|  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ шежіресі

ӘМІР ТЕМІР, ТОҚТАМЫС хан туралы бірер сөз

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

timurwar Aqsaqtemir

(Қазақ жерінің бір тарихы)

Жошының үлкен ұлы Батый   1237-жылы Орыс князьдіктерін талқандап, Киев қаласын алып, Дунайға жетіп, Венгрияны, Мордваны бағындырғаны тарихтан белгілі.  Содан бері Алтайдан Дунайға дейінгі елдер Алтын Ордаға бағынышты болып, алым төлеп тұрған.  Ғасырдың ортасына  дейін Алтын Орданы Батыйдың ұрпақтары билегенмен,   1360-жылдардан бастап іс жүзінде билік басында (беклербек, уәзір қызметін атқарған) Мамай болды. Мамай  Алтын Орданың іс жүзіндегі билеушісі ретінде Орыс князьдіктеріне ықпалы, билігі жүріп тұрған. Мамай орыс, литва княздерімен араласып, қыз берісіп, қыз алысып тұрған.(Литва князьі Глинскийх  Мамайдың қызынан туған, ал, Иван Грозный Мамайға жиен болып келеді).  Алым салық мәселесінде  қиындық  туған жағдайда Мамай Рязань, Мәскеу князьдіктеріне жорық жасап тұрған. Мамай сондай жорықтардың бірінде Мәскеу князьі Д.Донскойдің әскерімен Куликово даласында кездесіп, жойқын айқаста жеңіліп қалған. Мамай Орыстардан, сосын Тоқтамыстан жеңілгеннен кейін, Қырымға қашып барып, кейінгі Феодосияда  қайтыс болыпты. (Оның жерленуіне Тоқтамыс барып, үлкен құрметпен  о дүниелік сапарға жөнелткен. Мамайдың Феодосиядағы қабірін бірнеше ғасыр өткеннен кейін, орыс әскерінде қызмет етіп жүрген атақты суретші Верещагин тапқан.) Мамайдың орыстардан осы  жеңілісін пайдаланып, Алтын Орданың басына Әмір Темірдің көмегімен Тоқтамыс келді. (Карамзин өзінің кейбір жазбаларында Тоқтамысты «қыпшақтардың ханы» деп те көрсеткен кезі болды. Тоқтамыс Маңығышлақ билеушісі Түй Қожа деген білікті кісінің баласы екен. Түй Қожаны Орыс хан өлтіргеннен кейін, Тоқтамыс Бұхара жеріне қашып келеді. Бұхар билеушісі оны Әмір Темірге алып келіпті. Тоқтамыстың билікке көтерілуі осы кезден басталған. Әмір Темір Тоқтамысты Сығанақтың әмірі етіп тағайындайды.. Тоқтамыс Алтын Орданың  билігіне келген шақтан бастап,  жан жағындағы елдерге ықпалын күшейтті. Әзірбайжанға, Хиуаға жорықтар жасады.  1382-жылы Мәскеуді басып алып, өртеді.

Содан біраз жеңістерден кейін, өзінің әскери қабілетіне сенімі күшейген Тоқтамыс хан Әмір Темірдің иеліктеріне жорық жасай бастады. Тіпті, Әмір Темір Парсы елінде жорық жасап жүргенде Тоқамыс хан Бетпақдала арқылы Бұхара мен Самарқанға әскерімен келіп, сол қала маңындағы қышлақтарды тонаған.

Тоқтамыс хан осы әрекеттерінен кейін, Әмір Темірмен соғыс болатынын білді ме! Әрине, сезді. Сол себепті өзінің күшінен  біраз ығып қалған, «Мәскеу князьі» құдіретін білдіретін айрықша грамотасынан айрылған князь Д.Донской  Алтын орда ханы Тоқтамысқа баласы Василийді жібереді. Тоқтамыс хан Василийді ойламаған жерден үлкен құрметпен қарсы алады. Қонақ қылып, күтеді,  сый сыяпат беріп, «Мәскеу князьі» деген грамотамен бірге Городець, Мещера, Торус, Муром қалаларын билеуге рұқсат береді.  Мұның бәрі Василий мен Мәскеу жұрты үшін үлкен олжа еді. Бәрі күтпеген жерден болды. Алтын Ордаға барып үш  ай жүрген, және үлкен билік құжатымен оралған Василийді мәскеуліктер таң қалып, қуанышпен қарсы алған.

Тоқтамыс ханның Васлийді Мәскеу және бірнеше облыстың князьі етіп тағайындауының өзіндік есебі бар еді. Ол Әмір Темірмен соғыса қалған жағдайда Мәскеу  және бірнеше облыстың князьі ғып тағайындаған Василийдің әскери күшінің қолдауына ие болу еді.

(Тоқтамыс хан ойлағандай, Василий бастаған әскери күш  Әмір Темір әскерімен шайқасар ( 1387-жылы) алдында келген. Бірақ, шешуші шайқас Әмір Темірдің жағына ойысқанда Василий өз күшімен шегініп, кері қайтып кеткен.)

Бұрын өз иелігіндегі Әзірбайжан мен Гүрзі еліне Тоқтамыстың басып кіргеніне онша ренжімеген Әмір Темір, Тоқтамыстың  Бұхара мен Самарқанға өзі жоқта келгенін кек тұтты, қахарына мінді. Әскерін атқа қондырды. Сөйтіп, атақты қолбасшы  Тоқтамысқа қарсы жорыққа аттанды. Әмір Темір қалың қолымен  Бетпақдала арқылы Ұлытауға ат басын тіреді. Қалың әскеріне ұсақ тастан тау үйдірді. Қасындағы үлкен тасқа  қашатып, өзінің жорығы туралы түркі тілінде сөз жаздырды. Содан соң Әмір Темір Ұлытаудың басына шығып, Сарыарқаның ұшы қиырсыз кеңдігіне қарап, көп ойланып қалған. Өзен көлі сирек жазық далада соғысуда қиын екенін көрген.

Оның себебі, Әмір Темірдің Ұлытаудың жер Кіндігі екендігін білгендігінде деп ойлаймын. Шынында да, Ұлытау Еуропа мен Азияның  дәл ортасында  тұр. Әмір Темір өз өмірінде оқымағанымен, тоқығаны көп болған қолбасшы. Оның Шығыс  әдебиетінен, тарихтан, архитектурадан, астролгия ғылымынан хабары болған. Олай дейтін себебіміз, Самарқан мен  Бұхара, Түркістан қалаларындағы құрылыстардың жұмысына өзі тікелей араласып, ақыл кеңес  беріп отырған.

Әмір Темір Ұлытаудан кейін, Каспийдің солтүстік беті арқылы, Жайықтан өтіп, Әзірбайжанға бет алады. Өйткені, тыңшылары арқылы Тоқтамыс ханның әскерінің сонда тағы жорыққа шыққанын естиді. Әмір Темір Тоқтамыстың әскерін Құрық өзенінің жағасында қарсы алып, сол жерде талқанын шығарған. Тоқтамыс хан қашып құтылады. Әмір Темір Тоқтамыстың қайта жинап алған әскерін төрт жылдан кейін Құндызша өзенінде кездестіріп, тағы ойсырата жеңген.

Тоқтамыс тағы қашып кетеді. Содан Әмір Темір осы жолы оны өкшелеп қуып, жолындағы Сарай, Сарайшық қалаларын, Алтын ордаға бағынышты басқа да қалаларды талқандаған. Әмір Темір сонда да Тоқтамысты қолына түсіре алмай, үлкен өкінішпен Самарқанға қайтады.

Алтын Ордаға Тоқтамыстан кейін, Едіге, Шәдібек билік құрған. Шәдібек пен Едіге Тоқтамысты біржола құртпай тыныштық болмайтынын біліп, оны  Түменге дейін қуып барады.  Тоқтамыс хан сол шайқаста 1406-жылы қаза табады.

ӘМІР ТЕМІР

(Орыстың атақты тарихшысы Н.Карамзиннің «История Российского государства» кітабындағы  «Әмір Темір туралы» жазбалары негіздерінде жазылған шағын мақала.  V-том, I-тарау,79-87-беттерден.Ертедегі славян кирилицасында жазылған Карамзиннің осы тарихын ақтарып отырып, «ол Шыңғыс хан, Жошы, Батый, Алтын Орда Әмір Темір туралы деректерді  кезінде Сібірге келіп, мыңдаған құжаттарды алып кеткен Г.Миллердің архивінен, Рашид ад Диннің, Әбілғазының еңбектерінен алған ау» деген ойға келдім.).

Мәскеудің  бұрынғы князьі Дмитрий Донсойдың  баласы Василийдің  Тоқтамыс  ханнан  арнаулы грамота алып, бірнеше орыс князьдіктерін Мәскеу қарамағына біріктіріп, дәуірі жүре бастаған кезі. Осы кезде Василий Шығыста Әмір Темір деген жахангердің шыққанын естиді. Василий  орыс жеріне тағы бір қауіптің туып келе жатқанын іші сезеді.

Н.Карамзиннің баяндауы бойынша Әмір Темір Шағатай Моғолдары империясының ең төмен дәрежедегі сұлтанының отбасында дүниеге келген. Бұл Қашқар қалмақ хандары мен әмірлерінің өз ара қырқысып жатқан кезі еді. «Темірлан осы Шағатай моғолдары империясының  бұрынғы атақ даңқын қалпына келтіруді армандаған» дейді Н.Карамзин. Темір осы жолда біраз жеңістерге жетіп, Шағатай әмірлігін бұрынғыдай күшейткен. Ақырында Темірге ішкі жауды жеңу қалады. Содан кейін өзінің бұрынғы досы, әмір Хұсейінді өзінің ықпалына түсіріп, ол бір шайқаста қаза табады. Содан кейін халық Темірді мойындап, Шағатай империясының , Сагебь Керемнің әмірі және «Әлем билеушісі» атағын берген. Бұл Әмір Темірдің 35 жасқа толған кезі, 1370- жыл. Шығыс дәстүрі бойынша, патшаның алтын белдігін тағып, алтын және асыл тастармен көмкерілген таққа отырып, өзіне бағынышты әмірлері алдында, сөз беріп, Әлемнің барлық патшалықтарын бағындыратынын айтқан. Әмір Темір Шыңғыс хан тұқымдарын әр елге хан, әмір етіп тағайындағанмен, оларды, өзіне аса жақындатпай, ұстаған.

Әмір Темір таққа отырғаннан кейін , алты жылдан соң,  әлемнің үш жарты шарындағы  26 мемлекетті, патшалықтарды бағындырады.

Әмір Темір Каспийдің шығыс бетін өзіне қаратып, ұзақ жылдар Шыңғыс ұрпқтары билеген Парсы елін таптап өткен. Ол елдегі кейбір сұлтандар Әмір Темірдің қыспағына шыдамай, тағы алдындағы кілемге бас ұрып келсе, кейбірі қарсыласып, шайқассада жеңіліп қалған, әмірлері айқаста қаза тапқан.

Бір кездегі ұлы халифтардың астанасы Бағдатты Әмір Темір аз уақытта бағындырған. Сол елдегі  Ориус деген өте бай Әмір Темірге көп алтын, асыл тас беріп құтылған.  Аралдан Персі құйылысына дейінгі Азия жерлерін, Тифлистен Ефратқа дейінгі Аравия сахарасындағы патшалықтар мен мемлекеттер Әмір Темірді ӘМІРШІСІ ретінде мойындағаннан кейін, ол елдердегі барлық эмирлерді жинап, оларға «Достарым, серіктестерім! Бақыт мені қолдап тұрған шақта, мен сіздерді жаңа жорықтар мен жаңа жеңістерге шақырамын! Бірге болыңдар!» деген. Содан кейін Әмір Темір Үндістанды қысқа мерзімде жаулап алған. Сол жерде жүріп, ол Грузияда өзіне қарсы көтеріліс шығып жатқанын естіп, елге оралады.

Әмір Темір Гүрзі елінде жүргенде Түрік қолбасшысы Баязидтің ерліктері туралы әңгімелерді құлағы шалады. Содан Әмір Темір  Анатолий жеріне келіп, Баязидке: «Мен әлемнің теңізден теңізге дейін жерлеріне иелік етемін. Түрлі Мемлекеттердің шахтары мен хандары менің шатырымды күзетеді. …Ақылға келсең өз отаныңда қаласың, маған қарсы шықсаң, өлесің!» деп хат жазады.

Содан кейін Ә.Темір Египет, Сирияны қол астына қаратқан. Алепо түбінде мамелюктардың әскерін қырып жіберген. Дамаскіні алғанда Әмір Темір басқа қалаларда болмаған көп алтынға ие болады.

Осы жеңістерден кейін Әмір Темір Баязидке келіп, оның соғыссыз бағынуын талап етеді. Әлем билеушісі бар жоғы үш төрт күнде Баязидтің әскерін талқандап, Баязидті тұтқындаған. Баязидті өз тағының алдына әкелгенде Әмір Темір оны құшақтап қарсы алады. Баязидтің басындағы тәжін шештіріп алып, оның үстіне қымбат шапан жабады. Әмір Темір Баязидке өмірдің  осындай ауыр кезеңдері болатыны туралы философиялық әңгіме айтып, Баязидті жұбатады.

Сөз соңында, Әмір Темір салдырған Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи кесенесі туралы бірер сөз айта кетейін. Ә.Темір А.Яссауи кесенесін «Тоқтамыс ханды жеңгеннен кейін салдырған» деген сөз бар. Бірақ, ғимараттың кіре берісінде Әмір Темір өзі айтып жаздырды деген: «1394-1395-  ж.ж.» деген жазба бар. Әмір Темір Ахмет Яссауи кесенесінің сыртқы архитектуралық жобасын, ішкі әшекейлерін, қазандықтың қалай жасалу керектігін айтқан, түсіндірген. Кесенені  Парсы, Үндістан елдерінен әкелген шеберлер өрген. Әмір Темір Әзірет Сұлтан қорын құрып, оған өзінің грамотасын тапсырған. Ол жазбада «Бұл әулие мекен ғимаратты ешкімге сатуға, жекеменшікке беруге, біреуге иелік етуге беруге болмайтыны» айтылыпты.  Сондай ақ, ғимараттың қабырғасында «Бұл әулие мекен Алланың рахымымен, падишах Әмір Темір көрегеннің  жарлығы бойынша орнатылды» деген жазу бар.

 

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ,жазушы, тарихшы

kerey..kz

Related Articles

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: