|  | 

Жаһан жаңалықтары

Влад Росс: Путин түйе жылы «құлайды»

Украинаның Одесса қаласында тұратын Влад Росс – жеке адамдардың жұлдыз-жорамалын құрастырумен ғана емес, саяси оқиғаларды да болжаумен танылған астролог. Ол Азаттыққа жаңа жылға арналған болжамдарын айтып берді.

Одессалық астролог Влад Росс.

Одессалық астролог Влад Росс.

Астрология, жұлдыз-жорамал дегенге күмәнмен қарасаңыз да, Влад Росстың 2016-2017 жылдары Ресей мен Украинаны қандай өзгерістер күтіп тұрғаны жайлы айтқанына назар салыңыз. Оның бұған дейін жасаған саяси болжамдарының көбі дәл келген.

– Влад, сізді Украинада ғана емес, ресейліктер де жақсы білетін сияқты.

– Жуырда мені Белковский жарнамалаған болатын…

– Оның жазбасынан кейін сіздің болжамдарыңызды оқып, тәнті болдым. Сіз соңғы жылдары болған саяси оқиғалардың көбін дәл болжапсыз.

– Иә, Қырымды бөліп алатынын, Януковичтің биліктен қуылатынын алдын ала айтқанмын.

– Франциядағы терактілерді де дұрыс болжадыңыз.

2017 жыл – Путин үшін ең қауіпті жыл.

– Дұрыс айтасыз. Мен терактілер Бельгияда болатын шығар деп ойлағанмын, бірақ олар қауіптің алдын алып, үлгеріп қалды. Бұдан бөлек, ұшақ апаты болатынын алдын ала сезіп, жұрттың бәріне Египетке бармай, Түркияда демалыңдар деп ескерткенмін.

– Янукович демекші, оның алдынан есіктің жабылып қалғанын әлдебір белгіге балаған сұхбаттарыңызды оқып шықтым.

– Оның Украинадан қашатыны, қуғындалатыны сөзсіз еді. Ал үстіне венок құлап кеткенде, «өзіне немесе жақын адамдарының біріне қатер төніп тұр екен» деп ойладым. Үстіне венок құлап еді, ол баласынан айырылды.

yankov
https://youtu.be/yPoYDfImnQU

– Ал мұның астрологиямен, жұлдыздармен қандай байланысы бар?

– Екеуі бір-бірін толықтырады. Белгілер мен ырымдар, жұлдыздар бір-бірін толықтырып тұрады. Хиромантия да сондай. Мысалы, кейде адамның алақанындағы Сатурн «дөңесінен» крест көрсем, көлік апатынан сақтану керек деп ескертемін. Кімдер екенін айтпай-ақ қояйын, бірақ опат болған адамдар бар. Виктор Януковичтің баласына «судан қатер бар» деп ескерткенмін, ол болжамым дәл келді. Оны жақсы танимын, кездесіп, кеңестерімді бергенмін.

– Ол сіздің көмегіңізге жүгініп пе еді?

– Әрине, мен Украинада VIP-персона, VIP астрологпын ғой.

– Влад, әлгі веноктың құлауы, есіктің жабылып қалуы сияқты дүниелер маған әлдебір әзәзіл күштердің қитұрқы әрекеті, элементалдар әсері сияқты көрінеді.

2016 жыл – Порошенко үшін өте қауіпті жыл, оның күзеті қырағы болуы тиіс.

– Мұның бәрі – белгі. Порошенконың ұлықтау рәсімінде әуелі мылтық, кейін адам құлап түсті, бұл – оның өміріне қастандық жасалуы мүмкін екенін көрсететін белгі болатын. Кезінде Рональд Рейганға осындай белгі берілген. Бірақ алдын алып, Рейган қастандықтан аман қалды. 2016 жыл – Порошенко үшін өте қауіпті жыл, оның күзеті қырағы болуы тиіс. Бірақ аяғы нөл санымен бітетін жылдары сайланған АҚШ президенттері қызмет мерзімі аяқталмай қайтыс болғанын білесіз. Оларға үндістер көсемінің қарғысы тиген. Бірақ нөлге аяқталатын жылы сайланған Джордж Буш тірі қалды. Мен аяғы нөлге бітетін жылдары сайланатын президенттерге камикадзе деп қараймын. Сондықтан Америкада 2020 жылы сайланатын келесі президент те камикадзе болуы мүмкін. Үндіс көсемі қарғысының күші әлі біткен жоқ.

– Ақыры Америка жайлы айттыңыз, келесі президент кім болатынын сұрайын. Бірақ сайлауға түсетін кандидаттар тізімі әлі түгел емес.

– Мен Хилари Клинтонның жеке астрологы бар екенін түсіндім. Өйткені ол президент сайлауына түсуге берген өтінішін жұлдыздар сәтті орналасқан уақытта сайтына жариялап үлгерді. Сайлау науқанында да кәсіби астрологтың көмегіне жүгінгені анық. Сондықтан ол сайлауда оңай жеңіп шығады деп есептеймін. Ең қызығы, ол өз кандидатурасын ұсынардан бірер күн бұрын «дәл уақыты келгенде бәрін сайтымнан көресіздер» деген еді. Өткен сайлауда да жұрт Хилари жеңеді деп болжаған, ешкім Обама жеңіп кетеді деп ойлаған жоқ. Бірақ ол кезде Хилари өтінішті Ай оңынан туатын кезде бермей, сәтсіздікке ұшырады. Ал бұл жолы астрологты жалдағаны анық, оған аса білікті кәсіби астролог көмектесіп жүр, мұны бірден байқадым.

– Ал республикалық партия ше?

Доллар бағамы 100 рубльге жетеді, мұнай арзандап, 25 долларға дейін құлдырайды.

– Республикалық партияда мұндай харизма жоқ. Буштар кланынан біреу шықса ғана Хилари Клинтонды жеңер еді. Джеб Буштың жұртты үйіріп әкететін харизмасы жоқ, оның жұлдызнамасында АҚШ президенті болатыны жазылмаған. Ал Дональд Трамп қазір көп дауыс жинап жүргенін өзіңіз де білесіз, алайда ертең оны қолдайтындар азаяды. Оның планетасы – Уран, сондықтан ол әлі талай шу шығарады, мүмкін оны республикашылар ұсынады. Бірақ республикашылар оның кандидатурасын алып тастап, басқа біреуді табады деп ойлаймын. Дегенмен, дәл қазір Клинтонның алдын орап кететіндей ешкім жоқ.

– Енді өзіміздің құрлыққа оралсақ… Путин билігі тұсында сіз үрей тудыратын немесе керісінше, рух беретін әлдебір белгілерді байқадыңыз ба?

Әр 32 жыл сайын биліктегі адам орнынан кетіріледі.

– Оны ұлықтау рәсімі ешқандай проблемасыз өтті. Жалғыз білетінім, Заратуштра заманындағы күнтізбе бойынша түйе жылы қайта айналып соғатын әр 32 жыл сайын [Ресейде] биліктегі адам орнынан кетіріледі. 1921 жылы, яғни түйе жылында Ленинді биліктен іс жүзінде тайдырып, Горкиге жіберді, ол шамамен көктемде – наурыз айынан алжаса бастаған. Оған 32 жылды қоссақ, 1953 жыл шығады. Тағы да наурыз айында Сталин қайтыс болды, мүмкін өз ажалынан емес шығар. Діни семинарияда оқып жүргенде «ажалың кісі қолынан болады» деген болжамнан кейін ол көлеңкесінен қорқатын болған. Елдің саясаты сол сәттен бастап күрт өзгерді. 1953 жылға 32 жылды қоссақ, 1985 жыл шығады. Бұл жылы да ел саясаты күрт өзгеріске ұшырап, наурыз айында билікке Горбачев келді. Оған 32 жылды қоссақ, Ресей саясаты тығырыққа тірелетін 2017 жыл – Заратуштра күнтізбесі бойынша тағы түйе жылы. Ал наурызда Путиннің билікте қалу-қалмасы белгілі болады. Ол билікке 1999 жылы 9 тамызда – күн тұтылғанда келгендіктен, оның екінші циклы бар. Ал 11 тамызда күн сұмдық тұтылып, бүкіл Еуропаға көрінген. Ол шынымен де Ресей тағдырына ықпал ететін кармасы мықты билеуші. Оның тағдыры 18,5 жылда шешілуі тиіс. Егер 1999 жылдан бастап санасақ, күн тұтылу циклы тағы қайталанатын 2017 жыл шығады екен. Яғни, күнтізбелік циклдың екі көрсеткіші бойынша, 2017 жыл Путин үшін ең қауіпті жыл екенін көреміз. Әрине, ол сарай төңкерісінен де қорқуы тиіс, тіпті өміріне қастандық жасалуы мүмкін. Әдетте мұндай жағдай әсіресе наурызда болады. Неге екені белгісіз, бірақ Черненко да, Сталин де наурызда қайтыс болды, Ленинді Горки кентіне наурызда жіберді. Осындай қызық үрдісті байқауға болады. Сондықтан 2017 жыл Ресейге үлкен бетбұрыс әкелетін жыл болмақ. Бірақ, 2016 жылы Путин үшін тамаша жыл болады. Жұрт күткендей әрі Путин уәде еткендей, заман жақсармайды, керісінше, бәрінің қиюы кетіп, доллар бағамы 100 рубльге жетеді, мұнай арзандап, 25 долларға дейін құлдырайды, зейнетақы мен жалақыны индекстеу тоқтайды.

– Қазір мұнайдың арзандауы мен рубльдің құлдырауынан шошып отырған ресейліктерге қандай кеңес айтар едіңіз?

– Қазір ресейліктерге валюта, алтын сатып алуға, Ресей рублінен құтылуға кеңес берер едім.

– Қазір ресейліктердің көбі, әсіресе Путиннің саясатымен келіспейтін адамдар эмиграция жайлы шындап ойлана бастады.

Ресей үшін сарай төңкерісі деген дағдылы нәрсе.

– Ондайлар аз. Татар-моңғол бұғауының тікелей мұрагері саналатын Ресейде халықтың әміршісіз күні жоқ, соның айтқанымен жүруге үйренген. Оларға «қазір өмірлеріңді қара бұлт торлап тұр, күні ертең-ақ жарық басталады» десе, жұрттың бәрі сол «жарықты» күтіп отырады. Өйткені орыстардың ДНК-сы мен генеалогиясында фин-угор кластерінің Ү-хромосомдары басым. Ал фин-угорлар төңкеріс жасауға қабілетті поляктар немесе украиндар емес, олар әліптің артын бағуды жөн көреді. Бірақ Ресей үшін сарай төңкерісі деген дағдылы нәрсе. Бірінші Петр заманынан бергі тарихты қарасақ, Ресейде билік мұрагерлік жолмен немесе сарай төңкерісі арқылы ауысып келген.

– Влад, мұндай үлкен саяси болжамдар жасауға көп астрологтардың батылы бармайды, қателесуден қорқады. Ал сіз неге қорықпайсыз?

– Өйткені кейбір саясаткерлер менің болжамдарыма сенбейді. Ал өзгелері сенсе де, елегісі келмейді. Бірақ, интернетте маған Ресей жақтан: «Путин туралы не сандырақ жазып отырсың? Сені өлтіреміз» деген сарында қоқан-лоқы жасағандар болды.

– Яғни Кремльдің әйгілі тролльдерінің шабуылына ұшыраған екенсіз ғой?

– Иә, бірақ бірер мәрте шүйліккені болмаса, ондайлар көп емес.

– Қазір көп салаларда Ресей-Украина байланыстары үзіліп қалды. Украинада өткен кәсіби конгресте баяндама жасап келген ресейлік бір дәрігерге Ресейдегі әріптестері «сатқынсың» деп жауыққанын естіген едім. Ал астрологтар қауымында не болып жатыр? Ресей-Украина астрологтары бұрынғысынша араласа ма, жоқ әлде мына қақтығыс салқыны олардың қарым-қатынасына да тиді ме?

– Мен тіпті украиналық астрологтардың өзімен араласпаймын, сондықтан ресейліктерде не болып жатқанын нақты білмеймін. Болжамдарының көбі келмей қалғанымен, Глобаны қатты құрметтеймін. Қазір Глобаны тыңдап алып, бәрін соған керісінше жасау керек. Бірақ, кезінде оның дәрістерін тыңдап, диплом алғанмын.

– Қазір астрологтардың форум, пікірталастарында жанжалдасып қалмайсыздар ма?

Содырлардың басшылары, қазір ол жақты басқарып отырғандардың бәрі Ресейге кетеді.

– Украинада атағымды көре алмайтындардың кесірінен кейінгі кездері ондай жиындарға қатыспайтын болдым. Жуырда бір конференцияға шақырту алдым. Бірақ оған бармаймын, «Донбасс» телеарнасына сұхбат беруге келісіп қойдым, соғыс жайлы ақпарат бергенім жөн сияқты.

– Ал соғысқа қатысты қандай болжам айтасыз?

– 2016 жылы толық бітім орнайтыны даусыз. «Шахтер» биыл күзде «Донбас-аренада» ойнайды деп кәміл сенемін, яғни ойыншыларға ешқандай қатер төнбейді.

– Ал ДХР мен ЛХР-дың болашағы не болады?

– Путин тірі тұрғанда олар Приднестровье, Абхазия, Оңтүстік Осетия және солтүстік Кипр сияқты осы күйінде қалады. Ал Путин биліктен кеткен кезде ол жерлердің бәрі кері қайтарылып, Украинаның құрамына кіреді. Содырлардың басшылары, қазір ол жақты басқарып отырғандардың бәрі Ресейге кетеді. Әрине, олармен ешкім келісімге келмейді, оларға елімізде орын жоқ.

– Скептиктердің «астрология – ғылым емес, ал жұлдыз-жорамалға сенудің қажеті жоқ, мұның бәрі ойдан шығарылған дүниелер» деген сөздерін талай естіген шығарсыз. Ондай адамдарға әдетте не деп жауап бересіз?

– Ондай кезде: «Жігіттер, сонда 18-19 ғасырларға дейін астрология мен астрономия екі бөлек ғылым болды ма?» деп сұраймын. Екеуі бір ғылым болған. Кезінде Кеплер сияқты қайраткерлер астрологиямен айналысып, ақша тапқан. Сондықтан мен «бұл – ғылым, түсінуге болмайтын метафизикалық ғылым» деп кесіп айтамын. Бөгде ғаламшарлықтар бар дегенге жұрттың бәрі сенеді, бірақ ешкім оларды көрген жоқ немесе кім екенін түсіндіре алмайды. Планеталардың орналасу құпиясын, олардың күнді айналып қозғалатынын анықтаған Коперниктің өзі астрологиямен күн көріп, ғылымда талай жаңалық ашқан. Коперник майталман астролог болған адам. Бұған ешкім сенбейді, бірақ бұл – шындық.

(Дмитрий Волчек алған сұхбат орысшадан аударылды.)

Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: