|  | 

Көз қарас

Досай Кенжетай:«Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған ұлағатты жалпыхалықтық тоймен құттықтаймын!

Dosay kenjetayҚұрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы!!!
Барша Ұлы дала мұрагерлері!!!
Сіздерді «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған ұлағатты да, ұлан асыр жалпыхалықтық тоймен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз егемендігінің асқары мен болашағына қарай қадам басып келе жатқан қазіргі кезеңде осындай елдің рухын көтеріп, әрбір азаматымыздың санасына жауапкершілік пен елдік міндет жүктейтін жиындар әрдайым қайырлы болмақ. Бұл тойдың ішкі және сыртқы саяси, аксиологиялық, психологиялық танымдық орны бар, мемлекеттілік тарихымыздың да кешегі «әділетсіздік қабаттардың» да, жоғын жоқтайтын, «келелі күлтөбе кеңесінің» орнын басты десем артық айтқандық емес.
Бірақ ширек ғасырлық егемендік тарихымызда, тарихшыларымыздың «жаңа тарих, жаңа көзқарас, жаңа тарихи таным» бағдарын қалыптастыра алмағандығына бүгін тағы куә болдым. Кешегі кеңестік тарихшылық пен танымда сүрең салып, ғылым жасаған қазақ тарихының ақсақалдарына бұдан былай тағы ширек ғасыр тарих туралы сөйлетіп қойғанменен нәтиже өзгермесіне көз жетті. Бүгін «Назарбаев университетінде» «Мәңгілік ел» халықаралық ғылыми практикалық конференциясы болып өтті. Қазақ хандығының тарихы сол баяғы кеңестік маркстік диалектикалық историцизм салып берген «сара даңғылмен» тағы қайта түсіндіріліп жатты. Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуындағы өркениеттік, мәдени тұғыр туралы сөз қозғау былай тұрсын, Керей мен Жәнібек құрған мемлекеттің тарихи мәні советтік шаблондармен қайта тұжырымдалды. Өзі кез келген танымның бірінші әрі басты функциясы түсіндіру екені мәлім. Бүгінгі тарихи таным қазақ хандығының мәнін кешегі кеңестік шаблондармен түсіндіруді жалғастырып отырса, онда бүгінгі егемендік, елдік пен ұлттық құндылықтарды негіздеп, «Мәңгілік ел» мұратына бағдар болатын басты ғылыми танымдық қабат тарих ғылымы саласы сол қалпы сіресіп тұрса, посткеңестік идеологиялық бағдарлардан қалай айығамыз?
Құрметті Елбасы!!! Бұл теориялық танымдық проблема, еліміздің Білім және ғылым министрлігі шеңберінде қазақ тарихына, мәдениетіне, өркениетіне деген құндылықтық бағдар әлі айқын емес деген сөз. Әлем өзгеріп жатыр, жахандық қысым еселеп артып келеді, елдің ертеңі мен баяндылығы оның құндылықтық негіздеріне байланысты. Ал біздегі тарихи таным сол констант күйінде, кешегі кеңестік сананың жәдігері (тірі экспонаты) іспетті әлі дәріптеліп келеді. Бұл ең алдымен мына мемлекеттілігіміздің құрушысы қазақ ұлтына деген жауапсыздық, бүгінгі еліміздің ертеңіне деген немқұрайлылық. Олай болса, бүгінгі қазақ тарихшыларының ұстанымы кешегі кеңестік орыс тарихшылдығына деген адалдығын көрсетеді деген сөз.
Құрметті Елбасы!!! Елдіктің құндылықтық қабаттарына қатысты салалардағы, соның ішінде тарих бағдарына қатысты кешегі кеңестік жүйеден бері келе жатқан ескі тарихшыларымызға алғыс айта отырып, жетекшілік орындарын қазақтың жас тарихшы мамандарына босатып беруіне ықпал етуіңізді сұраймын!!! Себебі жоғарыда айтқанымдай, ескі тарихшыларымыз, бұдан былай да тағы ширек ғасыр отырса да, тарихи таным мен сананы өзгертуге дәрменсіз. Жаңа тарих түсіндірушілері қазақта бар, өсіп келеді, соларға жол берілсін! Ал ескі тарихшыларымыз, ақсақалдық «бата беру» орындарына жайғассын!!!
Бізде тарих бар, тарихи сана бар, тарихи тәжірибе бар!! Өзіңіз айтпақшы «қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ». Тек қана тарихи таным жағы қозғалар емес. Бұл ұсынысты айтуға құқым бар, себебі тарих философиясымен, салыстырмалы тарих методологиясымен айналысамын.
Құрметпен,
Халықаралық «Рухани мұра» қоғамдық қорының төрағасы,
философия және теология ғылымдарының докторы, профессор,
Кенжетай Досай Тұрсынбайұлы

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: