|  | 

Суреттер сөйлейді

Қазақстан мақтанышы: Ел аузында жүрген үлгілі жастар (фото)

12 тамызда әлем жұртшылығы Халықаралық жастар күнін атап өтеді. Осы атаулы күнге орай NUR.KZ ел мақтанышына айналған үлгілі жастарды назарларыңызға ұсынады.

1. Денис Тен

денис тен

Еліміздің беткеұстар мәнерлеп сырғанаушысы Денис Теннің бүгінде спорт саласында жеткен жетістіктері орасан.

Денис Тен – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылда өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2013 жылы өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемипонатының күміс жүлдегері, 2015 жылғы әлемдік сынның қола жүлдегері.  Мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық додасының, 7-ші қысқы Азия ойындарының және Қазақстанның үш дүркін чемпионы.

Қазақстанның туын әлем елдерінде талай рет желбіретіп, ел намысын қорғаған жас спортшы бүгінде Халықаралық конькишілер қауымдастығының рейтингісінде үшінші орынға тұрақтаған.

Ол әлемде мәнерлеп сырғанаудың үздігі екенін дәлелдеді. 2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында өткен ХХІ қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп, мәнерлеп сырғанаудан финалдық кезеңге өткен Қазақстанның тұңғыш спортшысы атанған.

Сонымен қатар сол додада ерлер арасындағы ең жас спортшы атанды. Ол кезде Денис небәрі 17 жаста болатын. Денис Тен  1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.

2. Зарина Дияс

зарина диас

Қазақстанның шебер теннисшісі әрі жеке разряд бойынша ITF-тің бес турнирінің жеңімпазы Зарина WTA рейтингінің 3-ші тамыздағы жаңа көрсеткіші бойынша 32-ші орынға тұрақтаған.

Зарина Дияс теннисте өз шеберлігін дәлелдеп, Қазақстанның бірінші ракеткасы атағын иеленді. Ол өз шеберлігімен бір жыл ішінде 500 мың доллардан астам қаражат ұтқан. Жалпы алғанда өз мансабында  спортшы 700 мың доллар табыс түсірді.

2013 жылдың соңында WTA рейтингісінде 163 орында болған Зарина бүгінде 32 орынға көтерілді.

Зарина Дияс 1993 жылы 18 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

3. Жансая Әбдімәлік

жансая2

Жансая Әбдімәлік – шахматтан еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген қазақ қызы. Ол небәрі он төрт жасында гроссмейстер атанған.

Гроссмейстер – шахматшылар арасындағы ең жоғарғы дәреже.

2012 жылғы жастар  арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылы 20 жасқа дейінгілер санатында  Азия чемпионатында екінші орынға тұрақтады.

2000 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген Жансая өз жасына сәйкес қыз балалар арасында екі дүркін чемпион атанған.

3. Сұлтан Сармырзаев

султан салмурзаев

Сұлтан Сармырзаев – бейбіт күннің батыры атанған қазақ сарбазы. Оның досын құтқарған ерлігі видеоға түсіп қалып, ел назарына іліккен болатын.

Қорғаныс министрлігі сарбазды “Жауынгерлік ерлігі үшін” мемлекеттік наградасымен марапаттады.

Еске салсақ, 2014 жылдың қыркүйек айында Қапшағайдағы 28079 әскери бөлімінің қызметкері Сұлтан Сармырзаев кезекті оқу-жаттығу кезінде батыл әрекет жасап, өзінің және қарулас досының өмірін сақтап қалған.

Кезекті секіру кезінде екі жауынгердің парашюттері айқасып қалады. Ал секундына 100 метр жылдамдықпен құлап келе жатқан Сармырзаев жедел әрекет етіп, жерге 200 метр қалғанда қосалқы парашютін ашып,  жерге аман қонады.

Айта кетерлігі, қосалқы парашют тек бір адамның салмағын көтере алады. Соған қарамастан, жігіт тәуекелге барып, досын да аман алып қалған.

Сұлтан 1994 жылдың 25 наурызында Шымкентте дүниеге келген.

4.    Асхат Мырзабаев

асхат мырзабаев2

25 жастағы қазақстандық Асхат Мырзабаев алғашқы тапқан $2 млн-ын қайырымдылыққа аударып, ел мақтанышына айналды.

Жас ғалым Асхат Мырзабаев әлемдегі ең ірі банк топтарының бірі саналатын Barclays компаниясында (Ұлыбритания) жарты жыл жұмыс істеп, тапқан $2 млн доллар табысын қатерлі ісікті зерттеу жұмыстарына жұмсады.

“Миллион долларды еңбектеніп тапқан адам ол ақшаны екінші рет те таба алады. Бірақ бұл біздің өміріміздің мәні, мақсаты емес қой. Біздің мақсатымыз ауқымды болу керек”, – деп өз қадамын түсіндірді Асхат Мырзабаев.

Қазіргі таңда ол жас өнертапқыш ғалымдарды әлемнің ең үздік компанияларына жұмысқа орналастырудың қамымен жүр. Асхаттың мақсаты – талантты жастардың басын Қазақстанда қосып, оларға еңбек нарығында ыңғайлы алаң ұсыну.

5. Мария Мудряк

мария мудряк2

Небәрі 5 жасында Мария әлемнің ең жас опера әншісі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Он сегіз жасында Милан консерваториясын үздік аяқтаған Мария өнерімен әлемді мойындата алды.

Ол опера отаны Италияда әлемдік жұлдыздармен иық тіресіп, өнер көрсетумен қоса, басты рөлдерді орындауға да мүмкіндік алды.

Мария “Болашақ” стипендиясы арқылы шетелде білім алған. Джузеппе Верди атындағы Милан мемлекеттік консерваториясын тәмамдап, Италияның ең үздік жас әншісі атағына ие болды.

Бүгінде ол «Фигароның үйлену тойы», «Богема», «Ромео мен Джульетта» сынды операларда басты рөлдерді сомдап келеді.

Мария 1994 жылдың 6 сәуірінде Павлодар қаласында дүниеге келген.

6.    Кәмшат Байғозы

кәмшат байғозы

Ақтөбе облысында Кәмшат Байғозы есімді 11 жастағы оқушы қыз өртке оранған үйінен жалғыз өзі екі кішкентай сіңлісін құтқарып, ерлік жасады. Қыз бала батыл әрекеті үшін марапаттауға ұсынылды.

Оқыс жағдай Алға ауданының Нұрғасыр аулында болған. Үйінде өрт шыққанын аңдаған Кәмшат бірден жатын бөлменің терезесін шағып, алдымен 11 айлық сіңлісін сыртқа шығарады. Артынша 5 жасар сіңлісін алып шығады.

“Бәрі аяқ-асты болды. Мен өртті көріп, сіңлілерім үшін қатты қорықтым. Сыртқа шығып, аздап ес жинап алғасын, қолымды қанатып алғанымды байқадым. Бірақ бұл түк емес. Жарақатым жазылып жатыр”, –  деп сұхбат берді Кәмшат.

Кәмшат сіңлілерін сыртқа алып шыға салысымен, бірер минут ішінде үй жарылып кеткен. Қиын жағдайда үрейге салынбай, батыл әрекет еткен қыз бала осылайша болуы мүмкін өлімнің алдын алып үлгерді.

7. Диас Әубәкіров

диас аубакиров

“Қонжық” лақап атымен Қазнетте танымал болып үлгерген Диас есімді 12 жастағы жеткіншек Алматыда болған селден зардап шеккендерге көмек көрсетіп, ел сүйіспеншілігіне бөленді.

Тимур Нүсімбеков Фейсбуктегі өз парақшасында еріктілермен бірге селден кейін белсенді жұмыс істеп жүрген Қарғалы тұрғыны Диас Әубәкіров жайлы жазып, қайырымды жеткіншек елде танымал бола бастайды.

“Диас – 12 жасар Қарғалы тұрғыны. Жас батыр. Тау қонжығы. Қонжыққа сырт келбетімен ұқсап қана қоймай, оның энергиясы мен қуаты өскелең қонжықтың екпінімен пара-пар. Сел жүріп өткен күннен бастап ол құтқарушылар, әскерилер, еріктілермен бірге тыным таппай еңбек етуде, тіпті олардан да асып түсуде”, – дейді жазба авторы.

“Өзім барып, көмектескім келді. Ата-анам “жарайсың” деп бұл ісімді қолдады. Мен бұл жерде таңертеңнен кешке дейін су, тамақ және өзге де қажетті заттарды тасып, көмектесемін”, — дейді Диас.

8. Олжас Сүлейменов

олжас сулейменов

Қарағанды облысының тумасы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Олжас Сүлейменов БҰҰ-ның 70 жылдығына арналған  «Көп тіл – бір әлем-2015» эссе байқауында жеңімпаз атанды.

Оған 130 елдің 3500-ден астам студенті қатысты. Нәтижесінде 70 үздік жұмыс іріктелді. Байқау жеңімпаздары БҰҰ штаб-пәтерінен Дүниежүзілік жастар форумына шақырту алды.

Шанхайда білім алған «болашақшы» қытай тілінде эссе жазып, үздік атанған.

“Әр қазақстандық әлем адамы болып табылады деп жаздым. Бұл солай. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Баршамыз бейбіт, татулықта, келісіммен өмір сүріп жатырмыз. Қазақстанның басты артықшылығы да осында”, – дейді Сүлейменов.

Related Articles

  • Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Қуанышты, сүйінішті жаңалық! Алаштың беймәлім бейнесі табылды Арма, қадірлі оқырман! «Искры» журналдың 1907 жылғы бір санында қазақ қайраткерлерінің бізге беймәлім бейнесі сақталған. Айта кетейік, «Искры» суретті журналы 1901-1917 жылдары «Русское слово» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрған. “Думадағы мұсылман фракциясы” деп аталатын суретті хабарда патшалық Ресей құрамындағы мұсылман депутаттарының бейнесі көрсетілген. Ішінде думаға мүше болған қазақ депутаттары да бар. Атап айтсақ төрт тарихи тұлғаның бейнесі сақталыпты: Бірінші сурет: М. Тынышбайұлы, Жетісу облысы; Екінші сурет: Б. Қаратайұлы, Орал облысы; Үшінші сурет: А. Бірімжанұлы, Торғай облысы; Төртінші сурет: Ш. Қосшығұлұлы, Ақмола облысынан. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Елдес ОРДА 19.03.2025

  • Ураңхай таңбалары

    Ураңхай таңбалары

    Бұл қолжазба польяк текті орыс зерттеушісі Г.Е. Грумм-Гржимайлоның 1903 жылы Тува мен Батыс Моңғолияға жасаған экспедициясы барысында жазған күнделігінен алынды. Жазбада Ураңхай таңбалары берілген. Олардың қайдан алынғаны және атаулары жазылған. Жошы Ұлысы таңбаларымен ұқсастық байқалады Қажымұрат Төлегенұлы

  • АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Келесі миллиард секундта, яғни басқаша санағанда, отыз жылда астрономияда қандай жаңалық ашылуы мүмкін? Астрофизик, ғылым насихатшысы, Абдус Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығының (Триест, Италия) зерттеушісі Сергей Поповтың мақаласын ықшамдап аударып беріп отырмыз. *** Алдымен өткен 30 жылға көз тастайық. Отыз жыл бұрын КҮНГЕ ҰҚСАС ЖҰЛДЫЗДЫ АЙНАЛАТЫН ПЛАНЕТА ашылмаған-тұғын және ӘЛЕМНІҢ ҚАЗІР ҮДЕЙ КЕҢЕЙІП бара жатқанын білмейтінбіз. Бірінші ашылымды алдын-ала болжау мүмкін еді, екіншісін — жоқ. Біріншісі экзопланеталарды іздеуге бағытталған жүйелі еңбектің нәтижесі болса, екіншісін ғалымдардың көбі күтпеген-ді. Бұларды 1960-шы жылдардан бергі екі ең басты астрономиялық жаңалық дей аламын. Демек болашақ ірі жетістіктің де кейбірін болжай аламыз, ал басқалары тосыннан ашылады. Жалпы, ғылыми ашылымдарды неліктен болжауға болады? Өйткені көптеген маңызды

  • 1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада, Даниялық ғалым В.Томсен құлпытастағы бітік жазудың құпиясын ашты. Ғылыми жаңалық еуропа қоғамын дүр сілкіндіреді. Тосмен алғаш «түрік», «күлтегін», «тәңірі» деген сөздерді шешіп оқиды. Бітіктастағы жазудың келесі беті қытай иероглифімен бәдізделген-ді. Томсен иероглифтегі есімдердің реттік (қайталану) жилігіне қарап отырып келесі бетіндегі құпия таңбаларды біртіндеп сөйлете бастайды. Сол дәуірде шығыстану соның ішінде түркітану саласы жеке ғылым ретінде абройлы зерттеу нысанына айналды. В.Томсен таңбаны шешіп құпиясын ашқанымен көне түрік тілін білмеуші еді, сол себепті «бұл мәтінді оқыса Радлов оқиды» деген. Көп өтпей Радлов, Томсен шешкен таңбаның ізінше мәтін жолдарын оқыған. Сонымен жұмбақ күйде қалған тастағы бітік жазуы сөйлей бастаған… 25 қараша күні маңызды күн. Бітік жазу күні құтты болсын!

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: