|  | 

Саясат

Су-24-ті атып құлатылуға Ресейдің өзі мүдделі болған

Су-24-ті атып құлатылуға Ресейдің өзі мүдделі болған

 Бір оқиғаны жалаулатып, саясаттың арнасын өзгерту, өзінің мүддесін реттеп алу -  империалистік елдердің тарихтан бері келе жатқан әдісі. АҚШ 11 қыркүйек оқиғасында екі ғимаратын құлату арқылы Ауғанстанды бомбаның астына алуы, бактериологиялық атом бомбасы бар деген сылтаумен Иракты жаулап алуы сияқты, Ресейде Беслан, Курск, Норд-ост оқиғаларын кімнің ұйымдастырғаны естеріңізде болар. Сол сияқты, Ресей ақпараттық құралдары санамызға құйып отырғандай, әскери ұшақтың құлауы қара аспан төңкеріліп түскендей жайт па? Түркияның да ұшақтарын көршілері талай атып құлатқан, бірақ барлығы дипломатиялық жолмен шешіліп келді. Түркия ұсынған дипломатиялық келіссөздерге Ресей неге мүдделі болмады? Демек Су-24 ұшағының атып құлатылуына Ресейдің өзі мүдделі болған. 

 

Бірінші себебі – Еуразия кеңістігінде саны көбейіп, қарым-қатынасы күшейіп келе жатқан Түркі интеграцияның жолын кесу. Дәлел ретінде, Ресейдің Түрксой ұйымына шектеу қоюын айта аламыз. Алдымен Түрксой Түркияға тиесілі ұйым емес. Ол бүкіл түркі халықтары мен түркі мемлекеттеріне қатысты ортақ мәдени ұйым. Оның басшысы – бас хатшысы Қазақстан азаматы, бұрынғы ҚР Мәдениет министріміз Дүйсен Қасейінов. Ресейдің экономикалық қана санкция жариялағанын ескерсек, Түрксой экономикалық та ұйым емес. Ресей бұл әрекеті арқылы бүкіл түркі халықтарының мәдени, тарихи байланыстарына қарсы екенін дәлелдеді. Ресейдің гео-саяси осал тұсы да осы түркі тектес мемлекеттер. Олар кез-келген уақытта сыртқы күштердің жобасына айналып, Ресейден тәуелсіздігін алып кете алады. Ресей осыдан қорқады. Ресей бар-жоғы өзінің тарихтан бері келе жатқан миссиясы, түркі халықтарын езіп жаншу саясатын жалғастыруда. Түркі интеграциясының күшеюі, Еуразиялық одақтың табиғи жолмен Түркі одағына айналу қаупі туралы соңғы уақытта Ресейде қызу талқыланған болатын. Мұның себебі де жоқ емес. Соңғы деректерге сәйкес, Ресейдегі орыс ұлтының табиғи өсімі күрт төмендеп, түркі халықтары көбею үстінде. Оған қоса, орыс-түрік некелеріның саны да өсуде. Сонымен қатар, Түркияға тұрмысқа кеткен орыс қыздарының өзі 200 мыңнан асатын көрінеді. Ал түрік қызының орысқа тұрмысқа шығып жатқаны жоқ. Сондықтан бүгінде Ресей үшін Түркия көршілес жатқан Қытай қаупінен де асып кетті деуге толықтай негіз бар. Сайып келгенде, Ресейді бөлшектеуде Қытайдан гөрі түркі тектес мемлекеттер үлкен рөл ойнай алады. Бұл халықтар кез-келген уақытта сыртқы күштердің жобасына айналып, Ресейден тәуелсіздігін алып кете алады. Сондықтан Ресейдің түркі елдерінің орталарында сынадай қадалып тұрған Армения, Иранды қолдауы түркі халықтарының бірігіп кетуіне қарсы күресіп келе жатқанынан хабар береді. Оның Қырымды «тарихи жеріміз» деп тартып алғанына Түркия ғана сын айта алады. Себебі Қырым Ресейдің емес Түркияның тарихи жері. Алысқа барсақ, түркі халықтарының тарихи жері. Түркия – түркі халықтарының локомотиві.  Тарих қайталанады. Табиғи даму арқылы, 50-100 жылдан кейін Ресейдің орнына бірнеше түркі мемлекеттері құрылатыны сөзсіз. Ресей осыдан қорқады. Түркиямен қолдан текетірес жасауының астары осында жатыр. Түркі халықтарының өсіп, жетіліп, санасының оянып жатқаны Ресей үшін қорқынышты. Уақыт Түркия жағына жүріп жатқандықтан тып-тыныш Ресеймен қатынаста болу Түркияға тиімді. Әйтпесе қаншама миллиард табыстан қағылу Түркияға керек пе? Әрине, жоқ. Сонымен қатар, Түркия Ресейдің астамшылдығына жол бере қоятын ел емес.

 

Екінші себебі - Түркияға кетіп жатқан толассыз қаржы ағымын тоқтату. Ұшағын Түркияның құлатқанын күтіп отырғандай-ақ, Ресей күні ертесіне Ресей туристерінің Түркияға баруына тосқауыл қойды. Сондай-ақ, Түркияның киімдері мен жеміс-көкөністеріне тиым салу, түрік құрылыс компанияларын нарығынан шығару арқылы Ресей қаржысының сыртқа шығуын тоқтатты. Алайда, Түркия арқылы түсіп жатқан табысқа тоқтау салынбады. Ресей өз экономикасына зардабы тиетін болғандықтан, бірнеше саладағы негізгі өндірістеріне шикізат пен бөлшек тауарларын жеткізіп отырған Түркия тауарларына шектеу қоймады және екі ел арасындағы мега-жобаларды тоқтатпады. Қанша байбалам салса да, Ресей әлі күнге дейін Түркияға табиғи газ сатылымын шектемеді. Әрі күні бүгінге дейін Түркия арқылы өз тауарларын әлем нарығына өткізіп отыр. Егер де Ресей Түркияға қарсы экономикалық қысым көрсеткісі келсе, Түркияның ең осал тұсы – табиғи газын жауып тастауы керек еді. Түркия тарапы да «Ресей алдымен табиғи газын сөндіріп тастайды» деп қауіптенсе керек, осы мәселеге орай шұғыл Қауіпсіздік кеңесін өткізген болатын. Бұл мәселеде Ердоған «ақша бар кезде, газ мәселе емес» дегенге келтірді. Ал газ жолы тоқтағанда, Ресей өзіне-өзі ор қазған болып шыққан болар еді. Себебі Газпромның Еуропадағы ең үлкен  екінші тұтынушы елі – Түркия. Және Ресей Түркия арқылы негізгі тауарларын әлемдік саудаға шығарып отыр. Онсыз да санкциялардан табиғи газы мен мұнайын сатудан қиналып отырған Ресей үшін бұл ауыр соққы болар еді.

 

Ресейдің арқасына пышақ сұғылды ма?

2012 жылы Түркия-Сирия шекарасында Түркияның әскери ұшағын Сирия атып құлатқан еді. Осы оқиғадан кейін екі тарап Келісім ережесіне уағдаласады. Келісім ережесіне сәйкес Түркия-Сирия тарапы шекара бұзылған жағдайда ұшақты ескертусіз атып түсіруге құқық алады. Бір жағынан әрине соғыс жүріп жатқан жердегі шекарасын Түркияның қатты бақылауға алуы заңдылық. Биыл қыркүйекте Ресей Сирияны бомбалай бастағанда Түркияның шекарасын 3 рет бұзды. Түркия 2 рет Ресей елшісін шақырып Келісім ережесі туралы ескертеді. Үшінші рет, 15 қазанда Түркия Бас қолбасшылығында Ресейдің әскери шенділерімен кездесу болып, сол жерде соңғы мәрте ескерту беріпті, енді шекараны бұзатын болса шара қолданатынын ескертеді. Анталияда өткен Үлкен-20 (G-20) саммитінде де Ердоған Путинге ұшақтарының шекарасын бұза беретіні жайлы айтқан. Түсінікті тілде айтқанда, алдынан өткен. Енді міне нәтижесі. Бұл оқиға құрығанда Түркия-Ресей шекарасында болған жоқ. Ресейдің тартысатынындай логика жоқ. Украина, Молдова, Джорджия (Грузия), Сирия, т.б. кез келген елге әскерін кіргізе беретін Ресейдің әрекеті заңдылық сияқты қабылдаймыз. Адам басына түспей ештеңе түсінбейді. Осы жағдай біздің басымызға түсті делік, Новороссия немесе Петропавлск, Павлодар халықтық республикалары құрылып, Қазақстанға Ресей әскерлері кіріп, Қазақстанды «шоқайшыл», «алашшыл», «фашизммен» айыптап жатса таң қалмаңыз. Қазақстанның сонда ғана сәл болса да көзі біраз ашылар еді. Оған дейін ештеңе түсінбейтін зомби екенімізді мойындайық.

Ресей медиасының арқасында Түркия Ресейдің арқасынан пышақ сұққандай сезініп, Түркия терроризмнің жандайшабы, демалысқа бару қауіпті болып қалды. Ресей медиасы Түркияның осы күнге дейін қайта-қайта дипломатиялық жолмен де басқа жолдармен де 3 рет ескерткені туралы ауыз ашпадық. Бірақ ол туралы мәліметтерді іздеу сайттарынан тауып алуларыңызға болады. Түркия мен Ресей медиасының қалай жұмыс істегенін мынадан байқауға болады: Түркияда Ресей азаматы болғаның үшін ешқандай кемсіту жоқ. Халықтың Ресейге көзқарасы дұрыс. «Ресей халқы досымыз, туристері қонағымыз. Бірақ әскери ұшақтарын қонақ ете алмаймыз» мағынасында. Мәселені дипломатиялық жолмен шешсек дейді. Елдер арасындағы мәселелер  дипломатиялық жолмен шешіледі. Түркияның да ұшақтарын көршілері талай атып құлатқан, бірақ барлығы дипломатиялық жолмен шешілген. Негізі Су-24 оқиғасы сылтау ғана. Мәселе, ниетте. Барлық жолдарын жасап, басынғанды басынан асыра алмайтынын дәлелдеген Ердоған, болған жағдайға қарамастын кішірейіп, Путинмен мәселені отырып шешкісі келетінін білдірді. Путин қалай жауап берді? Қанын ішіне тартып, кіжініп, тістеніп, «қырамын, жоюмын, әкесін танытамын» деп жұдырығын түйіп, Ердоғанмен кездесуден бас тартты. Екі елдің арасын бұзу үшін қолынан келген барлық әрекеттерін жасап жатыр. Мәселені, кек алмай қоймаймыз дегенге әкеп тіреп тұр. Егер де Ердоған Батыс пен АҚШ-тың тапсырмасын орындап жатыр десек, Путинмен мәселені ушықтырмауға ұмтылмас еді. Ресейге қарсы барлық санкцияларын қояр еді. Осы күнге дейін Ресейдің барлық қоқан лоққылары мен арандатуларына, экономикалық санкцияларына салқынқандылық танытып, Ресейге жасаған достық қадамдарына, қолында тұрған бар мүмкіндіктері арқылы Ресейге қарсы шаралар қолданбай отырғанына бүкіл әлем риза болды. Ешкімнің ешқандай ойыншығы емес екенін дәлелдеп отыр. Мейлі бұл Батыс пен АҚШ-тың ойыны деген күннің өзінде, Путин олардың ойынының құрбаны болмас үшін, сайқымазағы болмас үшін Ердоғанмен өзара түсінісіп, мәселені ұшықтырмауға ұмтылар еді. Мәселенің барлығы Путиннің империалистік ниетінде болып тұр. Егер де Түркия Батыс елдері мен АҚШ-тың айтағындағы ел болса, солармен бірге Ресейге санкция қойған болар еді. Қаншама қысымдарға қарамастан Түркия Ресейге қарсы санкция қоймады. Достық байланыстарын жалғастыра берді. Ал енді міне, Ресей өзі мәжбүрлеп отыр. Себебі Түркияның барлық лауазымды тұлғалары кезекпен кезек айтып ескертіп шықты, «егер де Ресей осы бетінен қайтпай санкцияны жалғастыра берер болса біздің де жауабымыз бар» мағынасында. Яғни Түркия тарихтан бері әлемде өзіндік орны бар ел екенін дәлелдеп келеді.

Бұл ешқандай елдің пропагандасына ермей, салқынқанды ойлаған адамға осындай ойлар келері анық. Барлығына логикалық түрде қарағанның өзінде осындай пікірлер туындайды. Ресей пропагандасының нәтижесіне қарасақ, халықтың түріктерге қарсы өшпенділігін күшейтіп, түріктерді көрсе өлтіруге дайын болды. Ресей халқы шовинизм ауруымен ауырғаны соншалық Түркия азаматтарына қолдан келген барлық қысымдарын жасап жатыр. Негізі бұл жағдай түріктерге ғана емес орыс еместердің барлығына деген өшпенділігі өршіп тұр. Біз Қазақстанда отырып, Ресейдің ең жақын досы екендігін алға тартамыз-ау, егер Ресейге барсаңыз өзіңіздің тәжік, өзбек, қырғыздармен қатар «чурка» екендіңізге көз жеткізер едіңіз. Ресейде өзге ұлттарды кемсіту, өлтіру, ұрып-соғу фактілерінің көбейіп кеткендігі осы сөздеріме дәлел бола алады. Ресей қоғамының шовинизммен шектен тыс ауырғанына қарап, Түркияға әлі қолдан келген барлық қоқан лоққысын көрсететері анық. Оны Джорджия, Украинаға қатысты әрекеттерінде көз жеткіздік. «Түркия НАТО-ның мүшесі болмағанда, Ресей танктері баяғыда Стамбулда тұрар еді» деген пікірді кеңінен насихаттағанынан Ресейдің қалт етсе әскери әрекетке барудан тайынбайтынын байқатты. Егер де Түркияға күші жететін болса НАТО-ға мүше болмай тұрған кездері неге жаулап алмады екен деп ойлаймын.

Қазақстан қандай позиция ұстануы керек еді?

Бұл жағдай тәуелсіздік алғалы Қазақстанға бірінші рет сынақ болды. Қоғамдық пікір екіге жарылды. Бұл мәселе туралы Қазақстан билігі көзқарасын Қ.Тоқаев арқылы жеткізді. Қ.Тоқаев Түркияның Ресей ұшағын негізсіз атып түсіргенін айтып, Түркияны айыптады. Мәселенің мәніне үңілмей жатып, Ресей не айтты соны қайталауымыз  бұл біздің ақпараттық қауіпсіздігіміздің жоқ екенін, Қазақстанның ақпараттық күн тәртібін Ресейдің жасап беретінін көрсетті. Меніңше, Қазақстан негізі тәуелсіз ел ретінде тәуелсіз позиция ұстануы керек еді. Яғни Түркия, Ресей тараптары деп бөлінбей, біртұтас елдік позиция ұстануы, не болмаса Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан елдері сияқты ешқандай пікір білдірмеуі қажет еді. Сайып келгенде, бұл Түркия мен Ресейдің өз мәселелері. Түркия-Ресей текетіресі кеше пайда болған жоқ. Олар 16-ғасырдан бері жауласып келеді. Ал егер бірі көршіміз, бірі бауырымыз дейтін болсақ, татуластыру саясаты әбден орынды еді. Алайда Елбасымыз «Ресейлік бомбалаушы ұшақ Түркияға шабуыл жасаған жоқ, Түркияға қарсы ұшқан жоқ. Ол терроршылармен соғысу үшін ұшты» деп астыртын Түркияның әрекетін сынға алып, Ресей тарапын ұстанып отырғандығын көрсетті.

Түркия-Ресей текетіресінде ресми түрде ешқандай тарапты ұстанбауымыз керек десек те, Қазақстан табиғи түрде «орыс әлемінің» бе әлде «түркі әлемінің» бөлшегі ма соны іштей білуіміз үшін, дін, тіл, мәдени жақындығынан бөлек Түркия мен Ресейдің Қазақстанға қандай қарым-қатынаста болғандығын қысқаша бір-екі сөзбен жаза кеткеніміз жөн.

Ресей: Геноцид. Полигон. Гептил. Барлық қазба байлықтарымызды түгімен тартып алып жатыр. Кез-келген уақытта мемлекеттілігімізді жоя алатынын ашық айтып отырады. Әсіресе Жириновский сияқты Думаның төраға орынбасары сияқты үлкен лауазымды шенеунігі арқылы. Путиннің өзі де Қазақстанда мемлекеттіліктің болмағандығын айтты. Егер де кімде-кім Ресей империализміне қарсы шықса, олардың ешқайсысын мемлекет ретінде мойындамайды. Жер бетінен жойып, жоқ етемін деп кіжінеді. Барлығына қолданып жатқан саясаты осы. 2008 жылы Путин «Украина керек болса мемлекет емес. Жартысы Шығыс еуропа, жартысы біз – Ресей сыйға берген жер» деп айтқанын ұмытпайық. Себебі мұндай позициядағы саясатты кез-келген елге таңуға бейім. Сол сияқты, егер де Қазақстан Кремль саясатына қырын келіп қалса, Қазақстанның тас-талқанын шығаруға дайын. Бізді стратегиялық әріптесі ретінде, тіпті көршісі ретінде де көзіне ілмейді. Путиннің саясатын түсінгісі келгендерге Солженицин мен Дугинді оқуға кеңес беремін.

Түркия: Тәуелсіздігімізді алғаш таныған ел. Сонымен қатар тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына көп үлес қосқан. Тек табыс табатын салаларға ғана емес, қайырымдылық салаларға да қаржы құйды. Түрік лицейлері. Университеттер. Қайырымдылық қоғамдық ұйымдар мен қорлары. Түркия Білім министрлігінің жыл сайынғы гранттары. Анкара қаласының орталығында Н.Назарбаевқа ескерткіш қойып, Түркияның 4 қаласында: Невшехир, Кыршехир, Гебзе, Адана қалаларында Назарбаевтың құрметіне көше аттарын берді. Назарбавты «Түркі халықтарының ақсақалы, лидері» деп таныды…

Бұл мақаланы жазуға түрткі болған жағдай, Ресейдің санкцияларынан кейін Қазақстан да ақырындап Түркиямен байланыстарын бәсеңдетіп жатқанын байқадым. Ресми түрде тапсырма болмаса да Түркияға есіктерін сыпайы түрде жауып жатқандарды естіп жағамды ұстап жатырмын. Елбасының пікірінен бөлек, басы Кремльден басқарылып жатқанын білмейтін басшыларымыз бен Парламент депутаттарымыз бар екен. Бұл жағдай санамызға орыс мәдениеті мен менталитетінің/түсінігінің мықтап сіңіп қалғанын дәлелдейді. Ресей премьер-министрі Д.Медведевтің Түркияға қарсы экономикалық санкцияларды Еуразиялық экономикалық одақ аясында да қолдану керектігі туралы ұсынысы емес, талап еткенінен кейін біздің біраз мемлекеттік органдар әрекеттеніп жатқан көрінеді. Осы жайт қатты алаңдатып отыр. Біз Түркия мен Ресейдің емес Қазақстанның мүддесін қорғауымыз керекпіз. Мемлекеттің мәңгілік досы, мәңгілік бауыры болмайды. Мемлекеттің мәңгілік мүддесi болады. Егер Елбасы айтқандай Мәңгілік ел боламыз десек, бұл біздің мәңгілік позициямыз болуы керек.

Фазылбек Әбсаттарұлы

“Шын ақпарат”

Related Articles

  • ОА қорғанысқа қаржыны не себепті арттырды? Каспийден Украинаға зымыран ұшырған Ресей суды ластап жатыр ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан әскері бірігіп өткізген «Бірлестік-2024» жаттығуы. Маңғыстау облысы, шілде 2024 жыл. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет.  Орталық Азия елдері қорғаныс шығынын арттырды, мұның астарында не жатыр? «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есе көп өндіруді жоспарлап отыр, алайда үкімет бұл салада жұмыс күшінің азайғанын есепке алмаған». «Каспий теңізінен Украинаға зымыран ұшырып жатқан Ресей теңіздің экологиялық ахуалын ушықтырып жатыр». Батыс басылымдары бұл аптада осы тақырыптарға кеңірек тоқталды. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОРҒАНЫС ШЫҒЫНЫН АРТТЫРДЫ. МҰНЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР? АҚШ-тағы «Америка дауысы» сайты Украинадағы соғыс тәрізді аймақтағы қақтығыстар күшейген тұста Орталық Азия елдері қорғаныс саласына жұмсайтын ақшаны арттырғанына назар аударды. Бірақ сарапшылар мұндай шығын тұрақтылыққа септесетініне күмән келтірді. Стокгольмдегі бейбітшілікті

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: