|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат

Сирия оппозициясы дағдарысты шешудегі өз жоспарын жариялады

Сирия оппозициясы делегациясының жетекшісі Мохаммад Аллуш келіссөзде отыр. Астана, 23 қаңтар 2017 жыл.

Сирия оппозициясы делегациясының жетекшісі Мохаммад Аллуш келіссөзде отыр. Астана, 23 қаңтар 2017 жыл.

Ресей, Иран және Түркияның ресми өкілдері Астанада аяқталған Сирия бейбіт келіссөзінің қорытындысы бойынша Сириядағы әлсіз бітімге бақылау жасау механизмін құруға келісті. Бірақ олар Сириядағы алты жылға созылған соғысты саяси жолмен тоқтату бағытында ілгері қадам жасай алмады.

Екі күндік келіссөздің қорытындысы бойынша жасалған бірлескен мәлімдемеде Иран, Ресей және Түркия 30 желтоқсанда жарияланған “қақтығысты тоқтату режимінің сақталуы мен кез-келген арандатудың алдын алуды” бірлесе бақылайтыны және бітімнің техникалық мәселелерін анықтайтыны айтылған.

Бұл қорытынды мәлімдемеге келіссөзге қатысқан Сирия оппозициясының көңілі толмады. Оппозиция өкілдері қақтығысты тоқтату режимін бұзуға бақылау жасаудың өз жоспарын ұсынды. Сирия оппозициясы делегациясының басшысы Мохаммед Аллуш оппозицияның келіссөздің қорытындысы туралы ортақ мәлімдемеге қатысты басты ескертпелерінің бірі құжаттағы “реттеу” сөзінің қолданылуы екенін мәлімдеді.

“Біз мұнда реттеу үшін келген жоқпыз. Біз дағдарысты билікті алмастыруға алып келетіндей етіп саяси шешетін келіссөз жүргізуге келдік. Бұл шешім алғашқы кезең, яғни қақтығысты тоқтату арқылы іске асады” деді Аллуш. Ол сонымен бірге оппозиция “территорияларда қақтығысты тоқтату режимі нақты орнатылмайынша” дағдарысты саяси жолмен шешу механизмдерін талқыламайтынын жеткізді.

Аллуштың сөзінше, қақтығыс расымен тоқтаған соң “гуманитарлық шаралар қабылдануы тиіс”, оппозиция содан кейін ғана дағдарысты ықтимал саяси жолмен шешуге кіріседі. Ол бұған қоса бітімді бақылаудың баламалы механизмдері “бітімнің қаншалықты бұзылғанын, оның ауқымы мен кім бұзғанын” анықтауға көмектеседі. Аллуштың айтуынша, бұл туралы құжат Астанада келіссөзге қатысқан Ресей, Түркия және БҰҰ өкілдеріне берілген.

Ал Сирия оппозициясы делегациясының өкілі, “Сирия ерікті армиясының” да өкілі саналатын Осама Абу Зейд оппозицияны жасақтары бітімге мониторинг жасау механизмі жөніндегі келісімге қоспағанын айтады. “Бұл – Түркия, Ресей және Иран арасындағы келісім. Олар егемен мемлекеттер және өздері қалаған кез-келген келісім жасай алады. Қорытынды мәлімдеме қабылданатын кезде біз біраз ескертпеміз барын айттық. Бұған қоса, Иран “кепіл беруші мемлекет” деп көрсетіліпті” деді Осама Абу Зейд.

Дамаск өкілдері Түркиямен мемлекеттік деңгейде келіссөз жүргізуге немесе түркиялық ресми адамдар қол қойған қандай да бір келісімге қол қоюға ниетті емесін мәлімдеді. Түркия бұған дейін дағдарысты шешу үшін Сирия президенті Башар Асадты биліктен кетуге ашық шақырған.

Астанадағы келіссөзге бастамашы болған Ресей, Түркия және Иран экстремистік “Ислам мемлекеті” (ИМ) ұйымына және “”Жабхат Фатех әл-Шам” тобына қарсы күресті жалғастыра беру және оларға өзге қарулы оппозицияшыл топтардан бөлекше қарау ниеті барын растады.

Ресей, Түркия және Иран Сирия оппозициясының келіссөздің 8 ақпанда Женевада жоспарланған келесі кезеңіне қатысқанын қолдайтынын мәлімдеді.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қазір әлеуметтік желіде кейбір қазақ зиялыларының қазақ тілін сынаған пікірі тарап жүр. Есіме бір кездері Қытай интеллигенциясының қытай иероглифін сынағаны түсіп кетті. 20- ғасырдың алғашқы ширегінде қытайдың дәстүрлі иероглифтерін сынамаған зиялы кемде кем. *** *** *** “Иероглифтерде заманауи идеялар мен теорияларды жеткізетін сөздік қор жоқ, әрі олар зиянды ойлардың ұясына айналады. Оларды жоюда ұят жоқ” деп жазды 1918 жылы Қытай Коммунистік партиясының негізін қалаушылардың бірі әрі Жаңа мәдениет қозғалысының жетекші қайраткері Чэнь Дусю (陈独秀). Қытай иероглифін қатты сынаушылардың қатарында тағы да Қытай коммунистік қозғалыстың жетекшілерінің бірі Цюй Цюбай (瞿秋白) де болған. Ол тіпті 1931 жылы “Қытай иероглифтері шын мәнінде әлемдегі ең лас, ең жексұрын әрі ең жиренішті нәрсе. Тіпті ортағасырлық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: