|  | 

Жаһан жаңалықтары

«Қысқасы, былай болды…». Трамп «Ислам мемлекетінің» қалай құрылғанын айтып қойды

Алдағы төрт жылда АҚШ-ты Трамп билеп-төстейді. Әлемге сөзін өткізіп отырған алпауыт елдің сыртқы саясаттағы әрбір әрекеті Қазақстанды да айналып өтпейді. Трамптың  АВС World News Tonight бағдарламасына берген сұхбатын аударып басуымызға да осы себеп болды-деп жазды kaz.365info.kz.

Біз ғой, тыңдап отырдық. Осы арқылы оның психологиялық портретін жасауға тырыстық. Нені байқадық?

Трамп «тірі» адам екен. Ресмилік атымен жоқ. Жасандылығын да көрмедік. Керісінше, әумесерлігі бар.

Мақтаған емес, сонысымен ұнады бір жағынан. Бірақ,  Америкадағы демократияның шын көрінісі сонда журналист президенттен қорықпайды. Осы жолы да солай болды. Трамп журналистің алдында ақталды. Ағынан жарылды. Айтқан сөздері мен берген уәделері үшін жауап беруіне тура келді.

Ұзақ сөйледі ол. Арасында ең өзекті деген ойларын тіліп алдық. Бәлкім, сізге де қызық болар, оқып көріңізші.

«Қамал соғамын»

Иә, соғам. АҚШ пен Мексиканың арасында қамал тұрғызам. Бұл қажеттілік. Қалжыңдап тұрғам жоқ. Салуымыз керек. АҚШ-қа ағылып жатқан есірткі тасқынын тоқтату мақсат. Бұл Мексикадан келетін адамдарға да қатысты.  Айналып келгенде, бәрі АҚШ-тың мүддесі үшін. Айналып келгенде, мәселе Мексикада емес. Мексика делдал. Әлемдегі ең арам, ең лас заттардың барлығы, алдымен осы елге келеді. Сосын бізге өтеді. Мен бұған тосқауыл қоям. Бізге дамыған әрі саяси-экономикалық тұрғыдан мықты Мексика керек.

Қамалды қашан қалайтынымызды дәл айта алмаймын. Бәлкім, екі-үш айдан кейін…

Мұсылмандар АҚШ-қа кіре алмай ма?

Айтайын дегенім… мұсылмандарға елге кіруге тыйым салмаймыз. Бұл елінде атыс-шабыс жүріп жатқандарға қатысты. Бұлардың атын алдағы уақытта атаймын. Осы елдерден көшіп келгендер АҚШ-тың берекесін кетіріп отыр. Бұларды кіргізбейміз. Америкаға көшіп келу бұрынғыдай оңай болмайды. Бас ауруымыз онсыз да жетіп артылады. АҚШ-қа кектеніп келетін, кейін өшін алғысы келетіндер керегі жоқ, бізге.

Бұлардың атын алдағы уақытта атаймын.  Тізім ұзын. Таныссаңыз, таңғаласыз. Бірақ, амал жоқ. Біз қауіпсіз елде өмір сүруіміз керек. Еуропа қайтті? Қателесті. Миллиондаған босқын Батысқа басып кірді. Бұл апат! Апаттың көкесі алда…

«Әдемі кетпедік»

Ешнәрсеге көңілің толмайтын әлемде тұрамыз… Иракқа бекер кірдік. Иракқа кірмеуіміз керек еді. Кірдік пе, дәл солай кетпеуіміз керек еді.

Біз хаоста өмір сүреміз. Алеппода не боп жатыр, қараңыз. Мосулдағы жағдай ше? Таяу Шығыстағы ахуал қандай? Ол жақтағы жұрт Батыс пен АҚШ-қа безді. Солай, қазіргі әлем – хаос, достым.

«Әттең…»

Ирактан кеткен күннің өзінде бұл жақта мұнайды бақылап қалу керек еді. Мұнайды бақылаудан айырылмағанда… ашығын айтайын «Ислам мемлекеті» де пайда болмас еді. Олар мұнайдың арқасында өсіп, өніп жатыр. Оларды мұнай асырап отыр. Біз кетіп қалдық, мұнайды қараусыз қалдырдық. Біз кеткенде, сенесіз бе, Иракта үкімет болған жоқ (қазір де жоқ). Қай бетімізбен кеттік?

Біз екі ұлттан қауіп күттік. Ирак пен Иранды айтам. Әскери күші жағынан тең еді бұлар. Екеуі осы күнге дейін сыйысқан жоқ. Соғысып келді. Соғыс олардың өмір дағдысына айналып кетті. Біз Ирактың басын алдық. Сол кездері мен: «Иран Иракты билеп төстейтін болады» дегем. Айтқаным айдай келді.

Диалог

Әңгімені осы арадан үзейік. Себебі, дәл осы арада журналист Трамптың сөзін бөледі.

– Сіздің сыншыларыңыз, бөтен елдің мұнайын бақылауға алу — заң бұзу дейді…

— Кім, кім дейсіз? Бұлар кім өзі? Бұлай кім айтады? Әй, ақымақтар…

– Сонда қалай? 

— Солай. Олар сыншы емес, ақымақтар.

Неге?

– Қалай неге? Мұнайды бақылауға алу керек еді! Мұнайды бақылауға алсақ, «Ислам мемлекеті» де болмайды. Бұдан ұтар едік. Біз қайттік? Осы уақытқа дейін Таяу Шығысқа 6 триллион доллар шығындадық! Ойлап көрші! Ал АҚШ қираудың алдында тұр.

Оларда да жолдың жыры көп екен

Біздің жолдарды қараңыз. Жол деп айтуға аузың бармайды. Көпірлерді, мектептерді қараңыз. Құлағалы тұр. Таяу Шығысқа 6 триллион долларды төге салдық. Ал өзімізде, мектеп салуға ақша жоқ. Ақшаның бәрі, сыртқа судай ағып жатыр. Жетер! Біз ұзақ соғыстық. 15-16 жылымызды өзімізге емес, әлемге арнадық. Жетер, жетер…

P.S. Трамп осылай деді. Өздеріне қатысты басқа да дүниелерді айтты. Әр сөзі «Америка үшін, америкалықтардың мүддесі үшін» дегенмен аяқталып жатты.

Көрелік, сөзі мен ісі сәйкесе ме екен?

kaz.365info.kz

Related Articles

  • АҚШ сенаты Украинаға қаржылай көмек қарастырылған заң жобасын мақұлдады

    АҚШ конгресі.  АҚШ сенаты 13 ақпанда Украина, Израиль және Тайваньға 95 млрд доллар болатын қаржылай көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады. Сенатта демократтар басым орынға ие. Енді заң жобасын Республикалық партия басым Өкілдер палатасы қарайды. Өкілдер палатасында жобаның заң статусын алуға мүмкіндігі аз деген болжам да айталады. Президент-демократ Джо Байден біраз уақыттан бері екі палатаны Украина мен АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аумағындағы серіктестеріне көмек беруді жылдамдатуға шақырып келеді. Украина билігі басты одақтасы АҚШ-тан қолдау азайған тұста қару-жарақ жетпей жатқанын бірнеше рет мәлімдеген. Украина президенті Владимир Зеленский бүгін, 13 ақпанда АҚШ сенатының бұл заң жобасын мақұлдағанына алғыс айтты. Құжатта Киевке 61 млр доллар беру қарастырылған. “Американың көмегі Украинаға бейбіт өмірді жақындастырып, әлемдік

  • АҚШ сенаты Украина мен Израильге көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады

    Азат Еуропа / Азаттық радиосы АҚШ сенаты Украина мен Израильге 118 миллиард доллар қосымша қаржы көмегін беру туралы екі партия ұсынған заң жобасын және АҚШ-тың оңтүстік шекарасын нығайту туралы заң жобасын мақұлдады. Былтыр қазан айынан бері жалғасып келе жатқан “ұлттық қауіпсіздікке байланысты қосымша қаржыландыру туралы” дауға нүкте қоятын компромистік мәтін АҚШ сенатының сайтына шыққан. Заң жобасы бойынша, сенаторлар 60 миллиард долларды Украинаны қолдауға, 14 миллиардты Израильге көмекке, 20 миллиардтан астам долларды АҚШ-тың Мексикамен шекарасын қауіпсіздендіруге, шамамен бес миллиардты АҚШ-тың Тынық мұхит аймағындағы серіктерін қаржыландыруға, екі жарым миллиардқа жуық долларды “Қызыл теңіздегі” операцияны қолдауға, тағы да сондай қаржыны АҚШ-тың Орталық қолбасшылығына бөлуді жоспарлаған. АҚШ президенті Джо Байден конгресстен Украина, Израиль және Тайваньға

  • Мәскеу Тоқаевтан Пригожиннің бүлігін басуға көмектесуді сұрады ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Ресей басшысы Владимир Путин. Бұл аптада Батыс басылымдары маусым айында «ЧВК Вагнердің» жетекшісі Евгений Пригожиннің әскери бүлігі кезінде Ресей Қазақстаннан көмек сұрағанын, бірақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев одан бас тартқанын жазды. Сонымен қатар Астана мен Анкара әскери саладағы серіктестікті күшейтіп, 2024 жылы елде дрон шығара бастайтынына тоқталды. Бұдан бөлек Орталық Азия Батыс елдері үшін не себепті маңызды аймаққа айналғанын талдады. ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ ANKA ДРОНЫН ШЫҒАРА БАСТАЙДЫ АҚШ-тағы Jamestown қоры Қазақстан мен Түркия әскери серіктестікті күшейтіп жатқанына назар аударады. Қазақстан 2024 жылдан бастап елде Түркияның Anka дрондарын шығара бастайды. 28 қараша күні қорғаныс министрлігі дрон өндіретін отандық компанияны таңдап жатқанын хабарлады. Мәлімдемеде Түркияның Anka дроны елде

  • Әзербайжан Қарабаққа шабуыл бастады. Қазірге дейін не белгілі?

    Азаттық радиосы Әзербайжан қорғаныс министрлігінің Таулы Қарабақта “армениялық әскерилердің позициясын жойдық” деп таратқан фотосы. 19 қыркүйек 2019 жыл.  19 қыркүйекте Әзербайжан Таулы Қарабақта “антитеррористік операция” бастағанын мәлімдеді. Бакудың бұл мәлімдемесінен соң Қарабақта тұратын армяндар артиллериядан шабуыл басталғанын айтады. “Степанакертте жарылыс естіліп жатыр. Балалар мен ата-аналар жертөлелерге түсті. Балконымнан әр жақтан жарылыс дауысы естіліп жатыр, тоқтар емес. Артиллерия қатты атқылап жатыр, атыс дауысы да толастар емес” деді Таулы Қарабақтағы тәуелсіз журналист Марут Ванян. Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, 19 қыркүйек 11:10-да Әзербайжан күштері Қарабақтағы Аскеран ауданын атқылаған. “Эхо Кавказ” сайты Степанакерт қаласында әуе дабылы қағылғаны хабарланды. Степанакерт қаласында қашып бара жатқан адамдар. 19 қыркүйек 2023 жыл. Таулы Қарабақтағы армяндардың бақылауындағы аймақтың омбудсмені

  • АҚШ украин сарбаздарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге рұқсат берді

    F-16 жойғыш ұшағы.         АҚШ президенті Джо Байден украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшағын басқарып үйретуге рұқсат берді. Бұл жөнінде Пентагонның баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх хабарлады. Оның айтуынша, Нидерланд және Дания оқыту жағына жауап беруі мүмкін. Пентагон өкілі бұдан өзге ақпарат бермеді. Шілде айында Politico журналы Дания мен Нидерланд бастаған 11 елден құралған коалиция украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге дайын екенін, алайда ол үшін ұшақты шығарушы ел АҚШ-тың ресми рұқсаты қажет екенін хабарлаған. Басылымның жазуынша, дегенмен 11 елдің ешқайсысы әзірге ол бағдарлама үшін ұшақ бөлмеген. Шілде айында Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби оқыту мерзімі, орны мен ұзақтығы әлі қарастырылып жатқанын айтқан. Өткен аптада Politico

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: