|  |  |  | 

Жаңалықтар Саясат Әлеумет

МЕЙІРГҮЛДІҢ ХАТЫ ҚАСЫМОВТЫ ҚАЛТЫРАТЫП ЖІБЕРДІ 

Жалпы, «Нұр Отан» партиясы Бас Прокуратура және басқа да мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істеп қеледі. Аталған органдардың басшылары, орынбасарлары, депутаттар жыл бойы партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтармен қабылдау өткізеді.

Осы дағды бойынша «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөліміне бүгін Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов өзі келіп, өтініш айта келген халықты қабылдады.

Айта кетуіміз керек, осы қабылдаудың хабары шыққалы, телефонымызда тыным болған жоқ. Арқа мен Жетісудан неше жүздеген қандастарымыз қоңырау шалып, Көші-қон мәселесі, тұрақты тіркеуге тұрудың қиындығын айтып жалбарынды… Келген кауымның да қарасы өте көп болды. Солардың ең қомақты бөлімі ҚХР-нан келген этникалық қазақтар.

Олар сол тұрақты тіркеуге тұруда талап етілетін соттылығының бар немесе жоқ екені туралы АНЫҚТАМА-ның қиындығы және 2013 жылы төрт жылсыз азаматтық берілмейтін етіліп асығыс қабылданған қатаң Заңның кесірінен әкімшілік құқық бұзушылыққа ұрынып, елден тысқары шығарылған туыстарының тағдыры туралы өтінішпен келіпті.

Мысалы, Алматы қаласындағы №93 мектептің 3 «Ә» сыныбында оқитын 9 жастағы Мейіргүлдің әкесі Ұларбек пен шешесі Оралхан соттылыққа байланысты АНЫҚТАМА-ның кесірінен, визасының мерзімін өткізіп алғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жазасына тартылып, елден шығарылған. Енді Ұларбек пен Оралхан Қазақстан Республикасына 5 жылсыз келе алмайды. Қарғадай қыз Мейіргүл Алматыда жалғыз қалған.

 – Қалмұханбет ата, мен секілді сіздің де немереңіз бар шығар. Маған көмектесіңізші, өтінем. Әкем мен шешеме және сондай кісілерге бір жолға рақымшылық жасаңызшы. «Нұр Отан» партиясына сол үшін Алматыдан келдім. Олар Қазақстанға тез қайтып оралсыншы. Мен оларды қатты сағынып кеттім!, - деп, Мейіргүл уәжін айтқанда, бүкіл елдің сай сүйегі сырқырап-ақ кетті. Министр де өзін қоярға жер таппай, қатты қиналды. Хат ұстаған қолдары қалтырап кетті….

Сенатор Мұрат Бақтиярұлының депутаттық сауалына Полиция генерал-лейтенанты Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы өз қолымен берген ақпаратқа қарағанда, 2015 жылы 307 этникалық қазақ елден тыс жерге шығарылыпты. 2016 жылдың алғашқы тоғыз айында 199 қандасымыз жазаға тартылып, өз еліне қайтарылыпты. Ал, 2014 жыл туралы дерек бермепті. Бұл жылы жазаға ұшыраған қандастарымыздың саны тіпті де көп болуы мүмкін.

Министр бұл мәселені шынында тездетіп шешпесе, қандастарымыз көшіп келгенмен, бәрі бір тұрақты тіркеуге тұра алмай, делдалдарға жем болып жатқаны жасырын емес. Көбі әкімшілік құқық бұзушылыққа ұшырап, соттың шешімімен келген еліне қайтарылуда. Бұл мемлекетіміздің, Елбасымыздың беделіне нұқсан келтірері де хақ!..

Сөйтіп, Мейіргүл бастап, қабылдауға келген қандастарымыз түгел өтініштерін айтып, жазбаша өтініштерін тапсырды. «Нұр Отан» партиясына, оның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұмажан Жүкеновке, барлық қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды.

Өз кезегінде біз де төмендегі үш өтінішті негізге ала отырып, мәселені шешудің тиімді жолын ұсындық:

1. «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаты» деген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің №992 бұйрығының  10 тармағының 7)-тармақшасына толықтыру енгізіп, «егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда;» деген бір ауыз ескертпе қостырсаңыз, Қытайдан келген қазақтар бұл қорлықтан құтылады;

(Мәселені осы жолмен ғана шешуге әбден болды. Себебі, кезінде осы №992 бұйрықтың «азаматтығы бар мемлекеттің жазбаша келісімі, ол кету парағы не шетелге тұрақты тұруға шығуға арналған рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде жүруі мүмкін (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);» деген 10 тармағының 4) тармақшасына да осы ескертпені қостырғамыз)

2. Қытайдан көшіп келіп, осы мәселеге байланысты тұрақты тіркеуге тұра алмай, визасының мерзімі өтіп кеткен барлық этникалық қазақтарды құқықбұзушылық жазасына тартпай, кешірім жасауыңызды өтінем!

3. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 30 000 қылмыскерге рақымшылық жасағалы жатыр. Қазақстан Республикасының ҚР Ішкі істер министрі мәртебеңізбен, ескі Заңның тым қатаңдығын ескере отырып, Сіздің де Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бері Сот шешімімен елден тыс жерге шығарылған сол қандастарымызға бір мәрте рақымшылық жасатуыңызды сұраймын!

Егер, бұл мәселе 2016 жылдың аяғына дейін шешілмесе, БАҚ өкілдерімен баспа сөз мәслихатын өткізіп, Қытай Халық Республикасында тұратын этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасына көшіп келмеуін мәлімдеуден өзге амалымыз жоқ екенін ауызша да, жазбаша да ескерттік!

Ескерту:

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы бұл мәселені толық түсінгенін, Соттылық пен Рақымшылық туралы мәселені Үкіметпен ақылдасатынын айтты.

Ауыт МҰҚИБЕК

07.12.2016

Астана

Abai.kz

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. 22 қыркүйек 2025 жыл. Тоқаев пен Зеленский. Сурет: Ақорда 21 қыркүйек күні Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясына барған сапарында Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ, Зеленский “Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын” білдірген, ал Қазақстан басшысы “қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет” деген. Зеленский осы кездесу туралы мәлімдемесінде Украина, АҚШ, Еуропа және өзге елдердің соғысты тоқтату жөніндегі талпынысын талқылағанын айтты. Оның сөзінше, қос басшы сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті, қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіру ісіне қатысуға деген қызығушылығын сөз еткен. 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кірген Ресей Қазақстанның ең

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: