«Марапат «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығы аясында беріледі. Мұндай шешімді ұйымдастырушылар мен әділ-қазылар алқасы шығарды», – деп жазды өзінің Facebook-тегі парақшасында ұйымдастырушылардың бірі Ғалым Байтук.
Айта кетейік, 4 желтоқсан күні Астана-Бурабай тасжолында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жол апаты төрт адамның өмірін жалмады. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Құмарбек Жәкетайұлы үш жасар баланы құтқарып қалған. Автобуспен соқтығысуына бірнеше секунд қалғанда ол баланы автокөліктен шығарып алыпты. Артынша тағы бір қызды құтқармақ болғанымен үлгермеген.
«Қылмыстық істі тергеу амалдары мен болған оқиғаның мән-жайы анықталған соң өте қиын жағдайда адамдардың өмірін алып қалуға деген ұмтылысы үшін марқұм Құмарбек Жәкетайұлын наградаға ұсыну мәселесі шешілетін болады», – дейді Ақмола облысы ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.
Пікір қалдыру