|  | 

Қазақ шежіресі

Аты Селжұқ, жүзі Қазақ, ұрпағы — Түрік

Нью-Йорктегі Метрополитен музейінде орналасқан селжұқ ескерткіштері туралы көптен бері жазғым келіп жүрген еді. Бұл мүсіндер Ұлы селжұқ өнерінің ең әсерлі үлгісі болып саналады. Мұндай ескерткіштердің көпшілігі салыстырмалы түрде алғанда белгілі-ақ, бірақ Метрополитен музейіне қойылған екі батыр бейнесі солардың арасындағы ең кереметі деуге болады. Мүсіндердің барлығы гипстен жасалған. Көлемдері әртүрлі, Метрополитендегілер адам бойымен бірдей, басқалары олармен салыстырғанда айтарлықтай шағын. Ескерткіштердің көпшілігінің тек басы ғана аман қалған.

Мүсіндердің барлығы дерлік 11-12 ғасырларда Ұлы Селжұқ сұлтандығы кезінде Иранда жасалған. Олардың көбі қазір Тегеранның түбінде жатқан, селжұқтардың астанасы болған Рей қаласында орналасқан деп топшыланады. Өкінішке орай, ескерткіштердің басым бөлігін өз уақытында көне жәдігерлердің арқасында күн көретін алыпсатарлар Ираннан ұрлап, талан-таражға салған, осының нәтижесінде олар археологиялық контексінен айрылды. Бұл біздің түркі-селжұқтар өнері туралы білген-тергенімізді ойсыратып отыр.

Селжұқ жауынгерінің ескерткіші, Метрополитен музейі, Нью-Йорк. Осы жазбадағы суреттердің бәрі Интернеттен алынды.

Ескерткіштердің сыртқы келбетін талдай келе бұл мүсіндердің көшпенділердің тас мүсіндері, яғни түркілердің дала балбалдарымен туыс екені туралы қорытынды шығаруға болады. Сары қыпшақтардың (половец) «тас қатындарына» ұқсайтын балбалдар кезінде Моңғолия мен Украина арасындағы далада кеңінен таралған еді. Селжұқ және түркі мүсіндерінің жақын екендігін туындылардың жалпы формасы, бейнеленген адамдардың басы, қолы, киім детальдары көрсетіп тұр. Айырмашылық тек ескерткіштердің сапасында: селжұқ мүсіндерін Парсы мен Орта Азиядан шыққан шеберлер дайындаған, сондықтан жергілікті ирандық стилистика байқалады. Бұл ескерткіштерді дала өнері мен ирандық отырықшы әлемнің синтезі деуге болады.

Мүсіндердің жауынгер екенін олардың қолға ұстаған ауыр қылыштарынан білуге болады. Үстеріндегі жолақ шапанды түркі жауынгерлеріне тән ұзынетекті қатпарлы сауыт деуге келетіндей.

Мүсіндердің түркі атрибуциясы күмән тудырмайтындықтан, олар жерлеу рәсіміне арналып жасалған деп болжауға болады.  Ескерткіштерде қайтыс болған адамдардың бейнесі көрсетілуі де мүмкін. Түркілердің ата-бабаларының басына тас мүсіндер орнатқаны белгілі, мына гипс ескерткіштер де дәл сондай қызметті атқарған болуы әбден мүмкін. Бұл жерде түркілердің жерлеуге арналған ескерткіштерімен сөзсіз байланысы бар қытай императорларының қорымдарындағы «рух жолының» бойына қойылған мүсіндерді де еске ала кетуге болады.

Көшпенділердің ескерткіштерге қатысты дәстүрінің мыңдаған жылдық тарихы бар. Сонау скифтер, олардан бұрын үндіеуропалық тайпалар далада өз мүсіндерін орнататын. Селжұқтардың гипс ескерткіштері осы дәстүрді жалғастырды деп топшылауға болады.

Түркі балбалдары

Мүсіндердің біреуі кеудесіндегі крестімен басқалардан ерекшеленеді. Мұнда бейнеленген адам христиан болуы мүмкін. Бұған таң қала алмаймыз, себебі династияның негізін қалаған Селжұқтың төрт ұлы Інжілден алынған Микаил, Юнус (Иона), Мұса (Моисей) және Исраил есімдеріне ие болған еді.

Екі мүсін, сол жақта әйел, оң жақта ер адам. Берлиндегі Ислам өнері музейі және Лондондағы Виктория мен Альберт музейі.

Сол жақтағы мүсін Метрополитен музейіндегі жауынгерлер бейнесіне стилистика жағынан өте ұқсайды, Кувейт, Әл-Сабах коллекциясы.

Оң жақтағы жауынгердің белі жіңішке, бұл соғды ықпалының болғанын білдіреді. Алайда Бірінші түркі қағанаты мен соғды жауынгерлері бір-біріне ұқсайтын, тек орта ғасырларда ғана түркілерде үлкен қарын сәнге айналды. Вустер өнер музейі.

Екі мүсін, сол жақта, Виктория және Альберт музейі, Лондон. Оң жақта, Детройт өнер институты.

Кеудесінде бір және бас киімінде екі кресті бар тағы бір жауынгер. Виктория және Альберт музейі, Лондон.

Бәрінен де ескерткіштердің басы жақсы сақталып қалған. Олар селжұқтардың қай нәсілдік топқа жатқаны туралы дерек береді: ескерткіштерде бейнеленгендердің барлығы дерлік ортаазиялық жүзді болған екен. Бір таңқаларлығы, қазір орта ғасырлардағы оғыз, сары қыпшақ секілді түркі тайпаларының барлығын «еуропаландыру» сәнге айналды, қазір оларды барлығы еуропеоид санауға тырысады. Қызығы бұл тенденцияны түркілердің өздері, атап айтқанда әзірбайжандар мен түріктер де жиі қолдайды. Мұндай жағдай Еуропаға ұмтылуға деген сәнмен байланысты болса керек.

Ақпарат http://anthropology-ru.livejournal.com/705752.html онлайн-журналынан алынған және қазақ тіліне аударылған. 

Анықтама

Селжұқ әулеті (1038 — 1194) — түркі-оғыз әскерінің сол қанатын құраған қынық тайпасынан шыққан әулет. Әулеттің негізін қалаушы Салжұқ. Олардың әуел бастағы ата мекені Оңтүстік-батыс Қазақстанаймағы менСырдарияның орта саласы болған. Кейбір топтары Сығанақ пенҚаратауды мекендеген. 10 ғасырдың орта шенінде басқа оғызтайпаларымен қақтығысып қалған салжұқтар Сырдарияныңтөменгі саласына қоныс аударып, ислам дінін қабылдады. Олар 1010 — 32 ж.Зарафшан мен Нұрататауларына қарай ойысты, 1038 — 40 ж. Ғазнауи сұлтандығынан Хорасанды (Иранның солтүстік-шығыс облысы) тартып алып, Салжұқ сұлтандығын құрды. Салжұқтардың алғашқы билеушілері ағайынды Тоғрылбек (1038 — 63) пен Шағрыбек (1038 — 59) болды. Салжұқ әулетінің белгілі сұлтандары: Алп-Арслан (1063 — 72), Мәлік шах I (1072 — 92), Санжар сұлтан (1118 — 57). 11 ғасырдың аяғына қарай Салжұқ әулеті билеген мемлекет әлсіреп, ұсақ иеліктерге бөліне бастады. 12 ғасырдың аяғына қарай Салжұқ әулетінің билігі мүлдем жойылды.

turk-media.info

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: