|  | 

Тұлғалар

Қытайлар қолынан қаза тапқан қазақтың тұңғыш қаржы министрі

Zhanimhan hazhi

Қытай Халық Республикасының құрамындағы Шынжаң өлкесінде, өткен ғасырда тәуелсіз Шығыс Түркістан Республикасын құру жолында өлімге бас тігіп, отаршыл-әкімшіл күштерге қарсы ұлт-азаттық күресін жүргізген қазақ қаһарманы Осман батырмен тағдырлас тұлға Қажы Жанымқан Тілеубайұлы 1951 жылы, 4 сәуір күні Үрімші қаласында атылды. Ал Оспан батыр болса, 25 күннен кейін 29 сәуір күні атылған еді. Жанымхан Тілеубайұлы 1946 жылы құрылған Шынжан Өлкелік үкіметінде қаржы министрі болып сол үкіметте қызмет атқарған 1946-1949 жылдары арасында көптеген қағаз ақшаға төте әріппен “Жанымхан” деп қолын қойған еді. Бұл қазақ тарихында заманауи ақшада қолы болған тұңғыш қазақ қаржы министрі.

Біз әңгіме еткелі отырған Жанымхан 1888 жылы Алтай аймағының Сәрсүмбе ауданында Тілеубайдың шаңырағында дүние келді. 23 жасына қараған шағында әкесінің қайтыс болуынан соң көпшілік тарапынан Тілеубайдың орнына “Залың” етіліп белгіленген Жанымқан, мейрімділігі, парасаттылығы және кіші пейілділігіне байланысты халықтың құрметіне бөленді. Жанымхан жастайынан рухани құндылықтарды сақтау мен білім алу саласында қызмет көрсетті. Осы орайда ол “Сарғұсын” ауылында шамамен бір мың шарсы метрлік аумағы бір діни комплекс салдырады. Оның құрамында бес уақыт пен жұма намазы оқылатын 500 адамдық мешіт, 100 бала оқитын медресе, жатақхана және имам отыратын үй де бар еді. Оған іргелес те бір зират салынған. Ауыл, Ертіс өзенінің жағасына жақын қалың тоғайы бар бір ауданда болғанымен, мешит, тегістелген бір төбеде салынған. Өйткені, Ертістің азғын-тасқын суы кей кездері жан жақты жайпап кететін. Мешіт су апатынан аман болу үшін солай істелінген. “Жанымхан мешіті” деп аталған бұл мешіт көп жылдар құлшылық ғибадат істеушілерге қызмет атқарып келген.

1937 жылғы қажылық сапар. 2 қатар ортадағы кісі Жанымқан қажы
Бес уақыт намазын қаза жібермей уақтында оқыйтын, күн сайын “Дәлел Хайрат” зікір кітабын оқып тұратын, жылына 3 ай ораза ұстауды әдетке айналдырған Жанымхан 1937-шы жылы, ұлдарынан 15 жасар Дәлелханды ертіп бір топ қазақпен бірге мұсылмандардың қасиетті орны Мекеге ислам дінің бес парызының бірінен саналатын қажылық міндетін орындауға аттанды. Ол кезде қажылыққа Қазақстан, Украина, Түркияны кеме және пойыз арқылы көктей өтіп бір жылға созылатын-ды. Жанымхан қажымен қасындағылар Ыстамбұлда Қаракөй кеме портына жақын маңда бір қонақ үйде жатып сонда фотоға түскен екен. Жанымхан қажының ұлы Дәлелхан Жаналтай 1969 жылы Ыстамбұлға барғанда, сол қонақ үйді тапқан. Сонда қонақ үйдің қожайыны ұлына әлгі фотоны аманаттап кетіпті, олардың ұрпақтары бір күн Ыстамбұлға келеді, сонда фотоны бер деп. Бүгін осы фото үлкен мұра болып отыр.

Жанымқанның қолы қойылған ақша
Парасатты Жанымхан қажы тек дін жолында ғана емес, сол қатарда заманаға сай саяси істерге, әсіресе оқу-ағарту істеріне де ерекше көніл бөлген. Осыған байланысты қыстауға жақын жерде ұл және қыздарға арнап екі бастауыш мектебі салдырған. Қыздар мектебі “Жаңа Гүл”, ұлдар мектебі де “Жаңа Күш” деп аталған. Аралары жақын болған мектептердің іргесінде бір театр залы және мұғалімдер жатаққанасы болған. Жоспарлы түрде салынғандықтан мектептер әлі күнге дейін қзмет етуде көрінеді.
1911-шы жылғы төңкерістің нәтижесінде Қытайда патшалық жүйе құлап республикалық жүйе орнаса да, бірақ Шыңжандағы Манчу хандығының заң-жүйесі біршама уақытқа дейін сақталды. Соған сай Алтай аймағында “Залың”, “Үкірдай” және “Тәйжілік” мәртебеге дейін көтерілген Жанымқан Тілеубайұлы кейін ұлттық көтерілістер нәтижесінде құрылған қазақ, ұйғұр және қытай аралас үкіметте қаржы министрі қызметін де атқарды.


Шынжаңды тұншықтырып қанды қолмен басқарған Шың Шы Сай тұсындағы әділетсіз, зорлық-зомбылық саясат-шаралары жергілікті халықтардың ашу-ызалары мен наразылықтарын тудырумен бірге көтерілістік әрекеттердің пайда болуына себеп болды. Мұндай аласапырандық, тұрақсыз жағдайларды бейбіт жолдарымен шешу жөніндегі іс-әрекеттерге, келіссөздерге ат салысқан Жанымхан қажы алдымен 1940-шы Алтай губернаторы, кейін 1946-жылы Үрімшіде құрылған “Шынжаң Аралас Өлкелік Үкіметте” қаржы министрі етіліп тағайындалды. 1946-49 жылдары шыққан өлкелік қағаз ақшаларда қаржы министрі ретінде қол таңбасы орын алды.

Қажылық сапар кезінен. Артта тұрған баласы Дәлелқан
Өлкедегі шиеленістіктерді бәсеңдетіп саяси, шаруашылық және әлеуметтік жағдайларды дұрыстау барысында шаралар жасалып жатқанымен, бірақ ішкі Қытайдағы тұрақсыздық әсіресе, 1949 жылғы Мао Цзе Дун басшылығындағы коммунистік төңкерістік әрекет ұлғайып Шынжаңға едәуір қауіп-қатер төндіре бастады. Мұның алдын алу үшін Үрімшіде “Коммунизим және коммунисттерге қарсы қоғам” құрылды. Оның құрамында Алтай губернаторы Оспан батыр мен қаржы министрі Жанымхан қажы да болды. Қызыл армия Үрімшіге басып кіріп Бұрхан Шахиді үкіметін өзіне бағындырмас алдын бұл қозғалыс Баркөл жаққа ойысты.
Бірақ өкінішке орай Оспан батыр жетекшілігіндегі анти-коммунистік қозғалыстың әскери күш-қуатының аздығы, дұшпан қуатының басымдылығы салдарынан Оспан батырдың сыртындағы басшылар “Азат Дүниеге” көшуге бел байлады. Көш жолында 1950 жылы 1 шілде күні Бисан тауының Дарақты деген ауданында Жанымхан Тілеубайұлы қызыл әскерлер жағынан қолға түсіріледі. Біршама уақыттан кейін Оспан батыр да қолға түседі. Үрімшіге апарылып тергеліп сотталған Жанымхан Тілеубайұлы мен Оспан батыр 1951 жылдың сәуір айында атылады. Ақпарат бойынша, Жанымқан қажы 1951 жылдың сәуір айының төртінші күні, ал Оспан батыр болса сәуір айының 29-і күні атылып шәйіт болды. Отаны үшін қыршын еткен есіл ерлердің жатқан жері торқа, барған жері ұжмақ болғай!
Жанымхан қажының Өнерхан, Сетерхан, Хамит, Дәлелхан, Мәжит және Шапағат атты алты ұлдарынан тараған ұрпақтары қазіргі таңда Шығыс Түркістан, Қазақстан, Түркия және Еуропа елдерінде өмір сүруде.
Әлихан Жаналтай Жанымханұрпағы
Мюнхен – Германия

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: