Төлешовке тағылған айыптардың арасында жаңасы пайда болуы мүмкін – ұлттық алауыздықты қоздыру.
Қазіргі таңда Тоқтар Төлешовтың ісін бұқаралық ақпарат құралдары жіті назарда ұстап отыр. Ал ресейлік БАҚ ірі кәсіпкердің сүттен ақ, судан таза екенін жарыса жазып жатыр.
Әлбетте, нұсқалардың бірі ретінде, бұл әрекеттер – бизнесті тартып алуға бағытталған шабуыл дегендер де жоқ емес.
Белгілі қазақстандық құқық қорғаушы Абзал ҚұспанТөлешовтың тұтқындалуына байланысты «Әлібидің ісін» еске алады. Оның айтуынша, Жамалиевтың жасаған қылмысының оның бизнесіне ешқандай қатысы болған жоқ — ол мемлекеттік мүлікті жымқырып, бюджет қаржысына қол салған жоқ. Соған қарамастан оның бизнес-империясының быт-шыты шықты.
Бұдан бөлек, Абзал Құспан мәселе Төлешовтың саяси белсенділігінің ерекшелігінде деп есептейді:
– аталған азамат бұған дейін Ресейдің сойылын соғып әрі ресейшіл сайттарды қаржыландырып келген көрінеді. Менің ойымша,
Төлешовке тағылатын айыптардың ішінде 174 баптың, яғни «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздық тудырудың» пайда болу мүмкін.
— Осы тұрғыдан келгенде, өз басым біздің биліктің батыл қадамдарын қолдаймын. Өйткені Төлешов көптеген ресейлік күмәнді ұйымдармен байланыс жасаған көрінеді. Егер осы рас болса, құқық қорғау органдары дұрыс бағытта жұмыс жасап жатыр деп есептеймін, – дейді Абзал Құспан.
Серік Жолдасбай
365info.kz
Пікір қалдыру