Apple 2017 жылы iPhone смартфонының сыртқы түрін түбегейлі өзгертеді – БАҚ
Apple 2017 жылы iPhone смартфонының сыртқы түрін түбегейлі өзгертеді, – деп хабарлайды VladTime.ru.
Болжам бойынша, жаңа үлгілердің корпусы әйнектен жасалады. Сонымен қатар қуаттау құрылғысының сымсыз болатыны айтылады. Apple компаниясы әйнек корпустарды iPhone 4 смартфонында тұңғыш рет қолдана бастағаны да хабарланып отыр.
Басылымның мәліметінше, жаңа iPhone SE смартфонының шығатыны жайлы бірінші болып айтып берген танымал сарапшы Минг-Чи Куоның жаңа құрылғы дисплейінің 5,8 дюйм болатынын және AMOLED форматында болатынын хабарлаған. Девайстың дизайны да өзгеріске түседі екен.
Еске салайық, Apple компаниясы 22 наурызда 4 дюймді жаңа iPhone SEсмартфонын таныстырған еді. Гаджеттің сырты iPhone 5s смартфонына ұқсайды, бірақ процессоры 6s гаджетіндегідей А9 да, қосымша процессоры М9. Жаңа гаджетке 12 мегапикселі бар камера орнатылған, ол 6s-тің барлық функциясын орындайды, оның ішінде Live Photos та бар. Негізгі камерасы 4K видеолар түсіре алады.
tengrinews.kz
Пікір қалдыру