|  | 

Суреттер сөйлейді

Назарбаевты ұлықтау

Қазақстан президентінің алғашқы ант беру рәсімі 1991 жылы 10 желтоқсанда өткен еді. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері бес рет өткен инаугурацияның барлығында президент Нұрсұлтан Назарбаев ант берген. Азаттық Назарбаев инаугурациялары туралы фотогалерея ұсынады.

1

Ресми мәлімет бойынша, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет бүкілхалықтық төте дауыс беру жолымен өткен Қазақ ССР-і президенті сайлауына дауыс беру құқығына ие республика азаматтарының 88,2 пайызы қатысқан. Олардың 98,7 пайызы Назарбаевқа қолдау білдірген. Сайлаудан соң іле-шала СССР таратылып, Қазақ ССР-і Жоғары Кеңесі депутаттары елдің ресми атауын Қазақстан Республикасы етіп өзгерту туралы шешім қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаевтың президент ретінде алғашқы ант беру рәсімі 10 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында Жоғары Кеңес депутаттарының қатысуымен өтті. Бұл рәсімде әскери парад пен кортеж болған жоқ.

2

Алматыдағы алғашқы инаугурацияда ақын Шәкер Әбенов президент Нұрсұлтан Назарбаевқа бата берді. Ақын батасында “Нұрсұлтанның атағы, абыройы өсіп, әлемге танымал болып, әлемнің тарих дәптеріне аты тіркелсін. ” дей келе “халыққа зиян келтіретіндерді аяусыз жаза беріп, тыйым салсын. Әлдеқандай істе қателессе халықтан кешірім сұрап, өз қатесін өзі түзеу” керектігін ескертті. Бұдан кейінгі ұлықтау рәсімдерінде бата беру болған емес. Алматы. 10 желтоқсан 1991 жылғы сурет.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда өткен алғашқы ант беру рәсімінде. 10 желтоқсан 1991 жыл.

1999 жылы президент инаугурациясы 20 қаңтарда Астанадағы Конгресс-холда өтті. Нұрсұлтан Назарбаев президент кеңсесінен Конгресс-холға дейін жаяу жүріп барды. 1999 жылы 10 қаңтарда, мерзімінен бұрын өткен Қазақстан президенті сайлауында Назарбаев, ресми мәлімет бойынша, 80 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен.

5

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының сол кездегі жетекшісі Зағипа Балиева ант беру рәсімінде Нұрсұлтан Назарбаевқа президент куәлігін тапсырып тұр.  Астана, 20 қаңтар 1999 жыл.

6

1999 жылы Назарбаев ант қабылдауға алғаш рет алтын коллар мен арнайы орден тағып шықты. Астана, 20 қаңтар 1999 жыл.

7

2006 жылы 10 қаңтарда өткен Қазақстан президенті сайлауында, ресми мәлімет бойынша, кандидат Нұрсұлтан Назарбаев дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 91,15 пайызының қолдауына ие болған. Тағы сайланған президентті ұлықтау рәсімі 11 қаңтарда Астанада өтті. Назарбаев Ақордаға арнайы кортежбен келді. Оны сыртта арнайы әскери жасақ қарсы алды. Ұлықтау рәсіміне қатысқан 70 астам елдің делегаттары арасында Владимир Путин, Виктор Ющенко, Құрманбек Бакиев, Степан Месич, Хамид Карзай, Эмомали Рахмон, Ислам Каримов, Михаил Саакашвили және өзге тұлғалар болған.

8

Қазақстанда 2011 жылы 3 сәуірде өткен тағы бір кезектен тыс президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың 95,55 пайыз дауыспен жеңіске жеткені ресми хабарланды. Бес күннен кейін, 8 сәуірде ұлықтау рәсімі ұйымдастырылды. ​Төртінші инаугурация өткен Астанадағы Тәуелсіздік сарайына Назарбаев арнайы күзеті бар кортежбен келді. Ол жүріп өткен жолдың бойында Астана тұрғындары қошемет көрсетіп тұрды.

9

Салтанатты шараға Батыс елдерін айтпағанда, көршілес елдердің өздерінен ешкім қатысқан жоқ. Тек Мәскеу қаласының бұрынғы мэрі Юрий Лужков келді. ​Астана, 8 сәуір 2011 жыл.

10

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті ретінде ант беріп тұр. Астана. 8 сәуір 2011 жыл.

11

Нұрсұлтан Назарбаев анттан кейін Қазақстан туын сүйіп жатқан сәт. Астана. 8 сәуір 2011 жыл.

12

Нұрсұлтан Назарбаев ант қабылдау рәсімі кезінде. Астана. 8 сәуір 2011 жыл.

13

2015 жылы 26 сәуірде өткен және бір кезектен тыс президент сайлауында, ресми ақпаратқа сәйкес, сайлаушылардың 97,75 пайызы кандидат Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау танытқан. Назарбаев үш күннен кейін ант беріп, қызметке кірісті. Инаугурация Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті. Шара өткен күні Астанадағы біраз жолдар жабылып, жоғары сынып оқушылары сабақтан босатылды. Оқушылар, студенттер мен мемлекеттік қызметкерлер Тәуелсіздік сарайы алдындағы алаңға жиналып, Назарбаевқа қошемет көрсетті.

14

2015 жылы 29 сәуірдегі ұлықтау рәсіміне үкімет мүшелері, парламенттің қос палатасы – сенат пен мәжіліс депутаттары, Конституциялық кеңес мүшелері, Жоғарғы сот судьялары қатысты. Шет мемлекеттер басшылары келген жоқ.

15

Ант қабылдаған соң Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов қызметіне қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаевқа президент куәлігін тапсырды. Қазақстан тәуелсіздік алғалы президентті ұлықтау рәсімінде тек Назарбаев қана ант қабылдап келеді.

16

Астанадағы президент мұражайындағы мына инаугурациялық киім арнайы Назарбаевқа шақталып тігілген.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Қуанышты, сүйінішті жаңалық! Алаштың беймәлім бейнесі табылды Арма, қадірлі оқырман! «Искры» журналдың 1907 жылғы бір санында қазақ қайраткерлерінің бізге беймәлім бейнесі сақталған. Айта кетейік, «Искры» суретті журналы 1901-1917 жылдары «Русское слово» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрған. “Думадағы мұсылман фракциясы” деп аталатын суретті хабарда патшалық Ресей құрамындағы мұсылман депутаттарының бейнесі көрсетілген. Ішінде думаға мүше болған қазақ депутаттары да бар. Атап айтсақ төрт тарихи тұлғаның бейнесі сақталыпты: Бірінші сурет: М. Тынышбайұлы, Жетісу облысы; Екінші сурет: Б. Қаратайұлы, Орал облысы; Үшінші сурет: А. Бірімжанұлы, Торғай облысы; Төртінші сурет: Ш. Қосшығұлұлы, Ақмола облысынан. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Елдес ОРДА 19.03.2025

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: