|  | 

Жаһан жаңалықтары

Нидерланд прокуроры MH17 рейсінің әуе апатына ұшырауының негізгі болжамын айтты

Boeing-777 апаты болған орын. © AFP

Малаизиялық Boeing-777 лайнерінің Украинаның оңтүстік шығысында әуе апатына ұшырауын тергеген Нидерланд прокуроры Фред Вестербеке “Русская служба Би-би-си” басылымына берген сұхбатында тергеушілердің ұшақты Донбасс аймағынан іске қосылған “Бук” жүйесінің атып түсіргені туралы болжамды шындыққа жанасады деп есептейтінін мәлімдеді.

“Бұл шындыққа жанасатын жалғыз болжам, бұл біздің тергеуіміздің негізгі расталған болжамымыз. Алайда біз өзге де сценарийлерді қарастырып отырмыз. Олардың бірі “Бук” зымыранының өзге өңірден, өзге жерден ұшырылғаны туралы. Сонымен қатар, ұшақты “әуе-әуе” классындағы зымыранның техникалық мүмкіншілігін зерттеп жатырмыз. Бұл сот тыңдауында өзге болжамдардың негізсіз екенін көрсетуіміз үшін қажет”, – деп хабарлады прокурор.

Вестербекенің айтуынша, қайғылы оқиғаның болғанына бір жыл өтсе де күдіктілерді тергеу атай алмайды. “Әрине, біз күдік келтіріп отырған адамдар бар, алайда тергеудің қазіргі кезеңі нақты күдіктілерді анықтауға мүмкіндік бермейді”, – деді ол.

Зымыранды ұшырған нақты адамды анықтау туралы сұраққа прокурор былай деп жауап берді: “Біздің жұмысымыз сол адамды табуға бағытталған. Бірақ жауапкершілік бір ғана адамға артылмайды. Басшылықта бұйрық берген адамдар бар, қолдағандар болды. Сол себепті біз бір адамды емес, осы қайғылы оқиғаға жауапты барлық адамды іздестіріп жатырмыз”.

Мұнымен қатар, прокурор тергеудің шабуыл жасаудағы ниетті, яғни ол қасақана жасалды ма, әлде кездейсоқ жасалды ма – осыны анықтауға арналып отырғанын атап өтті. “Осындай көп бейбіт тұрғындары бар ұшақты атып түсірудің кімге қажет болғанын елестетудің өзі қиын. Мұның қасақана жасалғанына күмәнім бар. Алайда қазір шешім жасауға әлі ерте”, – деді Вестербеке.

Вестербеке тергеуге Ресей билігінің көмектесіп жатқанын хабарлады. “Тергеуді жүргізіп жатқан негізгі ел бола отырып, ақпараттық және заңгерлік көмекке жүгіндік. Екі ай бұрын мен Мәскеуге бардым, тергеуге жауапты ресейлік әріптестеріммен кездестім. Олар өздерінде бар мәліметті бөлісті. Қазіргі уақытта біз оларды қарап, оларды қалайша қолданып, іске тартуға болатынын шешіп жатырмыз. Онда не болғанын түсініп қана қоймай, қалған негізсіз болжамдарды ысырып тастауымыз керек, сондықтан біз өзге де болжамдарды қарастырып отырмыз”, – деді ол.

Прокурордың айтуынша, ол малаизиялық ұшақтың оқиғасын тергеудің жыл соңына дейін аяқталатынына үміт білдіреді. Сол кезде тергеушілер әуе апатының негізгі себебін айтып, жауапты адамдардың аты-жөндерін атауы мүмкін.

Еске сала кетейік, малаизиялық Boeing-777 MH17 рейсімен Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып бара жатып, 2014 жылдың 17 шілдесінде Донецк облысының Грабово елді мекенінің маңында, ресейлік шекарадан 50 шақырым жерде апатқа ұшыраған болатын. Лайнердің барлық 283 жолаушысы мен экипаждың 15 мүшесі қаза болды.

tengrinews.kz

Related Articles

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. 22 қыркүйек 2025 жыл. Тоқаев пен Зеленский. Сурет: Ақорда 21 қыркүйек күні Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясына барған сапарында Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ, Зеленский “Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын” білдірген, ал Қазақстан басшысы “қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет” деген. Зеленский осы кездесу туралы мәлімдемесінде Украина, АҚШ, Еуропа және өзге елдердің соғысты тоқтату жөніндегі талпынысын талқылағанын айтты. Оның сөзінше, қос басшы сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті, қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіру ісіне қатысуға деген қызығушылығын сөз еткен. 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кірген Ресей Қазақстанның ең

  • “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    Руслан МЕДЕЛБЕК Өзбек ойыншысы Абдукодир Хусанов (2) пен БАӘ ойыншысы Луанзиньо (21) әлем кубогына іріктеу ойынында. 5 маусым, 2025 жыл. Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына Өзбекстан құрамасының жолдама алғанына жастар футболының қандай қатысы бар? Өзбекстан футболы жетістігінің себебіне үңілдік. “ӘЛЕМДІК АРЕНАҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР” Өзбекстан Азия құрлығында Иран, Катар, БАӘ, Қырғызстан, Солтүстік Корея бар топтан екінші орын алып, 2026 жылғы әлем кубогына лицензия иеленді. Өзбек футболшылары тоғыз ойынның бесеуінде жеңіп, үшеуінде тең түсіп, бір ойында жеңілген. Осы нәтиже ұлттық команданың әлем чемпионатына шығуына жеткілікті болды. Бұл топтан Өзбекстаннан бөлек Иран да әлем чемпионатына қатысады. Өзбекстан әлем чемпионатына шығуға бірнеше рет өте жақын болған еді. Мәселен, 2014 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде Иран,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: