|  |  | 

Тұлғалар Қазақ шежіресі

ТҰҒЫРЫЛ ХАН ТУРАСЫНДА

TugirilhanОрта ғасырда Орта Азияда орын алған оқиғалар тізбегі күллі адамзаттың назарын әлі күні өзіне аударумен келеді. Осы өлкеде V-VIII ғасырларда өмір сүрген көшпелі әскери мемлекеттер Қырғыз, Ұйғыр, Түркі қағанаттарының жалғасы Керей, Найман, Қоңырат, Меркіт, Оңғыт (Уақ), Татар, Монғол, Жалайыр тайпалары хақында орта ғасыр тарихшылары көп жазған. Әсіресе, ұлы қаған Шыңғыстың өмір тарихына қатысты материалдарда аталмыш тайпалар туралы мол айтылады. Қытайдың көне деректерінде, Еуропа саяхатшыларының жолжазбаларында хатталғандары өз алдына.

Осы кезеңде өмір сүрген жеке тұлғалар арасындағы танымал адамдардың бірі – Керей Тұғырыл хан. Монғол елінің археологтары  Тұғырыл хан ту тіккен Тула өзенінің бойындағы ескі хан ордасына кешенді түрде қазба жұмыстарын жүргізіп, толыққанды зерттеуді бастады. Хан ордасы ел астанасы – Ұлан-батырдан 30 шақырым жерде орналасқан. Аспалы шыңдай асқақ Боғда тауының етегінде. 1204 жылы Керей хандығы құлаған соң, Шыңғыс қағанның осында орда құруына байланысты  тарихта «Шыңғыстың ІІІ ордасы» деп те аталады. Боғда тауы бертінге дейін Тұғырыл ханның құрметіне «Хан тауы» аталып келген.

Осындағы зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қарағанда, хан ордасының сәулеттік құрылымы аса шебер салынған көрінеді. Әсіресе, қазба жұмысы барысында табылған заттар Тұғырыл ханның  батыстағы Еуропа және шығыстағы Қытай мәдениетінің жетістіктерін толық пайдаланғанын дәлелдеуде.  Хан сарайының ортаңғы бөлігі 15х35 метр алаңды алып жатыр. Төрт үлкен бағана тіреудің сұлбасы сақталған. Биіктігі 6-7 метр шамасында.

Құрылыстың архитектурасы шығыс үлгісінің мәнерінде жасалған. Жоғары шатырдан аққан суды пайдаланатын кәріз жүйесінің сорабы жақсы сақталған. Сарайдың ішкі жағының төбесі шығыстық мәнер бойынша безендірілген. Дала аңдарының бейнесі көркем түрде нақышталып, қабырғаларға қашалған. Айдаһар, мешін, пілдің  мүсіндері, гүлдердің әсем оюлары  бейнеленген заттар көптеп табылып жатыр. Бұл ою-өрнектер стилдік жағынан Үнді-қытай зергерлерінің қолынан шыққан туынды деген тоқтам жасалуда. Бұл заттар Тұғырыл ханның будда мәдениетінің ошағы болған елдермен де сауда-саттық, барыс-келіс  қарым-қатынасында болғанын айғақтап отыр.

Бұлардан басқа, қазба жұмысы барысында табылған тағы өзге дүниелер зерттеушілердің назарын ерекше аударыпты.  Атап айтқанда,  шығыстық жыл санаудың дәстүрлі 12 жануары бейнеленген, дөңгелек пішінді, ортасы тесік, алтын жалатылған «Уақыт есептегіш құрал» мен  бұдан бөгде бірнеше түрлі сыйынатын пұттар мүсінінің  табылуы таң қалдыруда.

Өйткені Тұғырыл ханды бұған дейін христиан дінін ұстанған деп келдік. Ендеше, христиан дініне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын бұл заттар хан ордасында қайдан жүр? Мүмкін, тәңірлік таным немесе бақсылық бөгу дінді ұстанған көшпенділер өмірінің бір саласы  хан ордасында христиан дінімен бірге жасап келген болар деген жорамалдар жасалуда.  Тіпті Тұғырыл хан христиан дінін ұстанған жоқ дейтін пікірлер де айтыла бастаған. Осы соңғы болжамның шындыққа жақын болуы да әбден мүмкін.

Моңғол империясының тарихын зерттеушілер «Шыңғыс қағанның  алғаш адам қатарына қосылып, ат жалын тартып мініп, күйзелген елін бүтіндеп, күйреген жұртын  жинағанда дем беріп, демеу болған кісісі – осы Тұғырыл хан» дейді.

Атақты керей Көкеш бақсының хан Шыңғысқа қаратып айтатын:

Тәңірден суат алдың,

Тұғырылдан қуат алдың,

Найманнан хатшы алдың,

Керейден бақсы алдың,

Қоңыраттан ақыл алдың,

Жалайырдан батыр алдың,

Меркіттен қатын алдың, 

дейтін толғауында дүйім тарихтың сыры жатыр.

Тұғырыл хан 1130 жылы туған. Шыңғыстан 32 жас үлкен.  Есукейдің серт байласқан досы. Себебі, Есукейдің атасы Амбығайды, Тұғырылдың атасы Марғұзды татарлар мен жүржіндер ұстап алып, Алтын елінің патшасының қолына тапсырған. Алтын ханы оларды ағаш есекке шегелеп өлтірген. Оның сыртында Тұғырылдың әкесі Құршақұз Бұйрық пен Есукейдің әкесі Қабыл дос болған.

Тұғырылдың да көрмегені жоқ. Он үш жасында татардың Ажай ханы тұтқынға түсіреді. Одан қашып шығып еліне келіп, қайырымсыз аға-інілері Тайтемір мен Бұқатемірді ығыстырып хан тағына отырады. Осылай тозған елінің аузын аққа жеткізіп, алыс-жуыққа атағы шығып дүркіреп тұрған шағында,  бір күні  жылап-еңіреп алдына  Есукей досының баласы Темужин келеді.

–    Қарағым, саған не болды? – деп сұрайды Тұғырыл хан.

–   Хан әке, Қоңырат Дай шешеннің қызы Бөрте менің қалыңдығым еді. Соны әйелдікке әкеліп, отау көтеріп едім. Тұқымы құрығыр меркіттер қатынымды тартып әкетті, – дейді Темужин.

«Саспа, балам,  –  дейді Тұғырыл хан, – Әкең жақсы адам еді, аруағы риза болсын, мына менің ұлым Сенгүн  ішімнен шықса, сен сыртымнан шыққан ұлым емессің бе? Қайда ол қаңғыған меркіттер!? Сақалынан сүйреп, сабасына түсірейін!» – деп атқа қонып, Темужиннің шайқалған шаңырағын тіктеп берген екен. Осы оқиға жайлы моңғолдың «Құпия шежіресінде», «Алтын шежіресінде», Рашид-ад-диннің тарихи шығармаларында айтылады.  Бұл оқиға 1180 жылы болған.

1190 жылы Тұғырыл хан, Темүжин, Жамуқа үштігі атқа қонып татар-меркітті тыныштандырады. Осы жорықта Жамуқа мен Темүжин барлық  бұқарасын сарқып жүріп, 20 мың әскер әрең шығарғанда, Тұғырыл хан қиналмай-ақ  бір өзі 20 мың қолды бастап келген. Осы жолы Алтын елінің императоры Тұғырылға «Уаң хан» деген атақ береді. Бұл атақ артынан  ханның есіміне айналып кеткен жайы бар. Италиялық жиһангез Марко Поло: «Әлемге аты әйгілі, әсіресе еуропалықтар қатты әсерленетін шығыстағы «Иоан поп»  дегеніміз осы «Уаң хан»» деп жазады. Орыс жылнамаларында «Ван хан» деген атпен белгілі.

Заман өте келе, Тұғырыл хан да Шыңғыспен шайқасып, жеңіледі. Жан сауғалап батыстағы Найман хандығына бара жатқанда, шекара күзетінде тұрған қарауылдар қолынан қаза табады. Өлі бастың атақты керей Тұғырыл ханның мүрдесі екенін таныған найманның Дайын ханы оны күміспен күптетіп, өзінің алтын тағының үстіне қойып, аза тұтады. Бұл 1204 жылы болған оқиға. Сол сәттен бүгінге жеткен жоқтау бар. Онда:

Уа, Тұғырыл, Тұғырыл,

Айбатты алып хан едің,

Даңқың кеткен әлемге,

Атағы зор жан едің,

Құтлық әже өсірген,

Бұйрықтан туған дана едің…, –

деген жыр жолдар бар.

Құдайдың құдіреті-ай, күллі найман аза тұтып жатса, әлгі өлген ханның басы ыржың-ыржың етіп күліпті. Бұны жаман ырымға жорыған екен. Ақыры ол да рас болды.

Тұғырылдың інісі Жақа батырдың асқан сұлу төрт қызы болған. Осының үшінші қызы Сұртоқтыға Шыңғыстың  кіші ұлы Төле үйленеді. Сұртоқтыдан атақты хандар Мөңке, Құбылай, Құлағу, Арық-бұқа төртеуі туған.

Ховдангол тумасы.

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: