|  |  | 

Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл

Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойына арналған еске алу шаралары 11 мемлекетте өтеді

Zuqabatir150Бұл туралы «Зуқа Сәбитұлының 150 жылдығын ұйымдастыру алқасы» хабарлады. Астанада өтетін шараларға Түркия үкіметінен, Стамбұл, Анкара қалалаларының әкімдіктерінен, ТүркіСойдан және басқада оннан астам шетелден делегация келетіні белгілі болды.12669683_10153916199084715_2640428889926741072_n

Мерейтойға дайындық барысы жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бүгін, 2016 жылдың 5-ақпанда Астана қаласында өтетін бір бөлім шаралардың, атап айтқанда бір ғылми конференция мен Алаш ардақтысына арналған «ауыз ашардың» орны мен уақыты белгіленді. Ұйымдастыру алқасының төрағасы Өмірхан Алтын өзінің Қазақстан Ұлттық Арасына берген сұхбатында: « 2016 жылы қазақ тарихында елеулі жыл болмақ. Атап айтқанда, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, сонымен қатар Алаштың ардақты ұлдары Зуқа Сәбитұлы мен ӘЛИХАН Бөкейханұлының 150 жылдығы қатар келіп отыр,  бұл даталар халықаралық деңгейде атап өтіледі» – деді.920707_10153916199224715_792537315953786966_o

Евразия ұлттық университетінің проректоры, Алаштанушы ғалым Дихан Қамзабек ағамыз өз кезегінде ұлы тұлғаға арналған шара Евразия ұлттық университетінде де жоғары деңгейде атап өтілетінін, атап айтқанда 2016 жылы 14 маусыда ЕНУ-де «Зуқа Сәбит ұлының өмірі мен күресі» атты ғылми конференция өтетінін айтты.

«Әзірет Сұлтан мешітінің» наиб имамы Минуаров Қуат Ерғалиұлымен кездесуде, 16 маусымға жоспарланған Зуқа сынды дін қайраткеріне, ұлт күрескерінің аруағына арнап ауыз ашар жасап, хатым түсіруге келісімін берді әрі  қолдауға дайын екенін  білдірді.

«Қазақстан Ұлттық арнасының» орынбасар директоры Қайнар Олжай ағамыз Зуқа және өның өмірі туралы жақсы білетінін, Зуқа туралы екі тарихи романды оқып шыққанын тілге тиек етіп, кезкелген кезде қолдауға дайын отыр.

12650873_10153916199244715_589347109308129658_nӘр орындарда өткен кездесулер кезінде өте жоғары деңгейде қолдау тауып отырды. Экс депттатар, «Ақ жол» партиясының басшылары Азат Первашев пен Нұрлан Жазылбеков, Астана әкімдігі,  Республикалық Ардагерлер Қауымдастығының төрағасы Өмірұзақ Озғанбаев, Ғалым Ғарифола Есім, Халықаралық Шыңғысхан академиясының академигі Жәди Шәкен, Ғалым Тұрсынхан Зәкен,  Қоғам қайраткері Узбен Құрманбай, ғалым Сайд Захан, Назарбаев Университетінің Тіл бөлімінің меңгерушісі Гүлтас Құрманбай, халық дәрігері Қайрат Айдархан, ақын, журналист Ахметұлы Бейсен, Бақытбол Берімбай қатарлы зялы қауым жан-жақтылы қолдау көрсетіндерін жетікізіп, жұмыс бастап кетті.

Дін қайраткерінен саяси күрескерге айналған Зуқа Сәбитұлы Шығыс Қазақстан өңірінде туылып, Алтай топырағындағы ұлт азаттық күресінің басшысына айналды. 1929 жылы желтоқсанда қытай үкіметі тарапынан қастандыққа ұшырап, басы алынып, шәйіт блды.  Өз кезінде, яғни кеңес одағының құрылу қарсаңындағы ұлт азаттық күресі Алтайдағы ұлт азаттық күресімен тығыз қабысып жатты. Кеңес Одағынан қуғын-сүргінге ұшырап, соғыс пен ашаршылықтан қашқан көптеген азаматтардың Зуқаны паналағаны белгілі. Жетім-жесір, қорлық көргендерді қасынан табылған Зуқаның жеке армиясы болғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Сол кездегі Шығыс Түсркістандағы Қытайдың үкімет армиясын бірнеше рет жеңіліске ұшыратты. Бұдан сырт 1921 жылы Алтайға басып кірген Ақ Патша генаралы Бакичевтің де бетін қайтарғаны туралы мәліметтер мен тарихи деректер жеткілікті. Осылайша соңғы ханымыз Кенесары Қасымұлынан кейін Зуқа Сәбитұлы да қазақтың азаттығы жолында басы алынған  тұлғаның бірі болып тарихқа қалды.12687873_10153916199249715_7313722673557981013_n

Міне Алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханұлымен бірге Зұқа Сәбитұлының  туылғанына да 150 жыл толды. Тәуелсіздік жолындағы күрестің барысы жәйлы және қазағымыздың қилы да қиын тағдыры туралы, Тәуелсіздіктің қадыр-қасиеті тұралы ақиқатты ұрпақтарға жеткізу – елдігімізге артылған міндет. Ұлыларымызды ұлықтап, ұлт болашағы үшін күресу Мәңгілік Ел болу үшін мәңгілік өзекті тақырып.

Барлығымызды Алла жарылқасын, Пайғампарымыздың шапағаты тисін, ата-баба аруағы қолдасын!

 

Ахметұлы Бейсен

Астанадан арнайы kerey.kz үшін.

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: