|  | 

Мәдениет

БӨКЕЙХАНҰЛЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАУ ХАҚЫНДА БІР СӨЗ

Alyhan

Әлихан Бөкейханұлының туғанына 150 жыл толу мерейтойын еске алушылардың қазіргі Қазақстандағы интеллигенция мен академиялық сала өкілдерінің арасында көптеп кездесуі көңіл қуантады. Кейбір журналистер де қайраткердің маңызды тарихи тұлға болғанына барынша назар аудартып жатыр. Мұндай іс-шаралар кезінде зиялы қауым бір жайтты жадына тұтса деп ойлаймын. Патшалық Ресейдің Конституциялық-демократиялық партиясының мүшесі (кадет), ерте совет кезеңіндегі Алаш Орда автономиясы үкіметінің төрағасы болған Әлихан Бөкейханұлының ұстанған саяси принциптері де терең талданса жарар еді. Кадет ретінде Бөкейханұлы парламенттік басқару һәм конституциялық монархия орнатуға шақырған ресейлік либерал интеллигенция мен орта дәулетті кластың бағытын жөн көрген (бұл партияның платформасы туралы жақсырақ білгісі келетіндер Павел Милюковтың 1916, 1917 жылғы әйгілі баяндамаларын оқып шықса болады). Кадеттер Ресейдегі аз ұлттардың тілі мен мәдениетін сақтау және дамыту туралы мәселе көтергенде қазақ саясаткері бұл науқанды өз халқының пайдасы үшін пайдалануға барын салған. “Қарқаралы петициясындағы” талап-тілектердің ішінде тиімді, әділ жергілікті басқару, діни сенім бостандығы мен заң үстемдігі туралы баптар Бөкейханұлының ұсынысы бойынша енгізілген болып шығуы әбден мүмкін.

Амал не, заманауи кадеттер, яғни шынайы либерал-демократиялық күштер советтік Ресей мен Қазақстанда “халық жауы” атанып, түгел жойылды, ал путиндік Ресейде “зомби жәшік” арқылы күнде қараланатын немесе Кремль түбінде оққа ұшып жататын маргинал саяси топқа айналды. Либерализмді жақтаушылардың ахуалы Қазақстанда да жетісіп тұрған жоқ. Әлихан Бөкейханұлының мерейтойын жаппай еске алып, көсіле сөйлеп, күмпілдей мақтап тұрып қазіргі Қазақстанның қайраткерлері дәл осы уақытта саяси қысымға ұшырап жатқандардың, сөз еркіндігі мен діни бостандығынан айырылып жатқандардың, нақақтан сотталып жатқандардың жағдайы туралы бір сөз айтуға жарамаса, бұл екіжүзділік емей не? Мұндай жандар Алаш Орда жетекшісінің өмірлік және саяси ұстанымдарынан не сабақ алған болып шығады?

Әлихан Бөкейханұлын зерттеушілердің бірі домалақ арыз жазу мен жаппай қаралау кезеңінің құжаттарын күнде оқып “зерттеп” жүрсе де, өз әріптесінің артынан домалақ арыз бұрқыратқанын көріп бір таң қалғаным бар еді. Менің айтпағым – Федор Ашнин сияқты белгілі түркітанушылар “алғашқы еуропалық қазақ” деп атаған қазақтың көрнекті һәм кәсіби либерал саясаткері Әлихан Бөкейханұлының туған күнін атап өткен сайын, оның қандай саяси идеалдар үшін өлгенін де атап өтейік. Сол идеалдардың қазіргі заманға сәйкестілігін де сараптай отырайық. Ұлттық сана-сезіміміздің соңғы ғасырда қаншалықты өскенін өлшейтін басқа амал жоқ.

ДЖЕНТЕЛЬМЕН

Лондонның солтүстігіндегі табиғи орманы сол күйінше сақталған Хайгейт шағын ауданында тұратын досым ауылындағы әйгілі орындарды көрсетіп, әдеттегідей экскурсия жасап жүр. “Мынау – Сэмюэл Кольридж өмірінің соңына қарай жиырма шақты жыл тұрған үй” дейді. Кәдімгі жапсарлас салынған таун-хаустың бір пәтері. Сосын француз революциялары қатты шабыттандырған ақынның Кембридж университетінен қалай қуылғаны туралы хикая айтылады. Бірнеше өлеңінен үзінді оқылады. Кольридж (1772 – 1834) Құбылай хан туралы поэмасын осы Хайгейттегі үйінде бастап, аяқтай алмай өмірден озған.

Орман ішін жарып өтіп зәулім сарайдай алып коттедждердің алдынан шығамыз. “Ал мына үйлерде қандай әйгілі адамдар тұрған?” деп сұраймын. Ұзын бойлы, сіңірлі сида денелі, әппақ сақал мұртты, жүзін күн қаққан классикалық ағылшын джентельмені бетіме көзін сығырайтыңқырап жымиып қарайды да: “Тұрған емес, тұрады” деп түзетеді. “Бұлар кім болды екен?” деп тықақтап қоймаймын. “Мына биік қоршауының үстінен тікенек сым жүргізген сұр үйлер бұрын СССР-дің елшілігінде істеген КГБ генералдарының мекені еді. 1991 жылы қандай да бір жолмен жаппай жекешелендіріп алды” дейді ардагер журналист. Әлгі үйлердің төңірегінен жан баласы көрінбейді.

Сәл жүргесін досым: “Ал мына қарсы беттегі зәулім сарай – Санкт Петербургтің бұрынғы мэрі, өзің білетін аса белгілі ханымның резиденциясы” дейді. “Мүмкін емес, тым шағын ғой” деймін сеніңкіремей. “Жоқ, бұл – күзетшілері тұратын үй, арғы жағына көз сал” дейді досым бірнеше қабатты, алды-артын фонтандар мен гүлзарлар қоршаған жалпақ дәу сарайды нұсқап. Біразға дейін үнім шықпай қалады. “Қайтесің, дүниенің небір әйгілі ғұламасын да, қарақшысын да қатар сыйдырған Лондон ғой” дейді ол.

Лондонға қашқан советтік және пост-советтік эммигранттар тарихын бір түгендеп, Хайгейт төбесінен алақанға салғандай көрінетін алып қаланың панорамасына қарап біраз отырамыз. “Неге қоғамдық орындарда, парктер мен осындай ормандарда әлдебір адамдардың аты-жөндері ойып жазылған ұзынша ағаш орындықтар көп қойылған?” деп сұраймын. “Ұлыбританияда соңғы кезде дәстүр болып кеткен құбылыс. Адамдар өмірден озған жақындарының зираттарына көп ақша шығармайды. Оның орнына марқұмдардың жиі барып тұрған, жақсы көрген орындарына осындай орындықтар қояды. Шаршап келіп отырған кезде арқалығынан аты-жөндерін оқып, бір дұға қып қоюға болады” дейді.

Жолай сол маңдағы ағылшын пабына кіреміз. Англияда тек пабта ғана бейтаныс адамдарға еркін тіл қатып, әзілдесуге болатын жазылмаған қағида бар. Дәстүрлі қуырылған балық пен картоп күтіп отырып, досым көрші үстелдегі ағылшын қыз-келіншекке асқан сыпайылықпен әрі суреткерлікпен комплимент айтып тастайды. “О, тоба, Англияда көз бен көңілді, ақыл мен түйсікті қатар сүйсіндіретін табиғи сұлулар әлі бар екен-ау” деген сияқты:) Ханымдар: “Құдай-оу, Виктория заманынан уақыт мәшинесіне мініп қазіргі заманға тіке түскендей бұл неткен нағыз джентельмен” деп мәз болысады. Кейде қатар отырған жігіттерінің өзі “Біз жеткізе алмай жүрген сөзді дәл айтқан шешендігіңізге тәнтіміз” деп қол соғып жатады.

Біраздан соң досымның дәл орман шетіне түскен көше бойындағы екі қабатты шағын үйіне ораламыз. Әуелі бір қабатты жапырайған үйшік болыпты. Төртінші перзенті дүниеге келгенде тарлық қылады деп екінші қабатты өзі қосып салып алған. Бақшасында жеміс ағашының неше түрі өсіп тұрады. “Артқы аулада сен көрмеген бір жаңалық бар” дейді балаша қуланып. Сөйтсем, қолдан тоған жасапты. Жағалата қамыс-қоғаның бір декоративті түрін егіпті. Ішіне бақа, су тасбақасы мен тритон жібермекші екен. Әңгіме бала-шағаның жайына қарай ауады. Үлкен қызы ғана Англияда. Үш ұлы дүниенің үш бөлігінде білім іздеп, кәсіп қылып жүр. “Кенже ұлымды өзіңе Прагаға ертіп апарған соң, Шығыс Қазақстанды да бір шарлаттым. Айтып па ем саған? Қазір Мьянмада тіл тәжірибесінен өтіп жүр” дейді шаттанып. “Үйде мен көрмеген бір балалар жүр ғой?” десем, “Иә, ортаншы ұлдың достары ғой, біреуі – Малайзияның қытайы, екіншісі – Бразилиядан” деген жауап естимін. Сол уақытта зейнет жасына жетсе де, кәсіпкерлігін тастамаған дизайнер әйелі сыртқа шығып шайға шақырады.

Кетерде ішіме сыймаған және бір сауал қоям: “Неге әлі 1992 жылғы Volvo-мен жүрсіз? Келімді-кетімді қонақтарыңыз бар. Халықаралық ірі БАҚ-тардың тілшісі ретінде Йоханнесбургтен Мәскеуге дейінгі аралықта ондаған елге танымал болған журналиссіз, сарапшысыз. Ресми бір кездесуге шақырғанда мына темір астауды салдырлатып барасыз ба?” Досым төргі бөлмесінің қабырғасындағы әйелімен және бала-шағасымен дүниені шарлаған саяхат суреттеріне нұсқап: “Қалтама түскен артық тиын-тебенді білім алу мен жиһанды кезуге жұмсап келем. Қымбаттау көлік алатындай артық ақшам жоқ. Көбіне уақыт үнемдеп метромен жүрем. Кейде ұятты жерге бару керек болса, қымбаттау көлікті бірнеше күнге жалға ала салам. Сол тиімді емес пе?” дейді. “Әлбетте” деп құлшына қостаймын бұл ойын. “Әлбетте”.

Ғалым БОҚАШттың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: