|  |  | 

Оқиға Саясат

ЧЕЛАХТЫҢ ОТБАСЫ РЕСЕЙГЕ КӨШІП КЕТПЕК. АЛ ӨЗІ ШЕ?

Кешелі-бері қазақстандық БАҚ  «Арқанкерген» оқиғасының аты шулы «Рембосы» – Владислав Челахқа БҰҰ комиссиясы араша түсуі мүмкін деген сыбыстар шыққан. 2012 жылы «Арқанкерген» заставасында  14 әскери мен бір орманшыны жалғыз өзі жайратып салды деп айыпталған Владислав Челахтың отбасы Ресейге көшіп кетпек.

Қазір Челахтың отбасы Калининградқа қоныс аударатын болды.

Владиславтың анасы Светлана Ващенко Қазақстанның Сот орындау жүйесінен әділеттік таппай, ақыры өз ата-қоныстарына кетпек. Әлі күнге дейін «балам жазықсыз сотталды» деп ойлайтын Светлананың отбасы біздің елде тұрғысы жоқ. Өз атамекеніне оралуға рұқсат беретін құжаттарын да рәсімдеп алған. Енді Қарағандыдағы пәтерлерін сату ғана қалыпты. Ұлдарын көруге жылына 4 рет Қазақстанға келіп тұратындарын да айтады. Ал, Владиславтың анасы Светлана Ващенко елден көшуіне мұндағы заңның әділетсіздігі, соның салдарынан ұлының сотталуы себеп болды деп отыр. «Мен бұл елде енді тұрғым келмейді. Ұлымды әділетсіз соттап жіберді. Біздің достарымыздың барлығы ана жаққа көшіп кетті баяғыда. Олар үкім шыққан соң көше бастады. Оған дейін көшу туралы ой ешкімде болмаған. Өздерінің балалары да осындай жағдайға тап болуынан қорықты», – деген Светлана Ващенко.

Естеріңізде болса, Владислав Челах 2012 жылы 11 желтоқсанда әскери сот үкімімен өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.

Челах ісінің күңгірт тұстары да жоқ емес. Осы оқиғаның төңірегінде қазақстандық және әлемдік БАҚ беттерінде «Челахтың қанды қырғынға қатысы жоқ», «Арқанкерген ісіне қатысты тергеушілер шындықты жасырып жүр» деген  мақалалар жарияланды. Біреулер бұл  сұмдықтан  «гомосексуализмнің» белгілерін байқаса, енді біреулер мүлде өзгеше саяси астар іздеді.  Тіпті, журналист Бендицкий, «Если бы собаки заговорили» деген мақаласында Челахты ашық айыптап, оның «гей» болғанын да айтты.

Осыдан кейін қазақ қоғамын айран-асыр еткен «Челах оқиғасы» тағы бір жұмбаққа келіп тірелді. «Челах НАТО-ның тыңшысы екен» деген де ақпарат БАҚ бетінде жарияланды. Ғаламтор бетінде 14 шекарашы мен аңшыны жалғыз жайратып салды делініп келген Владислав Челахтың қолынан табылған тапанша шекара қызметінің қару базасына тиесілі емес екен деген ақпараттың негізінде қауесеттер гуледі.

Челах қорғаушысы Сәрсеновтің болжамынша, БҰҰ-ның Челах ісіне қатысты қорытынды растамасы істің бағытын 180 градусқа өзгертіп жіберуі ықтимал. Демек, екі жылдан бері тынышталып қалған «Арқанкерген» ісі қайта көтерілуі әбден мүмкін.

Нұргелді Әбдіғаниұлы 

Abai.kz

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: