|  | 

Жаһан жаңалықтары

Мәскеуде ТМД елдерінің Елбасының ұйым құрылымдарын жаңарту туралы бастамасын талқылады

2016 жылғы 8 сәуірде Мәскеуде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты.

Қатысушы мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Достастықтың шеңберіндегі ықпалдастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі бойынша пікір алмасты, сондай-ақ ТМД мемлекет басшылары деңгейінде алдағы күзде Бішкекте өтуі тиіс кездесуге мазмұндық тұрғыдан дайындық барысын талқылады.

«Отырыстың маңызды тақырыбы Достастық құрылуының 25-жылдығы лайықты түрде қарсы алу болды. Белгілі болатындай, ТМД 1991 жылы 21 желтоқсандағы тәуелсіз мемлекеттердің басшылары Алматы декларациясымен құрылды», – деп, Е. Ыдырысов баса айтты.

Кездесуге қатысушылар халықаралық және өңірлік күн тәртібінің бірқатар өзекті мәселелерін талқылады. Осы тұрғыда отырыстың шеңберінде ТМД үш тең төрағалары мемлекеттердің сыртқы істер министрлері таулы-қарабақ жанжал аймағындағы жағдайының шиеленісуіне орай біріккен мәлімдемені қабылдады. Бұл мәлімдеме аталған жанжалды ЕҚЫҰ Минск тобы айқындаған принциптерінің негізінде бейбіт жолмен шешу бойынша күш-жігерлерді жандандыруға шақыруын қамтиды. ТМД тең төрағаларына ұйымның бұрынғы, қазіргі және келесі төрағалары, яғни Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей кіреді.

«Біздің кездесуіміз арналған басқа маңызды сұрақ ретінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ТМД әрекеттері мен оның құрылымдары тиімділігінің арттырылуы мен жаңғыртылуы бойынша бастамасы болды», –деп,  Е. Ыдырысов хабарлады. Оның айтуынша, «берілген сұрақтар бойынша консенсус айқын көрінеді».

«ТМД-ның Бішкектегі саммитіне біздің саяси маңыздылығы жоғары ұйымымыз жаңа пішінге ие болып, одан есе заманауи, жаңартылған және жаңа күннің шарттарына сай болуы үшін тиісті шешім қабылдаймыз деген үміт бар», – деп, осы байланыста Министр қорытындылады.

Сонымен қатар, ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесі қылмыстық сот ісі саласындағы бірқатар халықаралық шарттардың, Достастықтың денсаулық сақтау мен мәдени ынтымақтастық саласындағы бағдарламалық және тұжырымдамалық құжаттардың, атап айтқанда «ТМД-ға қатысушы мемлекеттер халықтарының денсаулығы» стратегиясының, Онкологиялық аурулармен күрес саласындағы тұжырымдаманың, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің «ART EXPO» халықаралық көрме туралы ереженің жобаларын мақұлдады. Бұған қоса, министрлер ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бірқатар ұйымдарына қорғаныс, жастармен жұмыс істеу және жастар кәсіпкерлігін дамыту саласындағы базалық ұйымдар мәртебесін беру мәселелерін қарастырды.

Е. Ыдырысов ТМД СІМК шеңберінде Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен жұмыс кездесуді өткізіп, екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін және Ресеймен өңірлік пен жаһандық деңгейлердегі ықпалдастығын талқылады.

Related Articles

  • Иранның ракетасы азайғанымен нысанаға тию дәлдігі артқан. Себебі неде?

    Иранның ракетасы азайғанымен нысанаға тию дәлдігі артқан. Себебі неде?

    Фруд БЕЖАН Израильге шабуыл жасалған сәт. 29 наурыз 2026 жыл. Соғыстың алғашқы күні Иран Израиль мен АҚШ-тың ракетаға қарсы жүйелерін қирату үшін жүздеген баллистикалық ракета жіберген. Көп ракета құлатылды. Ал қазір Иран ракета атуды азайтып, күніне ондаған ракета жібере бастады. Ашық дереккөздерге сүйенген әскери сарапшылар Иранның ракета атуы азайғанымен дәл тиюі жоғарылған дейді. Мұның себебіне үңіліп көрдік. “АҚШ пен Израильдің соққылары Иранның ракета жіберу қондырғыларына айтарлықтай зиян келтіргені анық. Мұны атылатын ракеталардың азаюынан байқауға болады. Бірақ Иран ракеталарын үнемдеуге үшін кіші, бірақ маңызды деп шешкен нақты нысандарды дәл ата бастады” дейді Вашингтондағы Stimson Center сараптама институтының ғылым қызметкері Келли Грико. Қазір Иран АҚШ-тың Таяу шығыстағы маңызды әскери нысандары мен радиолокация

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: