|  |  | 

Көз қарас Әлеумет

“Ақжүніс” бағдарламасы көгілдір экранға қайта оралсын!

Әлемде қанша адам болса, сонша тұтынушы болады екен. Тұтынушы – ол барлық адамзат баласына тән ортақ белгілерге ие. «Адам-тұтынушы» десекте, «тұтынушы-адам» десекте қателеспейміз. Мысалы, адам болып туылып, азаматтығы болмауы мүмкін, алайда, адам болып туылып, адамдар арасында өмір сүріп, тұтынушы болмауы еш мүмкін емес нәрсе. «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңның принциптері, көптеген ережелері өркениетті жолға түскен барлық елдерге ортақ, бірдей болып келеді. Ондай заң бізде де бар. Алайда бір өкініштісі, біздер өзіміздің тұтынушы ретіндегі құқықтарымызды біле бермейміз, білгендеріміз, сол құқықтарымызды пайдаланбаймыз. Шындығында, Қазақстанның қазіргі жағдайында бірден-бір «жұмыс жасайтын» заң, осы – «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заң дер едім. Кезінде, қазақ тілі бойынша да, осы заңнаманы қолданып, біраз мекемені соттан жеңіп едік. Өйткені, аталған заңға сәйкес, кез-келген қызметті қазақ тілінде талап етуге құқығымыз бар. Бірақ, ол басқа әңгіме.
Енді, журналистер күніне не қатысы бар бұл әңгіменің, соған тоқталайын. Біз сатып алатын, тұтынатын кез-келген зат, өнім Азаматтық кодекске сәйкес үш ақ түрге бөлінеді, олар: тауар, жұмыс және қызмет. Бүкіл дүниежіүзі бойынша осылай классификацияланады. Тиісінше, Сіз бен біздің күнделікті теледидардан тамашалайтын бағдарламаларымыз — қызмет өнімі, ал біз көрермендер – тұтынушы болып есептелеміз.
Енді мәселенің төтесіне көшейік, маған заңгер ретінде Астана қаласында тұратын, осы Фейсбук арқылы «дос» Рысжан Мұратбекқызы есімді қарындас өз өтінішімен жүгінді. Ол өзінің бала кезінен бері, Сәуле Әбединованың жүргізген «Ақжүніс» бағдарламасын көріп өскенін, аталған бағдарламаның бұл күнде белгісіз себептермен теледидардан алынып тасталғанын айтып, қайтадан сол бағдарламаны теледидарға қайтару мүмкіндігі бар ма деп сұрады. Мен Рысжанға оның тұтынушы ретінде өзі тұтынғысы келетін кез-келген қызметпен өнімді талап етуге құқылы екендігін түсіндіріп, егер шынымен сол бағдарламаны қайтару ойы болса, онда өз атынан министр атына хат жолдауға кеңес бердім. Нәтижесінде, төмендегідей хат пайда болды.

Құрметті достар! Сіздерге осы хатты ұсына отырып, егер тұтынушы ретінде өздеріңіз сүйсініп көрген бағдарламаны теледидардан көргіңіз келсе, осы пост астына: 1. Аты-жөніңізді, 2. Мекен-жайыңызды көрсетіп қолдайтындарыңызды білдірсеңіз болады, біз (Рысжан екеуміз) өз тарапымыздан, қолдаушылар саны белгілі-бір межеге жеткен соң бәріңізді көрсете отырып хатты министрге табыс ететін боламыз.
Егер өзіңіз туралы мәліметті ашық көрсеткіңіз келмесе, Рысжан Мұратбекқызының немесе менің жекеме жазсаңыз болады. Сонымен қатар, Фейсбукте тіркелмеген, бірақ қолдайтын басқа жанұя мүшелерін де көрсетуге де болады.
p/s: Сәуле Әбединованың өзі Рысжан екеуіміздің бұл тірлігімізден еш хабары жоқ, бірақ ел қолдап, министр қолдап кетіп жатса «Ақжүністі» қайта өмірге әкелуге қарсылығы бола қоймас деп ойлаймыз.

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д.Ә.Абаевқа

Астана қаласы, Шапағат көшесі 24 үй тұрғыны Р.МұратбекқызынанҚұрметті Дәурен Әскербекұлы!

Рухани тәрбие мәселесінде бұқаралық ақпарат құралдарының, соның ішінде телебағдарламалардың рөлі аса зор екеніне ешкім дау айта қоймас. Бір қарағанда қазіргі шақта телеарналар мен олардағы бағдарламалардың саны қыруар көп сияқты болып көрінеді. Алайда егер оларға хабардың қазақ тілінде жүруі, діліміз бен дінімізге сай келуі, отбасылық құндылықтарды насихаттауы, тартымдылығы жайлы талаптар қоятын болсақ, жаңа ғана көп болып көрінген дүниелердің қатары айтарлықтай селдіреп қалар еді. Сондықтан Батыс пен Шығыстың бізге жат мәдениетінің қыспағында қалған қазіргі кезде өз рухани құндылықтарымызды өз тілімізде насихаттайтын жаңа хабарлар керек деп санаймыз. Егер аталған мақсатты жүзеге асыратын хабарлар «өзіне үлгі тұтып бой түзейтіндей кімде қандай хабар бар еді» деп іздейтін болсақ, ол үлгіні алыс-жақын шетелден іздеп қажеті жоқ. Себебі қазақтың қыз-келіншектерінің басым көпшілігі бұл сауалға «Ақжүніс» деп жауап берер еді. Иә, 2002-2006 жылдары «Қазақстан» телеарнасында көрермендерін теледидардың алдында тапылжытпай ұстаған «Ақжүніс» атты хабар болды. Осы төрт жылдың ішінде Ақжүніс тек қана қыз-келіншектердің ғана емес, қоғамның бүкіл қабаттары сүйіп қарайтын шын мәніндегі отбасылық хабарға айналды. Бұл хабардың танымалдылығы сонша, жабылғанына он жыл өтсе де оны жүргізген белгілі журналист Сәуле Әбединованы ел-жұрт әлі күнге «Ақжүніс» деп атайды. Көрермендерінің көзайымына айналған С.Әбединова осыдан төрт жыл бұрын құрған журналының атын да «Ақжүніс — Астана» деп атапты. Тұңғыш нөміріне Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов демеушілік жасап, қолдау көрсеткен Ақжүніс — Астана» журналы жайлы «Айқын»газетіне 30.03.2012 шыққан мақалада былай деп жазылыпты: «Ақпарат айдынында тізгінді шеттілді басылымдардың қолына беру қауіпті. Дамыған елдерде мемлекеттің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтірмеу үшін өздеріне шетелден келетін БАҚ-қа мемлекеттік бақылау жасап, таралу көлемін 20 пайыздан асырмайды. Біздегі өнімдердің 90 пайызы — орыстілді. Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарының саны — 2970, олардың 200-ден астамы электрондық басылымдар. Мерзімдік басылымдардың 453-і қазақ, 2303-і орыс тілінде жарық көреді. Ресейден таралатын 5248 басылым бар. Елімізде таралатын және Ресейден келетін орыстілді басылымдардың жалпы саны — 7551. Халқымыздың 65 пайызы қазақ бола тұра, қазақтілді басылымдардың үлесі 6 пайыз шамасында. Ақпараттық тасқынмен күресудің бір жолы — қазақтілді өнімдер санын арттыру».
Аталған мақалада көрсетілген өкінішті статистика тап қазір қатты өзгере қоймаған шығар, сондай-ақ журналдың аты да, заты да «Ақжүніс» болып қалды десек те, оның мүмкіндігі мен қамту аясын «Ақжүніс» телебағдарламасымен салыстыру қиын. Осы айтылғандарға орай, қоғамға берері мол, көрермендері сағынған, сондықтан да рейтингісі өте жоғары болады деп күтілетін «Ақжүніс» хабарымен ел-жұрт қайта қауышатын уақыт туды деп санаймыз. Бұл үшін телехабарға деген қажеттілік те, сол қажетті өтей алатын мамандар, соның ішінде «Ақжүніс» көтерген идеялардың бәріне адал болып қалған және оларды әлі де жалғастырып келе жатқан, яғни еш баламасыз жүргізуші Сәуле Әбединова де бар.

Құрметті министр мырза!
Сіздің жаңа жұмысыңызға табыс тілей отырып, бұл қызметтегі алғашқы қадамдарыңыздың бірі ретінде қазақ қоғамына, қазақ отбасына, қазақ әйеліне өте керек дүние – кезінде нағыз халықтық сипат алған «Ақжүніс» бағдарламасын эфирге қайта шығаруды сұраймыз.

Құрметпен, Р.Мұратбекқызы

 

Абзал ҚҰСПАН, заңгер

Facebook-тегі парақшасынан алынды.

Related Articles

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қазір әлеуметтік желіде кейбір қазақ зиялыларының қазақ тілін сынаған пікірі тарап жүр. Есіме бір кездері Қытай интеллигенциясының қытай иероглифін сынағаны түсіп кетті. 20- ғасырдың алғашқы ширегінде қытайдың дәстүрлі иероглифтерін сынамаған зиялы кемде кем. *** *** *** “Иероглифтерде заманауи идеялар мен теорияларды жеткізетін сөздік қор жоқ, әрі олар зиянды ойлардың ұясына айналады. Оларды жоюда ұят жоқ” деп жазды 1918 жылы Қытай Коммунистік партиясының негізін қалаушылардың бірі әрі Жаңа мәдениет қозғалысының жетекші қайраткері Чэнь Дусю (陈独秀). Қытай иероглифін қатты сынаушылардың қатарында тағы да Қытай коммунистік қозғалыстың жетекшілерінің бірі Цюй Цюбай (瞿秋白) де болған. Ол тіпті 1931 жылы “Қытай иероглифтері шын мәнінде әлемдегі ең лас, ең жексұрын әрі ең жиренішті нәрсе. Тіпті ортағасырлық

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: