|  |  | 

Езутартар Көз қарас

ЖАЛҒАН ЕРЛІККЕ – ШЫНАЙЫ ФИЛЬМ?

putin-vladimir-lenin-stalin-matreshka-rl-usmanovИнтернетте «28 панфиловшы» фильмінің ресми трейлері шыққаны жарияланып жатыр. Түсірілім панфиловшы-батырлар «шайқасының» 75 жылдығына арналыпты. 2009 жылы жоспарланған фильм биыл 24-қарашадан бастап көрерменге жол тартпақ көрінеді. Бірақ өмірде болмаған «28 панфиловшы» ерлігіне фильм түсіру ұятты былай қойғанда, масқара емес пе?!

Шын мәнінде 28 панфиловшы ерлігі ойдан шығарылған аңыз ғана ғой. Бұл жөнінде бұрынырақта жазғанмын. Іс жүзінде ол “Красной звезда” газетінің әдеби хатшысы Ю.А.Кривицкийдің қиялынан туған дүние. Дақпырт осы журналистің 1942 жылы 22-қаңтарда «Красная звезда» газетінде жарияланған «28 панфиловшының өсиеті» деген материалынан бастау алған. 1942 жылы маусым айында Батыс майдан командованиесінің ұсынуымен 1942 жылғы 21-шілдеде Кривицкийдің материалында аты-жөндері аталған 28 жауынгердің бәріне түгел Кеңес Одағының батыры атағы берілген. Кезінде бұл халықтың жаппай ерлік үлгісі ретінде сталиндік идеологияға қажет болып тұрды. Сондықтан жалған қаһармандықты ешкім шұқшиып зерттей қойған жоқ. Кейін ғой 28-ге қатысты небір «қызық» деректер сиырдың жапасындай су бетіне қалқып шыға бастады.

Алғашында түгел «ерлікпен қаза тапты» делініп жүрген 28 батырдың бесеуі: Васильев Илларион Романович, Шемякин Григорий Мелентьевич, Шадрин Иван Демидович, Добробабин Иван Евстафьевич пен Кужебергенов Даниил Александрович тірілердің қатарынан табылды. Масқара болғанда бұлардың ішінде «Кеңес Одағының батыры» атанған Добробабин Иван Евстафьевич сатқын болып шықты. Харьков гарнизоны Әскери прокуратурасы жүргізген тергеу материалдары оның 1942 жылдың көктемінде немістерге өз еркімен беріліп, қызмет еткенін анықтаған. Немістер уақытша оккупациялаған Харьков облысы Вальков ауданы Перекоп селосында полиция бастығы болып істеген. 1947 жылы қараша айында Добобабин қамауға алынып, сотталды.

1942 жылдың мамыр айында Батыс майданның айырықша бөлімі немістерге өз еркімен берілгені үшін 8-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы 1075 полкі 2-батальоны 4-ротасының жауынгері Кужебергенов Даниил Александровичті тұтқынға алды. Ол өзінің 1941 жылы Дубосеково түбіндегі шайқасқа қатыспағандығын, «қатысқан ерліктерін» газеттен алғандығын айтып берген. Ал журналист Ю.А.Кривицкийдің өзі ресми түсініктемесінде 28-панфиловшының ерлігі өзінің журналистік қиялынан туғандығын жасырмай айтып берген.

1075 полктің бұрынғы командирі Капров Илья Васильевич болса Дубосеково разьезді түбінде 1941 жылы 16-қарашада неміс танкілерімен ешқандай соғыс болмағандығын, бұл оқиғаның түгелімен ойдан шығарылғандығын көлденең тартқан. Аумағында Дубосеково селосы бар Нелидов селолық советінің төрайымы Н. Смирнова 1942 жылдың ақпан айының басында үш жауынгердің денесін, қар ери бастаған соң наурыз айында тағы үш жауынгер денесін (оның бірі солдаттар таныған политрук Клочков денесі) тауып жерлеген. Басқа өлген совет жауынгерлерінің денесі болмаған.

Клочков «Шегінетін жер жоқ, артымызда Москва!» деген сөзді айтпаған. Ол сөзді Клочковтың аузына журналист Ю.Кривицкий салған болып шықты. Кей деректерде ол сөзді айтқан Бауыржан Момышұлы делініп жүр. Осындай деректер «28 панфиловшы» ерлігі ойдан шығарылған аңыз екендігін талассыз дәлелдейді. Ал журналист қиялынан туған қаһармандықты әспеттеудің бүгінгі таңда қандай қисыны бар?!
Архивтік құжаттардан да 28 панфиловшының «ерлігін» дәлелдейтін бірде бір құжат табылмаған.

Қазақта «өтірігіңе берекет берсін» деген сөз болушы еді. Қазақстан мен Ресей мәдениет министрліктері 150 миллион рубль (бұл шамамен 750 миллион теңге) қаржыға түсірткен «өтірік» фильм берекет табар ма екен?!

Марат Токашбаевтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: