|  | 

Көз қарас

Шешеннің снайпер қызы: «Қадыровты Каддафи секілді ит өлім күтіп тұр» (фото)

Шешендердің барлығы Ресейді жақтайды деп ойлайсыз ба? Politolog.net cайтының жазуынша әзіргі күні Украина әскерінің сапында Ресейге қарсы жүздеген шешен соғысып жүр-  деп    хабарлайды 365info.kz.

Амина
Амина Окуева

Соның бірі Амина Окуева. Шешен қызы. Өзі снайпер. «Киев» полкінің құрамында. Осында өз еркімен келген Джохар Дудаев батальонының белді мүшесі. Ал Украинаға қарсы соғысып жүрген шешеннің жауынгерлерін Амина «қадыровшылар» деп атайды екен.

– Амина, айтшы Украина әскерінің сапында Ресейге қарсы соғысып жүрген қанша шешен бар?

– Нақты санын атай алмаймын. Еріктілер көп. Шамалап алғанда қазір Донбасста жүзден аса шешен Кремльге қарсы соғысып жүр. 

 

– Ал Ресей әскерінің қатарында Украинаға қарсы соғысып жатқан шешендердің саны қанша, білесің бе? 

– Аса көп емес. Қадыров өзіне қарасты жауынгерлерді Донбасстан шығарып әкеткеніне бір жыл толды. Алайда «қадыровшылар» толық кетіп тынған жоқ. Әлі де бар. 

– Донбасстағы қақтығыс кезінде «қадыровшылармен» бетпе-бет келген сәттеріңіз болды ма? 

— Жоқ. Бірақ, қазіргі күні Украина жерінде жүрген «қадыровшылар» туралы түрлі ақпараттар жинау  үстіндеміз. Оларды кездестірсек аямаймыз. Бұлар шешен емес, «қадыровшылар».  Олар бізге жау. Менің білуімше, бұлар адам қаны төгілетін кескілескен ұрыстарға қатыса бермейді. Орыстар басып алған Донецк, Луганскіде ұрлық-қарлық, тонаумен айналысады. 

– Украинаның жағында соғысып жүрген шешендер ресейлік батальонның тұтқынына түсіп қалған кездері болды ма? 

– Біздің Дудаев батальонында мұндай жағдай болған жоқ. Болмай-ақ қойсын. 

– Қалай ойлайсыз бұл соғыста кім жеңеді?

– Мәселе тек соғыста жатқан жоқ. Дипломатиялық қысымды, санкцияны күшейте түсу керек. Осындағы шешендер Украинаның саясатын жақтайды. Сол себепті сіздер жақта соғысып жүр. Ресей агрессор. Ол ешқашан өзгермейді. Агрессорды сабасына түсіру үшін оның өзіндей әрекет ету керек. Басқыншылардың Украинаның ішіне қарай еніп кетуіне жол бермеу қажет.

– Айтыңызшы, Донбасстағы айқас алаңында Рамзан Қадыровты кездестіріп қалсаңыз не істер едіңіз? 

– Әй, бұл мүмкін емес-ау. Қадыров бұл жаққа соғысуға өлсе де келмейді. Себебі, өте қорқақ адам. Оның кортежі тұп-тура жүз көліктен тұрады. Қадыров бұлардың қайсысында отырғанын ажыратып болмайсың. Ол тіпті Шешенстанның өз ішінде осылай жүреді. Емін-еркін қозғала алмайды. Қорқады. Мұндай адамның Украинаға келуі мүмкін бе? Жоқ, әрине. 

in_article_56ee66abc2– «Қадыров Путинге керек» дейді. Осы тұжырыммен келісесіз бе? 

– Иә, ол Путинге ынта-шынтасымен берілген. Қадыров аса қатігез адам. Қатігездігі патологиялық ауруға ұласқан.  Бірақ Путин Қадыровқа тәуелді емес. Путин не айтады, қалай бұйырады Қадыров солай жүреді. Путин алдына қойған мақсатынан ешқашан бас тартпайтын адам. Мұны Қадыров орындай алмаса, ертең оның орнына келетін адамға жүктейді. 

– Ал Путиннің билігі құласа, Қадыров қайтпек?

– Не істеуші еді? Ештеңе де. Ол Путиннің қолындағы қолбала. Путинсіз, Путиннің көмегінсіз Қадыров ешкім емес. Путиннің билігі құласа Қадыровты ит өлім күтіп тұр. Ол Каддафидің тағдырын қайталайды. Путиннің қолдауынан, Кремльдің ақшасынан айырылған Қадыров екі күн де өмір сүре алмайды. 

– Сонда Қадыровты шешен халқының өзі ұнатпай ма?

– Ұнатпайдыңыз өз алдына, иттің етінен жек көреді. Әрине, оның қол астындағы аздаған адам оған адалдылығын сақтар. Бірақ бұл да уақытша.

–Егер бүгінгі Ресей билігінде Путин болмаса, Донбасстағы дау да туындамас еді деп ойлайсыз ба? 

– Білмеймін. Путинді туғызған орыс халқы. Путин бүгінгі орыс халқының шын кейпі. Басшысының пиғылы қандай болса, халықтың пайымы да сондай. Путинді билікке әкелген орыс халқының өзі. 

Дәл қазіргі Ресей Сталин дәуірін елестетеді. 

– Украина Қырымды қайтара ала ма, қалай ойлайсыз? 

–  Білмеймін. Қайтарарына сенім аз. Алайда әлемдегі бір де бір мемлекеттің Қырымды Ресей жері деп мойындамағаны үміт отын өшірмей отыр. Меніңше Ресей өзін-өзі құрдымға кетіреді. Міне, сол кезде Қырымды да қайтарасыздар. Бұдан кейін Солтүстік Кавказ аймағы да тәуелсіздік алады. 

Аль ФРЕДО

11935077_1000300880020574_5972970111468774817_n

12378088_677068085766953_3345384234680451700_o

12592641_1097132693659046_5186802907283028986_n

12909561_677068845766877_8616667219636838485_o

13332959_1271331532884546_2074703696916675968_n

14068345_743779952429099_6200776799476466376_o

Суреттер Амина Окуеваның Фейсбук парақшасынан алынды. 

365info.kz

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • Қызық…

    Қызық…

    1989 жылы Қазақ ССР-дың мемлекеттік тілі біреу, ол қазақ тілі болған. 2026 жылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл біреу, ол қазақ тілі болмақ. Мәселе, 37 жылдан бері публикацияға тіл туралы баптың 1- тармағын көрсетіп (қоғамдағы ұлтшылдықты басу үшін) ал ісжүзінде 2- тармақпен баса жұмыс істеуінде жатыр. 1989 жылдан бері қазақ тілінің құзіреті конституцияның күшінен көбірек қазақ ұлтшыларының инерциясының арқасында өркендеді. Өйткені қазақтілді орта урбанизацияланды, былайша айтқанда қаладағы мәдени аймақтарды қазақтілді ішкі миграция басып алды. Қазақша мектеп, бала-бақша, орта және шағын бизнес тб бәрі ішкі миграция мен урбанизацияның есебінде көбейді. Конституцияда мем-тіл қазақ тілі деп көрсетілсе де мем-жүйе 2-тармақпен жұмыс жасады. Ал кейбір мекемелер мен облыстардағы қазақ тіліне басымдықтың берілуі тікелей демографиялық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: