|  |  | 

Оқиға Саясат

Кәрім Мәсімовтің ҰҚК-дегі 100 күні


ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов.

ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов.

Кәрім Мәсімовтің ҰҚК төрағасы қызметінде де агрессиялық пиарды жатсынбайтыны байқалады, бірақ кей бақылаушылар ол арнайы қызмет жұмысының қыр-сырына қанығып, біраз жетістіктерге жетті деп санайды.

Ақтөбе мен Алматы қалаларында ашық түрде қарулы шабуылдар жасалған тұста, биыл қыркүйектің 8-інде Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасы қызметін сегіз айдан сәл көп атқарған Владимир Жұмақанов қызметінен алынды. Оның орнына бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің тағайындалуы биылғы жылдың басты оқиғаларының біріне айналды. Мәсімовтің жаңа «құпия» қызметтегі әрекеттерінің көбі жұрт назарына ілікті. Олардың кейбірі премьерлігінің соңғы кезеңінде байқалған өз-өзін жарнамалауды жалғастыру сияқты болып көрінді.

Бірақ Кәрім Мәсімов ҰҚК-ін басқарған 100 күн ішінде «мұнай және мұнай өнімдерін ұрлап, заңсыз тасымалдаумен айналысты» деген күдікке іліккен ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кескен ауқымды арнайы операция жүргізілді. Сарапшылар мұны Мәсімовтің еңбегіне балайды.

ПИАРҒА ҰҚСАЙДЫ

Қарашаның 26-сы күні Астанадағы балалар үйінің 30 жылдығын мерекелеуге қатысып, жетім балаларға ҰҚК атынан сыйлықтар табыстаған Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы ретінде БАҚ-та көрініп үлгерді.

ҰҚК-нің баспасөз хабарламасында Кәрім Мәсімовтің «Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев балалар мен олардың құқығын қорғауды елдің әлеуметтік дамуының басты бағыттарының бірі ретінде белгілеген болатын. Өйткені балаларды қамқорлыққа бөлеу мен дұрыс тәрбиелеу келешегімізге салынатын орасан зор инвестиция ғой» деген құттықтау сөзінен үзінді келтірілген.

Қазан айында БАҚ-та тараған қала жағдайында террорға қарсы арнайы жаттығуда ҰҚК арнайы бөлімшесі қызметкерінің жауынгерлік киімін киіп, автомат ұстап тұрғаны және барлау-диверсия тобының жаттығуына қатысқаны көрсетілген видеосюжеттер де Кәрім Мәсімовті жарнамалауға ұқсады.

​Азаттыққа «Ол арнайы қызмет офицерлері арасында беделін арттырып жүр» деген Қазақ ССР мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (КГБ) бұрынғы төрағасы Зақаш Камалиденов Мәсімовтің мұндай әрекеттерін жарнама деп санамайды. Зақаш Камалиденовтің пікірінше, Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы қызметіне келгелі өз-өзін жарнамалаумен емес, арнайы қызметтің БАҚ пен көпшіліктің назарынан көбінесе тыс қалатын жұмысының қыр-сырын жақсылап меңгерумен айналысып жүр.

Камалиденов жуырда өзі де қатысқан Мәсімовтің ҰҚК ардагерлерімен кездесуін ризашылықпен еске алады.

Кәрім Мәсімовтің өз-өзін жарнамалауға бейіл деген теорияны жақтаушылар желтоқсанның басында оның Қазақстан триатлон федерациясы президенті етіп сайлануын да назардан тыс қалдырмас. Бірақ скептиктер Мәсімовтің түрлі-түсті шұлықтары, автобанда велосипедпен жүріп, жол жүрісі ережелерін бұзғаны үшін сот арқылы салынған айыппұлды төлеу сияқты пиар-эпизодтар былтыр жазда әлеуметтік желілерде қызу талқыланғанын есіне түсіруі мүмкін.

Қазақстанда мемлекеттік орган басшыларының әлдебір спорт түрінен федерацияны басқаруы дәстүрге айналған. Мысалы, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нұртай Әбіқаев волейбол федерациясы мен гольф федерациясын басқарады, бірақ оны өз-өзін жарнамалап жүр деп ешкім сөкпейді.

МӘСІМОВ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР

ҰҚК төрағасы қызметіне тағайындалғаннан кейін Кәрім Мәсімов әлеуметтік желілерде пост жариялауын доғарды. Мысалы, Twitter парақшасындағы соңғы жазбасы ҰҚК төрағасы қызметіне тағайындалған күні жарияланған.

Қыркүйектің 8-інде Кәрім Мәсімов Twitter желісінде «Елбасына маған көрсеткен зор сенімі үшін алғысымды білдіремін» деп жазған.

Кәрім Мәсімов аймақтарды премьер-министр ретінде аралаған ақырғы сапарынан түсірілген видеоесеп түріндегі соңғы постын Facebook желісінде қыркүйектің 7-сінде жариялаған.

Facebook желісіндегі постында Мәсімов «35 сағатқа жуық әуеде ұшып, 28 000 километр жол жүріп, 40 қала мен ауылды, 158 кәсіпорын, нысандарды аралап, көптеген кездесу, жиналыс өткіздік» деп жазған.

Зақаш Камалиденов.

Зақаш Камалиденов.

ҰҚК төрағасы қызметіне тағайындалғаннан кейін Кәрім Мәсімов іле-шала арнайы қызмет ардагерлерімен кездесу өткізгенін жұрт білмейді. ҰҚК ардагерлер кеңесінің құрметті төрағасы генерал Тұрсын Айжоловтың Азаттыққа айтуынша, Кәрім Мәсімов өзін проблемаларды тез түсініп, оларды шұғыл шешетін адам ретінде көрсеткен.

ҰҚК ардагерлері санаториялық емдеу жүйесіндегі талайдан бері шешілмей келе жатқан проблемалардың бірін Мәсімов кездесуден кейін бірден шешіп бергенін айтады. Ал Қазақ ССР КГБ-сінің бұрынғы төрағасы Зақаш Камалиденов әлгі кездесу кезінде Кәрім Мәсімов арнайы қызмет ардагерлерінің тәжірибесін тәптіштеп сұрады дейді ризашылықпен.

АРНАЙЫ ОПЕРАЦИЯНЫҢ АСТАРЫ

Жыл соңына қарай Ақтөбе облысы және өзге аймақтарда мұнай және мұнай өнімдерін ұрлап, заңсыз тасымалдаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесу үшін желтоқсанның 7-сі күні ҰҚК қолдауымен ауқымды арнайы операция жүргізілгені хабарланды. ҰҚК баспасөз қызметі таратқан баспасөз хабарламасында «мұнай ұрлауды жүзеге асыратын адамдарға «қылмыстық» қамқорлық көрсететін, радикалдық салафизм жолын ұстаушылардан құралған қылмыстық топтың бірнеше мүшелері тұтқындалды» деп жазылған. Баяғыдан белгілі «Ағайынды төртеу» тобының 50 жастағы басшысы Еркін Ізбасар Алматыда тұтқындалып, кейін ұшақпен Ақтөбеге ұшақпен жеткізілген.

ҰҚК-нің отставкадағы полковнигі Арат Нарманбетов «Күштік органдар «Ағайынды төртеу» деген топ барын 1990 жылдардан біледі, сондықтан арнайы операция неліктен ертерек емес, енді ғана өткізілді деп сұрау керек,»- дейді Азаттыққа. Ол бұл сұрағына «Мұны ұйымдасқан қылмыстық топ деп емес, экономика және қаржы салаларын да шырмап алған, бұған қоса күштік органдар ғана емес, саяси элитаның көрнекті өкілдері арасында да мықты «тіреушісі» бар мафия деп айту керек. Әлгі топқа әлі күнге дейін ешкімнің шамасы келмегені сондықтан» деп өзі жауап берді. Бірақ Нарманбетовтің сөзінше, ауқымды операция – Мәсімовтің беделінің арқасы.

Кәрім Мәсімов мұндай ауқымды арнайы операцияны президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рұқсатынсыз жүргізуге тәуекел етпес еді деп санайтын тәуелсіз журналист Сергей Дуванов оның соңғы пікірімен келіспейді. Дувановтың Азаттыққа айтуынша, Мәсімов Назарбаев белгілеп берген шектен аспай ғана батылдық таныта алады. Сондықтан журналистің пікірінше, жоғарыда аталған «Ағайынды төртеу» ұйымдасқан қылмыстық топ басшысын саяси элитаның ішінде әлгі шектен тысқары отырған кімнің қорғаштап келгенін қоғамға жарияламауы да мүмкін.

"Арнайы операцияда" Ақтөбе мұнай өңдеу зауытына кіреберісте тұрған қарулы жасақ. 7 желтоқсан 2016 жыл.

“Арнайы операцияда” Ақтөбе мұнай өңдеу зауытына кіреберісте тұрған қарулы жасақ. 7 желтоқсан 2016 жыл.

ҰҚК төрағасы қызметінде Кәрім Мәсімов көп батылдық таныта алмайтынын Азаттыққа парламенттегі билікшіл Қазақстан коммунистік халықтық партиясы фракциясының жетекшісі Владимир Косарев те айтады. Бірақ ол мұны ҰҚК таратқан хабарламада әлдебір салафиттер туралы да айтылуымен байланыстырады. Кәрім Мәсімовтің алдында ҰҚК төрағасы болған Владимир Жұмақанов ертеректе Қазақстанда исламның радикалды ағымы – салафизмге тыйым салу туралы заң жобасы дайындалып жатыр деп ашық мәлімдеген болатын әрі оны көп ұзамай ҰҚК төрағасы қызметінен алып тастады.

Жергілікті бақылаушылардың салафизмге заң жүзінде тыйым салуды енді Мәсімов талап ететін шығар деген болжамына қатысты Косарев мұны Назарбаевтың «қалауы біледі» дейді.

Премьерлік кезеңінің соңына қарай Кәрім Мәсімовтің жылнамашысы рөлін атқарған танымал блогер Денис Кривошеевтің Азаттыққа айтуынша, қаржы және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды екенін ҰҚК-нің бұрынғы басшыларымен салыстырғанда, Мәсімов жақсы түсінеді. Блогердің сөзінше, сондықтан Мәсімов қаржыгер Дәулет Ерғожинді ҰҚК төрағасының орынбасары етіп, «генералдық» қызметке шақырып алды. «Ағайынды төртеу» ұйымдасқан қылмыстық тобын талқандау қажеттігі туралы қисынды баяндамамен президент Назарбаевқа бару бұдан кейін қиын болған жоқ деп санайды Денис Кривошеев.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: