|  |  |  |  | 

Көз қарас Тарих Тұлғалар Қазақ шежіресі

28 ПАНФИЛОВШЫЛАР ТУРАЛЫ  АҢЫЗДЫҢ АҚИҚАТЫ

Өзіміз кішкентайымыздан ерлігін мектепте оқып өскен 28 панфиловшы туралы анықталған ақиқат бұрыннан қалыптасқан ұғыммен мүлде үйлеспейді. Ол ойдан шығарылған аңыз ғана болып шықты. Іс жүзінде ол “Красной звезда” газетінің әдеби хатшысы Ю.А.Кривицкийдің қиялынан туған дүние екен. Дақпырт осы журналистің 1942 жылы 22-қаңтарда «Красная звезда» газетінде жарияланған «28 панфиловшының өсиеті» деген материалынан бастау алған. 1942 жылы маусым айында Батыс майдан командованиесінің ұсынуымен 1942 жылы 21-шілдеде Кривицкийдің материалында аты-жөндері аталған 28 жауынгердің бәріне Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Кейін көп нәрсенің беті ашыла бастады.
Алғашында түгел жер жастанды делініп жүрген 28 батырдың бесеуі: Васильев Илларион Романович, Шемякин Григорий Мелентьевич, Шадрин Иван Демидович, Добробабин Иван Евстафьевич пен Кужебергенов Даниил Александрович тірілердің қатарынан табылды. Масқара болғанда бұлардың ішінде «Кеңес Одағының Батыры» атанған Добробабин Иван Евстафьевич сатқын болып шықты. Харьков гарнизоны Әскери прокуратурасы жүргізген тергеу материалдары оның 1942 жылдың көктемінде немістерге өз еркімен беріліп, қызмет еткенін анықтаған. Немістер уақытша оккупациялаған Харьков облысы Вальков ауданы Перекоп селосында полиция бастығы болып істеген. 1947 жылы қараша айында Добобабин қамауға алынып, сотталды.
1942 жылдың мамыр айында Батыс майданның айырықша бөлімі немістерге өз еркімен берілгені үшін 8-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы 1075 полкі 2-батальоны 4-ротасының жауынгері Кужебергенов Даниил Александровичті тұтқынға алды. Ол өзінің 1941 жылы Дубосеково түбіндегі шайқасқа қатыспағандығын, «қатысқан ерліктерін» газеттен оқып алғандығын айтып берген. Ресми түсініктемесінде Ю.А.Кривицкийдің өзі 28-панфиловшының ерлігі өзінің журналистік қиялынан туғандығын жасырмай айтып берген.
1075 полктің бұрынғы командирі Капров Илья Васильевич те Дубосеково разьезді түбінде 1941 жылы 16-қарашада неміс танкілерімен ешқандай соғыс болмағандығын, бұл оқиғаның түгелімен ойдан шығарылғандығын көлденең тартқан. Аумағында Дубосково селосы бар Нелидов селолық советінің төрайымы Н. Смирнова 1942 жылдың ақпан айының басында үш жауынгердің денесін, қар ери бастаған соң наурыз айында тағы үш жауынгер денесін (оның бірі солдаттар таныған политрук Клочков денесі) тауып жерлеген. Басқа өлген совет жауынгерлерінің денесі болмаған.
Клочков «Шегінетін жер жоқ, артымызда Москва!» деген сөзді айтпаған. Ол сөзді Клочковтың аузына журналист салған болып шықты.
Осы келтірілген деректің бәрі 28 панфиловшылар ерлігі ойдан шығарылған аңыз екендігін көрсетіп тұр. Сонда Алматыдағы 28 панфиловшылар мемориалы ойдан шығарылған аңызға қойылған болып шығады. Бұл айтылғанның бәрі қазақстандықтардың Екінші жаһан соғысындағы ерліктерін кемсіту үшін емес ақиқаттың орын алуы үшін жазылып отыр.

Сондықтан «28 гвардиялық панфиловшылар атындағы парк атауы «Отан қорғаушылар паркі» болып өзгертілуге тиіс. Ал «28-панфиловшылар монументі» бұзылып, ол жерге «Отан қорғаушылар» монументі орын алса құба құп. «Отан қорғаушылар» монументіне Абылай хан, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Керей Ер Жәнібек, Шапырашты Қарасай, Наурызбай, Қаңлы Сарбұқа, Райымбек, хан Кене және т.б. Отанымызды шынайы қорғаған батырларымыз бейнесі тұруы керек! Ойдан шығарылған қаһармандыққа табынудың ешқандай реті жоқ!
Жерімізді қорғаймыз, тілімізді сақтаймыз!

Марат Токашбаевтың Facebook парақшасынан алынды28

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: