|  | 

Саясат

Жаңа министр балаларды қай тілде оқыту керек екенін айтты

© Youtube.com

10 ақпанда Ерлан Сағадиев ҚР білім және ғылым министрі болып тағайындалды. Конференциялардың бірінде ол балаларды қай тілде оқыту керектігін айтқан болатын, – деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде көптеген қазақстандық қолданушылар, саясаттанушылар, журналистер Сағадиевтің министр лауазымына тағайындалуын ең дұрыс шешімдердің бірі деп атады. Сағадиев өзінің жаңашыл идеяларымен белгілі. Ол “TEDxAlmaty 2013″ шарасында үш тілде білім беру жүйесі туралы сөз қозғады. Айта кетейік, қазақстандық мектептерге жаппай үш тілде білім беру жүйесін енгізу 2023 жылы іске асырылады.

Сағадиевтің айтуынша, ата-аналар мектепті таңдауға келгенде үнемі қиналады (министрдің бес баласы бар): мысалы баланы қай тілде оқытатын мектепке берген дұрыс. Оның айтуынша, ата-аналар мектепті таңдаған кезде белгілі бір мәліметтерге, сандарға және тренд деген ұғымдарға сүйенуі керек. Сонымен қатар, министр білім беру жүйесі туралы өз көзқарастарын бөлісті.

Министр мәлімдемесінде өзінің 7 жасқа дейін ауылда өсіп, тек қазақ тілінде сөйлеп, 7 жасынан 21 жасына дейін орыс тілді ортада өскендігін айтып өтті. Ал кейін 8 жыл бойы АҚШ-та ағылшын тілін үйренгендігін айтты.
Сағадиев мәдени тәрбие мен білім берудің мақсаттары мен міндеттерін ажырата білудің қажеттілігін айтты. Білім министрі әдебиеттің көбі тек ағылшын тілінде шығарылатындығын еске салды. Сонымен бірге, ол статистикалық мәліметтер бойынша, ағылшын тілінде жыл сайын 500 мыңнан аса кітаптың басылып шығатынын еске салды.

“Қазақстандағы білім реформасы туралы айтатын болсақ, бізге мектептің бір үлгісі керек. Қазіргі мектептер сияқты емес. Бұл мектепте барлық техникалық мамандықтар ағылшын тілінде, Қазақстан тарихы мен мәдениеті қазақ тілінде, ТМД елдерінің тарихы мен мәдениеті орыс тілінде оқытылады. Үш тілде оқыту міндеттеледі. Балаларымыз да қатты қиналмайды. Алға жылжу бар. (…) Елбасы үш тілде білім беру жүйесі туралы жариялады, барлық мектепті міндетті түрде осы жүйеге ауыстыруға нұсқау берді. Яғни, саяси шешім қабылданып қойды. Енді осы жүйені тек жылдам іске асыру қажет. Мені дұрыс түсініңіздер. Мен анам айтқандай, америкалық мәдениеттің немесе ағылшын тілінің табынушысы емеспін. Иә, ол маған ұнайды. Бірақ біздің балаларға осындай кітаптарды алуға мүмкіндік керек, әйтпесе біз жеңіліп қаламыз”, – деді министр.

“Бізге болашақта мәдениетімізді өзгертетін трендтерді түсіну үшін ғылым қажет. (…) Біз ата-ана ретінде білім берудің барлық мақсаты мен тапсырмасын ажырата білуіміз керек. Егер осыны білсек, мәселе өздігінен шешіліп, баланы қай тілде оқыту керектігі жайлы мәселеге нүкте қойылады”, – деді ол.

https://youtu.be/kgH8Qs0QvAM

Сағадиев Қазақ ұлттық университетін бітірген. АҚШ-тың Миннесота штатындағы оқу орнын бітіріп, магистр атағын алған. Ол Халықаралық IT университеті мен Халықаралық Бизнес университетінің негізін қалағандардың бірі. Оның әкесі – Кенжеғали Сағадиев белгілі экономист, қоғам қайраткері.


© primeminister.kz

Жаңа лауазымға тағайындалған министрді ұжымға премьер-министр Кәрім Мәсімов таныстырды.
Дегенмен, Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінде бұрынғы білім министр Аслан Сәрінжіповтің қандай лауазымға тағайындалғаны туралы ақпарат берілмеген.

tengrinews.kz 

Related Articles

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. 22 қыркүйек 2025 жыл. Тоқаев пен Зеленский. Сурет: Ақорда 21 қыркүйек күні Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясына барған сапарында Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ, Зеленский “Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын” білдірген, ал Қазақстан басшысы “қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет” деген. Зеленский осы кездесу туралы мәлімдемесінде Украина, АҚШ, Еуропа және өзге елдердің соғысты тоқтату жөніндегі талпынысын талқылағанын айтты. Оның сөзінше, қос басшы сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті, қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіру ісіне қатысуға деген қызығушылығын сөз еткен. 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кірген Ресей Қазақстанның ең

  • Украина “өрмегі” заманауи соғысты қалай өзгертті? Әскери сарапшылар пікірі

    Украина “өрмегі” заманауи соғысты қалай өзгертті? Әскери сарапшылар пікірі

    Украина “өрмегі” заманауи соғысты қалай өзгертті? Әскери сарапшылар пікірі Амос ЧЭПЛ Ресейлік “Белая” әуе базасын шабуылдаған украин дронынан түсірілген видеодан скриншот. Фото:Source in the Ukrainian Security  1 маусым күні жарияланған видеода бомбасы бар квадрокоптерлер жүк көлігінен ұшып жатқаны көрінеді, арғы жағында өрт болып жатыр. Сол күні Украина қауіпсіздік қызметі Ресей аэродромдарына соққы жасағанын, нәтижесінде Кремльдің стратегиялық бомбалаушы ұшақтары жойылғанын мәлімдеді. Әскери тактика бөлмелерінде бұл видеоларды мұқият зерделеп жатқаны анық. “Бұл шабуылды бүкіл әлем әскери қызметкерлері дабыл деп қабылдауы қажет” деді Жаңа америкалық қауіпсіздік орталығының Қорғаныс бағдарламасы директоры Стейси Петтиджон (ханым) Азаттық радиосына. “[1 маусымдағы шабуыл] көптеген қыры бойынша Украинаның ұзаққа ұшатын дрондар шабуылынан тиімді бола шықты. Өйткені шағын дрондар шашырап кетіп, әртүрлі нысандарды көздей алады

  • Сталин ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері

    Сталин ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері

    Осы уақытқа дейін құпия сақталып келген 106-қазақ атты әскер дивизиясының деректері енді белгілі бола бастады. 1942 жылы дивизия Ақмолада жасақталыпты. Әскери шала дайындықпен жасақталған дивизия 1942 жылдың мамырында, Харьков түбіндегі қоршауды бұзып шығуға бұйрық берер алдында, 4091 сарбазға 71мылтық, яғни 7 адамға бір мылтық және бәріне 3100 жарылғыш оқ –дәрі бәріліпті. Қазақ боздақтарын қарусыз жалаң қылышпен өлімге жұмсауы – «Гитлермен салыстырғанда Сталин солдаттарды өлімге 8 есе көп жұмсадының» айғағы (Михаил Гареев, Әскери академиядан.2005 жыл). “Төртінші билік» газетінің 2016 – жылғы мамырдың 28-жұлдызындағы санында шетелдік архивтерден алынған видеосюжеттегі 106-атты әскер дивизиясы жөніндегі неміс офицерінің айтқаны: «Не деген қырғыз (қазақ) деген жан кешті батыр халық, атқа мініп, ажалға қаймықпай жалаң қылышпен танктерге

  • ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    Олар ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде орыс тілінде оқудан бас тартқан. Неге солай ? Өйткені олар қазақ тілін таңдаған! Қазір университетте қазақ тілі курстары ашылып жатыр. Айтқандай, Әзербайжандарға тілімізді қолдағаны үшін құрмет пен құрмет. Олар нағыз бауырлас халық екенін көрсетті. Бірақ қазір біздің қорғаныс министрлігіне сұрақтар туындайды. Бұған дейін барлық шетелдіктерді орысша үйретіп пе еді? Біреу не сұрайды? Әйтеуір, білім – қазақ тілін насихаттаудың ең жақсы тәсілі. Ал неге орыс тілінде оқытады? Ал кім үшін? Ең қызығы, осының бәрін тек Әзербайжандардың арқасында ғана білетін боламыз. Ал неге бұрын қазақша оқытпаған, ең болмаса кейбір елдерде. Неге сол қытай тілін орысша үйретеді? Руслан Тусупбеков

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: