|  | 

Саясат

Таулы Қарабақ жанжалы және Қазақстан

Астана Таулы Қарабақ жанжалын бейбіт жолмен шешуге шақырды. Сарапшы пікірінше, Армения мен Әзербайжан арасындағы кикілжің Қазақстанға да пайдалы емес.

Таулы Қарабақтағы қақтығыс. (Көрнекі сурет)

Таулы Қарабақтағы қақтығыс. (Көрнекі сурет)

Армения мен Әзербайжанның арасындағы даулы аймақ – Таулы Қарабақта өткен аптаның сенбісінде басталған қарулы қақтығыс әлі саябырсыған жоқ. БҰҰ дерегінше, демалыс күндері Таулы Қарабақта кемінде 33 адам қаза тауып, 200-дей адам жаралған. Аймақта қарулы қақтығыстың өршуіне Армения мен Әзербайжан бірін-бірі айыпты көреді.

http://www.azattyq.org/audio/27654058.html

Қазақстан Таулы Қарабақ жанжалына байланысты пікірін қақтығыс басталған күннің ертеңінде – 3 сәуірде мәлім етті. Ресми Астана тараптарды ұстамдылық танытуға, оқ атуды тоқтату туралы уағдаластықтарды қатаң ұстануға, жанжалды тек қана бейбіт жолмен шешуге шақырды.

«ҚАЗАҚСТАНҒА КЕРЕК ЕМЕС ЖАНЖАЛ»

Қазақстанның тұңғыш президенті қоры жанындағы әлемдік саясат және экономика институтының бас маманы Асқар Нұрша «Армения мен Әзербайжан арасындағы Таулы Қарабаққа қатысты кикілжің Қазақстанның мүддесіне зиянын тигізеді» деп біледі.

Таулы Қарабақтағы атыстан жараланған балалар.
Таулы Қарабақтағы атыстан жараланған балалар.

– Шиеленістің одан әрі ушығуы Қазақстанға керек емес. Қазақстан бұл елдердің қарым-қатынастарын түзегеніне мүдделі. Әзербайжан – Қазақстан үшін өте маңызды транзиттік бағыт, – дейді ол.

Сарапшының пікірінше, «Армения мен Әзербайжан шиеленісін екіжақты келісіммен шешу қиын – өйткені қос тарап та мәселеге біржақты иілмес ұстанымда отыр». Ол Таулы Қарабақ шиеленісі одан әрі өршуі мүмкін деген қаупі барын да айтады.

– Постсоветтік аумақтағы бірқатар ескі шиеленістердің қайта өршуіне қарағанда, әңгіме аймақтық шиеленісте емес, әлемдік саясатқа ұласып жатыр. Мүдделері қайшы ірі державалардың тіресі бұл мәселенің шешілуіне оң әсерін тигізбейді, – дейді ол.

Асқар Нұрша Таулы Қарабақ жанжалының қайта үдеуі Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) үлкен сын болмақ деп жориды.

«ҚАЗАҚСТАНДА ОҚЫТЫЛМАЙТЫН ҚАҚТЫҒЫС»

Азаттық тілшісі Қазақстан мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеевке жолығып, Армения мен Әзербайжан арасында қайта туған қақтығыс жайлы пікірін білмек болды. Ол Таулы Қарабақ жанжалын шешу үшін 1991 және 1993 жылдары Ресей мен Қазақстан бірігіп жіберген бітімгерлік миссиялар құрамында болған еді.

– Шиеленісті шешу үшін ең алдымен келісім бойынша олар басып алған территориясын босатуы керек, – деп қысқа қайырды Мұхтар Тінікеев.

Еріктілер. Таулы Қарабақ, 2 сәуір 2016 жыл.
Еріктілер. Таулы Қарабақ, 2 сәуір 2016 жыл.

Ал Шымкент қаласындағы тарих пәнінің мұғалімі Өмір Шыныбекұлы Таулы Қарабақ жанжалы қазақстандықтарға, әсіресе жас буынға беймәлім тақырып екенін айтады.

– 11-сыныпқа арналған «Дүние жүзі тарихы» пәнінде «ТМД елдері» деген тақырып бар. Бірақ бұл тақырыпта тәуелсіздік алған постсоветтік елдер арасындағы шиеленістер туралы айтылмаған, – дейді ол.

Негізінен армяндар көп қоныстанған Таулы Қарабақ автономиялық облысы 1991 жылы Әзербайжан құрамынан шығатынын мәлімдеген. Мұның ақыры Армения мен Әзербайжан арасындағы қарулы жанжалға ұласып, 30 мыңға жуық адам мерт болған. Халықаралық бітімгерлердің қатысуымен 1994 жылы Армения мен Әзербайжан арасында атысты тоқтату туралы уағдаластық жасалған. Алайда, соған қарамастан, даулы аймақпен шектесетін сызық бойында әзербайжан мен армян әскері арасында бұған дейін де кішігірім қақтығыстар тыйылмаған.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: