|  |  | 

Жаңалықтар Тұлғалар

Есенберлин Лениндi ығыстырды

Ақмола облысындағы iргелi мекендердiң бiрi – Атбасар қаласында биыл екi бiрдей мерейлi дата аталып өтiлмекшi. Сонау Ресей отаршылығы кезеңiнде әуелi шекаралық бекет, сонан соң уезд орталығы болған бұл қаланың iрге көтергенiне биыл 170 жыл толып отыр. Бiр өкiнiштiсi, тәуелсiздiк алғанымызға ширек ғасырдай уақыт өтсе де, 30 мыңнан аса халық мекендейтiн қала тұрғындарының 35 пайызы ғана жергiлiктi ұлт өкiлдерiн құрайды екен. Тұрғындардың 40 пайызы орыстар, 25 пайызы басқа ұлт өкiлдерi. “Орыстiлдiлер” деп көрсетiледi ресми мәлiметте.

Атбасарда биыл тойланбақшы болып отырған екiншi бiр атаулы мереке — жазушы Iлияс Есенбер­линнiң 100 жылдығы. ЮНЕСКО-ның шеңберiнде қолға алынып жатқан бұл шараға атбасарлықтар қызу дайындық жасап жатқанын байқадық. Ең қуаныштысы, талай жылдардан берi жүдеңкiреп тұрған осы жердегi Есенберлин мұражайы бас­тан-аяқ қайта жөндеуден өтiп жатыр. Сондай-ақ, қаланың орталық алаңында 1000 шаршы метр жер жайландырылып, Есенберлин­нiң еңселi ескерткiшi бой көтермек­шi.
Бiздер ескерткiштiң авторы, мүсiншi Иван Седлецкиймен хабарласқанымызда, төмендегiдей ақпарат бердi:
– Мүсiн таза қоладан құйылмақшы, салмағы бiр тоннаға жуық. Жазушының бет-бейнесiн оның үлкен қызы Раушанмен келiсiп отырып қалыптадық. Алғашқы макет күйiнде мен оның бет-жүзiн қатал бейнелi көшпендiлерге ұқсатып едiм, бiрақ Раушан өмiрдегiдей жұмсақ, сабырлы қылып жасаңыз деген өтiнiш айт­ты. Жазушы бiр қолына кiтап ұстап тұр. Кiтаптың сыртына “Көшпендi­лер” деп жазып едiм, ол дұрыс көрiнбейтiн болды. Сосын жазуды ұлттық ою-өрнекпен алмастырдық. Мүсiннiң жалпы биiктiгi – тұғырымен қоса есептегенде 6 метрге жуық. Осы жұмыстардың барлығына          28 миллион теңге көлемiнде демеуқаржы жұмсалды. Сәтiн салса, қыркүйек айының ортасында ескерткiш­тiң ашылу рәсiмi бола ма деп жоспарланып отыр, – дейдi мүсiншi.
Бiр айта кетерлiгi, бұл жерде бұрын пролетариаттың көсемi Лениннiң зәулiм ескерткiшi тұратын едi. Оның орнынан алынғанына бiраз жыл болып қалды. Ендi мiне, көсемнiң орнына жазушы келiп орналаспақ. Атбасарлықтардың бұл әрекетi Лениннiң ескерткiшiн әлi күнге дейiн әспеттеп, Екiбастұз қаласындағы бiр көшенiң бойында ұстап отырған әкiм А.Вербняк мырзаға үлгi болса екен дейсiң.
Сайлау БАЙБОСЫН,
Ақмола облысы
zhasalash.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Еуропа жүрегінде ашылған гештальт. Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады? Елімізде Алматы халқы жаңа такси ашып, ал Шымкент халқы өзбек көршісімен бірге кешкі матчты тамашалайын деп отырғанда қазақ үмітін арқалаған Airbus моторын дүрілдетіп, Брюссельге ұшып кеткен болатын. Президент Тоқаев геосаяси қақтығыстар, сауда соғыстары, санкциялық қысым мен логистикалық тәуекелдер күшейіп жатқан бұл заманда Қазақстанның инвестиция үшін ең тыныш айлақ екенін тағы бір еске салу үшін бара жатқаны анық. Тура осы сапар алдында Fitch Қазақстанның ВВВ рейтингін растап, мықты аргументті қалтамызға салып жіберді. Брюссель Еуропа капиталының сөресі екенін білеміз. Сол сөреде жатқан миллиард еуро инвестицияға біз қол салғанда, бастысы ешкім “тәйт” демеуі керек. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: