|  | 

Спорт

Голландиялық футболшы қазақ кері қайтты

Шымкенттік «Қыран» клубының үздік футболшысы атанған Мұрат Өнал «Қазақстан азаматтығын ала алмай, ұлттық құрамаға шақырылмаған соң Голландияға қайтқанын» айтады.

Голландиялық қазақ Мұрат Өнал.

Голландиялық қазақ Мұрат Өнал.

– Қазақстанда екі жыл жүрдім. Бірақ азаматтық алу мүмкін болмады. Ал легионер ретінде ойнағым келмеді. Сосын еліме қайтып оралдым, – деді.

«АРМАНЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАҒА ЕНУ БОЛАТЫН»

Мұраттың футболшы болу талабын кішкентай кезінен қолдаған ағасы Тунсай Өнал ата-аналарының 28 жыл бұрын Стамбулдан Амстердамға қоныс аударғандарын айтады.

Мұрат Өналдың ағасы Тунсай Өнал.Мұрат Өналдың ағасы Тунсай Өнал.

– Мұрат бес жасында Амстердамдағы «Веспуччи» әуесқой командасының футбол клубына қабылданды. 17 жасында жастар арасында үздік шабуылшы болды. Кейін басқа да клубтарда ойнады. Осыдан екі жыл бұрын «Қазақстанға бар» деп жібердік. Қазақстанда екі жыл жүрді, Қазақстан паспортын ала алмады. Оның арманы Қазақстан ұлттық құрамасына ену болатын. Бірақ ол арманы орындалмады. Сосын амалсыз қайта оралды. Қазір Голландияның Топклассе дивизионындағы ең мықты командалардың бірі «Лиссеге» ауысты, – деді ренішті үнмен.

Мұрат ойнаған шымкенттік «Қыран» футбол командасының директоры Талғат Пошимов «оның командада лидерлік деңгейде болғанын, биыл да ойнайды деп үміттенгендерін» айтады.

– Ол соңғы кетерінде «келмеймін» деген жоқ, «көремін» деген болатын. Бірақ кеше (10 қаңтар – ред.) Голландияның бір командасынан бізге қатынас қағазы келіпті. «Бізге [Мұрат Өналды алуға] рұқсат беріңдер» деп. Ол ойыншы ретінде жақсы. Орталық қорғаушы ретінде де, кейде шабуылшы ретінде де ойнай береді. 2015 жылы 14 гол соқты, – деді «Қыран» футбол командасының директоры.

Талғат Пошимовтың сөзінше, «ата-анасы Голландияда тұрғандықтан Мұраттың өзі Қазақстан азаматтығын алуға қатысты екіойлы болған».

– Басында екі елдің азаматтығын да қатар алмақшы болды. Бірақ бізде мүмкін емес қой (Қазақстанда қос азаматтыққа заңмен тыйым салынған – ред.). Кейін өзі Қазақстан азаматтығын алуға аса құлшыныс байқатпады, – деді Пошимов.

«ЖҰМЫСТАРЫ ЖАУАПСЫЗ ҚАЛДЫ»

Қазақстанның кейбір спорттық ақпарат құралдары Мұрат Өналдың бұған дейін «бір мәрте ұлттық құрамаға шақырту алғаны» туралы жазған. Алайда Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы Дина Ысқақова мұны жоққа шығарды.

Қазақстандық футбол жанкүйерлері. (Көрнекі сурет)Қазақстандық футбол жанкүйерлері. (Көрнекі сурет)

– Мұрат Өналдың азаматтығы жоқ. Ал оның ұлты қазақ болғанымен шетел азаматы болғандықтан құрамаға шақыра алмаймыз. Өткен жылы «Ала доп» сайты «Мұрат Өналдың ұлттық құрамада ойнауға мүмкіндігі бар ма» деп хат жазған болатын. Біз өз тарапымыздан Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат бөліміне шығып, Мұраттың азаматтық алу мәселесінің болатын-болмайтынын сұрағанбыз. Олар «жұмыс жасап жатырмыз» деп жауап берген. Бірақ сол жұмыстары жауапсыз қалды, – деді Дина Ысқақова.

Мұрат Өнал Қазақстанға келген тұста қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне еңбек миграциясы мәселелері бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сәйкес оралмандарға азаматтық Қазақстанға көшіп келген соң 4 жылдан кейін беріледі деп көрсетілген.

Бірақ сырттан келген 13 шетелдік футболшыға 2014 жылы аз ғана уақыт ішінде Қазақстан азаматтығы берілген еді. Олардың ішінде Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан мен Македониядан шыққан футболшылар болған. Азаттықтың оларға жылдам азаматтық беру себебі туралы сұрағына әділет министрлігі бұл процедураның заңды түрде жүзеге асқанын мәлімдеген. Министрліктің хабарлауынша, мемлекетаралық келісімдерге сәйкес, Ресей, Беларусь, Украина және Қырғызстан азаматтарының Қазақстан азаматтығын алу тәртібі оңайлатылған. Бұрынғы СССР аумағында тұрған және постсоветтік елдердің бірінде дүниеге келген адам Қазақстан азаматтығын оңайлатылған тәртіп бойынша жылдам алады.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

  • “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    Руслан МЕДЕЛБЕК Өзбек ойыншысы Абдукодир Хусанов (2) пен БАӘ ойыншысы Луанзиньо (21) әлем кубогына іріктеу ойынында. 5 маусым, 2025 жыл. Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына Өзбекстан құрамасының жолдама алғанына жастар футболының қандай қатысы бар? Өзбекстан футболы жетістігінің себебіне үңілдік. “ӘЛЕМДІК АРЕНАҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР” Өзбекстан Азия құрлығында Иран, Катар, БАӘ, Қырғызстан, Солтүстік Корея бар топтан екінші орын алып, 2026 жылғы әлем кубогына лицензия иеленді. Өзбек футболшылары тоғыз ойынның бесеуінде жеңіп, үшеуінде тең түсіп, бір ойында жеңілген. Осы нәтиже ұлттық команданың әлем чемпионатына шығуына жеткілікті болды. Бұл топтан Өзбекстаннан бөлек Иран да әлем чемпионатына қатысады. Өзбекстан әлем чемпионатына шығуға бірнеше рет өте жақын болған еді. Мәселен, 2014 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде Иран,

  • Ер Жәнібек батырдың есімі ұлықталды 

    Ер Жәнібек батырдың есімі ұлықталды 

      Айдос Мырзахметов Өскемен қаласының Жекпе-жек сарайында аты аңызға айналған Ер Жәнібекті еске алуға арналған жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден ХІХ ашық республикалық турнир өтті. Ер Жәнібек ұрпақтары ұйымдастырып отырған турнирге Шығыс Қазақстан, Абай, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан келген 200 жасөспірім спортшы қатысады. – Кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы ашық республикалық турнирді осымен 19-шы мәрте өткізіп отырмыз. Біз жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, спортқа, оның ішінде семсерлесуге баулу мақсатында өткізіп келеміз, – деді турнирді ұйымдастырушы, Ер Жәнібек ұрпақтарының өкілі Әлібек Ерубаев. Турнирдің салтанатты ашылуында ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев спортсүйер қауымды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында және Отан қорғаушылар күнінде өтіп отырған жарыстың мәні мен мағынасы зор

  • “Жеңіліс ауыр тиді”. Қазақстан Еуро-2024 додасына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ әлі бір мүмкіндігі бар

    “Жеңіліс ауыр тиді”. Қазақстан Еуро-2024 додасына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ әлі бір мүмкіндігі бар

    Словения-Қазақстан матчы. Любляна, 20 қараша, 2023 жыл Футболдан Қазақстан құрамасы Люблянада Словения құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп, 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ Қазақстан келесі жылы наурызда Еуро-2024 додасына лицензия алуға тағы бір рет талпынып көрмек. Словениядағы ойын қалай өтті? Қазақстан құрамасының бас бапкері жеңіліс жайлы не деді? Люблянадағы матчқа барған Азаттық тілшісінің репортажы. МАТЧ ҚАЛАЙ ӨТТІ? Ойын бастала сала Словения құрамасы шабуылға көшіп, матчтағы басымдықты өз қолына алуға тырысты. Матчтың 26-минутына дейін Словения ойыншылары Қазақстан қақпасына төрт рет қауіпті соққы жасап үлгерді. Ойынның 40-минутында қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский Петар Стояновичті қақпа маңында шалып шығып, польшалық төреші Шимон Марчиняк Қазақстан қақпасына пенальти белгіледі. Бұл 11-метрлік пенальтиден

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: