың, жындардың адамдарға

  • Мәскеу биржасы санкцияға ілінді. Теңге мен Қазақстан биржасына қалай әсер етеді?

    Хадиша АҚАЕВА Қазақстандық қор биржасы иелерінің бірі – Мәскеу биржасы Ресейдің әскери агрессиясы салдарынан АҚШ санкциясына ілікті. Бұл Қазақстандағы қор және валюта нарығы мен теңге бағамына қалай әсер етеді? АҚШ осы айда Ресейдегі ірі биржа холдингіне санкция салды. Американың қаржы министрлігі Мәскеу биржа арқылы әскери мақсатқа капитал тартқан, Ресей азаматтары мен “дос мемлекеттер” “Ростех”, “Вертолеты России” сияқты қорғаныс кәсіпорындарының құнды қағаздарын сатып алып, инвестиция құйған деп есептейді. Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға да әсер етеді. Өйткені Астана Ресей экономикасы басымдыққа ие Еуразия экономика одағына мүше. Мәскеу – Астананың негізгі сауда серіктестерінің бірі. РУБЛЬ ЮАНЬҒА ТӘУЕЛДІ. ТЕҢГЕНІҢ ЖАЙЫ НЕ БОЛАДЫ? Мәскеу биржасы санкцияға ілінгеннен кейін доллар және еуромен сауда жасауды тоқтатты. Қазір

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды

    Алматы көшелерінде тұрған адамдар. 24 қаңтар 2024 жыл. 23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда қатты жер сілкінді. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырымда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,7. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі – 5 балл, Шымкентте 2 балл болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев адам шығыны мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспегенін мәлімдеді. ТЖД халықты лифт қолданбауға, тез арада үйлерінен шығып, қауіпсіз аймақ табуға, газ, су және жарықты сөндіруге шақырды. Ведомство халықты сабыр сақтауға үндеді. Ал сағат 00:44-те Алматыда жүр дүмпуі қайталанғаны, екінші жер сілкінісі шамамен 2-3 балл болғаны

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: