|  |  | 

Спорт Шоу-бизнис

ӨЗГЕ ЕЛ АЗАМАТТЫҒЫНАН БАС ТАРТҚАН ҚАЗАҚ СПОРТШЫЛАРЫ

  Үлкен спортқа енді ғана аяқ басып, тәжіирбе жинау кезеңінде көптеген спортшылар бапкердің талаптарынан шыға бермейді. Жас спортшылар көбінесе өз мықтылығын кеш танытып жатады. Енді біреулері өзге елдің азаматтығын алып, әлемдік жарыстарда мықтылығын дәлелдеп жатады. Ал енді біреулері өз елінің намысын әлемдік сындарда абыроймен қорғап, өзге мемлекеттен ұсыныс түскен жағдайда бас тартып жатады. Бүгін басқа ел ұсынысынан бас тартқан қазақстандық атлеттер туралы сөз етпекпіз.

 

Зарина Дияс

ЗАРИНА ДИЯС

Қазақ теннисінің қазіргі белді өкілдерінің бірі Зарина Дияс соңғы жылдары халықаралық жарыстарда көзге түсіп жүр. Алматыда туылып, 4 жасында ата-аналарының жұмысына байланысты Чехия мемлекетініне көшіп кеткен. Тенниспен де алғаш рет осы мемлекетте айналысты. Кейінірек халықаралық жарыстарға Қазақстан атынан сынға түсті. Зарина Дияс қазақ жанкүйерлеріне алғаш рет Президент кубогында көрінді. Дияс ол уақытта небәрі 16 жаста еді. Дияс WTA жарыстарына қатысып жүріп, үлкен дулыға бәсекелеріне де қатысты. Жаттығу жұмыстарын Қытай мемлекетінде жасайтын талантты спортшыға бір емес бірнеше мемлекеттен ұсыныс түскенін өзі жасырмады. Чехия мемлекетінде өсіп-жетілгендіктен осы елдің өкілдері Заринаға азаматтық алу туралы ұсыныс жасаған. Бірақ Зарина туған елінің атынан сынға түсуді жөн санады.

Элизабет Тұрсынбаева

ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА

Мәнерлеп сырғанаудан соңғы жылдары Қазақстан қыздарының ішінен Элизабет Тұрсынбаева жаста болса көп жетістікке жетіп жүр. 2000 жылы Мәскеуде туылған талантты спортшы биылдан бастап ересектер арасындағы жарыстарға да шығып жүр. Болашағынан зор үміт күттіретін Елизабетта жаттығу жұмыстарын Америкада жасайды. Небәрі 15 жасар талантты қыз, былтыр ересектер арасында алғаш рет Канадада өткен гран-при жарысында үздік шықты. Ал оған дейін жасөспірімдер арасында төрт рет халықаралық жарыстарда топ жарған. Спортшыға қызығушылық танытып, өзге мемелекеттің азаматтығын ұсынғандар да болды. Тұрсынбаева ол ұсыныстардан бас тартып, Қазақстан атынан сынға түсіп жүр.

Юлия Галышева

ЮЛИЯ ГАЛЫШЕВА

Фристайлдан (могул) 2011 жылғы Азия ойындарының чемпионы, 2015 жылы өткен Универсияда жеңімпазы және 2015 жылы Германияда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері қазақстандық спортшы Юлия Галышевада басқа мемлекеттен ұсыныс алғандардың тізімінде. Өскеменде туылған 23 жасар талантты фристайлшы қысқы спорт түрлерінен әлем чемпионатында медаль алған санаулы қазақстандық спортшының қатарына енеді. Соңғы жылдардағы табысы оны әлемдік деңгейде танытуға мүмкіндік берді. 2012 жылы Италияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған сәттен бастап оған басқа елден ұсыныс түскен. Оның айтуынша Канада мен АҚШ елдері өз қатарларына алу туралы ұсыныс жасаған. Алайда Юлияда спорттық карьерасын Қазақстанда өткіземін деп шешкен.

Илья Ильин

ИЛЬЯ ИЛЬИН

Қазақ ауыр атлетикасында ғана емес әлемдік деңгейде «жеңілмейтін» спортшы атанған Ильиннің жүлде қорында барлық медаль бар. Екі дүркін олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы және екі дүркін Азия чемпионы өзінің сұхбатында өзге мемлекеттен ұсыныс түскенін айтқан. Спортшы Қазақстан атынан ғана жарыстарға қатысқы келетінін жеткізген.

Алексей Полторанин

АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИН

Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия ойындарының, Әлем кубогының  және Тур де Ски жарысының төрт дүркін жеңімпазы Қазақстандағы табысты спортшылардың қатарына кіреді. 29 жасар Өскемен қаласының тумасына Әлем чемпионатынан кейін бірнеше елден ұсыныс түскен. Дегенмен спортшы бұл ұсыныстарды қабылдамады.

Олжас Сәттібаев (қызыл формада) Қазақстан чемпионаты атанды
Олжас Сәттібаев (қызыл формада) Қазақстан чемпионаты атанды

ОЛЖАС СӘТТІБАЕВ

2009 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы Олжас Сәттібаев та бұл тізімге кіреді. Азия чемпионатынан кейін құрамадағы бәсекелестік күшейе түсті. Сәттібаев бірнеше рет құрама тізіміне енбей қалған еді. Бұл жағдайдан хабардар басқа да мемлекеттер оны өз қатарына қосқысы келді. Алайда боксшы өзге елдерден түскен ұсынысты қарастырмайтынын айтқан. Одан кейін боксшы «Астана Арланс» клубымен Бүкіләлемдік бокс сериясында чемпион атанды.

alaman.kz

Related Articles

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

  • “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    Руслан МЕДЕЛБЕК Өзбек ойыншысы Абдукодир Хусанов (2) пен БАӘ ойыншысы Луанзиньо (21) әлем кубогына іріктеу ойынында. 5 маусым, 2025 жыл. Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына Өзбекстан құрамасының жолдама алғанына жастар футболының қандай қатысы бар? Өзбекстан футболы жетістігінің себебіне үңілдік. “ӘЛЕМДІК АРЕНАҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР” Өзбекстан Азия құрлығында Иран, Катар, БАӘ, Қырғызстан, Солтүстік Корея бар топтан екінші орын алып, 2026 жылғы әлем кубогына лицензия иеленді. Өзбек футболшылары тоғыз ойынның бесеуінде жеңіп, үшеуінде тең түсіп, бір ойында жеңілген. Осы нәтиже ұлттық команданың әлем чемпионатына шығуына жеткілікті болды. Бұл топтан Өзбекстаннан бөлек Иран да әлем чемпионатына қатысады. Өзбекстан әлем чемпионатына шығуға бірнеше рет өте жақын болған еді. Мәселен, 2014 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде Иран,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: