|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Шоу-бизнис

Жолбарысты қайта жерсіндіру үшін Ди Каприоға үміт артады

Америкалық актер Леонардо Ди Каприо.

Америкалық актер Леонардо Ди Каприо.

Леонардо Ди Каприо сияқты атақты адамдар Қазақстанда жолбарыс популяциясын қалпына келтіру проблемасын талқылауға түрткі болды. «Каспий» немесе «Тұран жолбарысы» деп аталатын түз тағылары мұнда 20-ғасырдың бірінші жартысына дейін мекендеген.

Кезінде Қазақстанды мекендеген мысық тұқымдас ірі жыртқыш «Каспий» немесе «Тұран жолбарысы» деп аталатын тұқымға жатады. Бенгал және Амур жолбарыстарынан тұрқы кішілеу болғанымен, ол да ірі аң болған. Хатталған дерекке қарағанда, Каспий жолбарысының салмағы 240 килограмға жететін. Бұл тұқымның бір ерекшелігі -жирен түсті жүнінің бояуы қанық. Ал түсі қоңыр реңкті болып келетін жолақтары ұзын әрі жиі орналасқан. Қыстың күні Каспий жолбарысының терісі, әсіресе қарын тұсының жүні қалыңдай түседі. Тұмсығында қою мұрты болған.

Құжаттарға қарағанда, Қазақстанды мекен еткен жолбарыс тұқымының соңғы өкілін 1947 жылы Қарауылқұм ауданында әлдебір аңшы өлтірген.

Каспий жолбарысын қайта жерсіндіру идеясы 2005 жылы айтыла бастаған еді. Астанада өтетін «ЭКСПО» көрмесіне байланысты бұл тақырып жуырда қайта қозғала бастады. Жолбарысты жерсіндіру бағдарламасын іске қосу туралы WWF дүниежүзілік жабайы табиғат қорының ресейлік өкілдігі мен Қазақстан үкіметі арасында келісімге Қазақстан астанасында өтетін халықаралық көрме аяқталар тұста – 2017 жылғы қыркүйектің 8-і мен 9-ы күндері қол қойылады деп жоспарланған.

ЖОЛБАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Ресей – WWF ұйымы жолбарыстың бұл тұқымының бұрын мекен еткен ареалын Таяу Шығыс, Закавказье елдерінен бастап Орталық Азия аймағына дейін зерттеген. WWF дүниежүзілік жабайы табиғат қорының Ресей өкілдігі директоры Игорь Честиннің Азаттыққа айтуынша, Іле өзенінің сағасы мен Балқаш көлі жағасы Қазақстанда жолбарыс популяциясын қалпына келтіру үшін жайлы территория болады деген тоқтамға келген есеп Қазақстан ғылым академиясының зоология институтымен бірлесіп әзірленген.

Каспий жолбарысының суреті.

Каспий жолбарысының суреті.

 

Ол жақта халық сирек қоныстанған (шаршы километріне екі адамнан аспайды), әрі ол жақтың жергілікті экожүйесі жолбарыстың бұл түрі 1950 жылдардың аяғына дейін мекендеген ортаға сай деп танылған. Жеті мың шаршы метр аумаққа 40-55 жолбарыс жіберсе, жарты ғасыр ішінде оның санын 64-98 жолбарысқа дейін көбейтуге болады деп болжанады.

Жобаны іске қосу үшін жолбарысты жерсіндіру бағдарламасына үкімет қол қойып, Балқаш көлінің оңтүстік жағалауында резервуат құруға келісімін беруі әрі оның қажетін өтеуге қатысты міндеттемелер алуы тиіс.

Балқаш көлі жағасында резервуат құру жұмыстары биыл қайта жаңғырады деп үміттенетін Игорь Честиннің айтуынша, бағдарламаны іске асыру жұмыстары тек 2016 жылы ғана жанданған.

Бірақ Қазақстан ұлттық география қоғамының (ҚҰГҚ) атқарушы директоры Жанна Рүстем WWF директоры Игорь Честиннің оптимизмін қостамайды. ҚҰГҚ-ын 2013 жылы бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстанда жолбарыс популяциясын қалпына келтіру жобасын іске асыратын бастамашыл топ ретінде құрған. Енді оның жетекшісінің айтуынша, «экономикада қалыптасқан жағдайға» байланысты қымбат бағдарламаларға мораторий жарияланғандықтан, жобаны тоқтата тұруды ұйғарған.

- … ал әлгі жоба бір күннің, бір жылдың жобасы емес. Бұл – миллиондаған ақша тұратын қымбат жоба, – дейді ҚҰГҚ атқарушы директоры Жанна Рүстем.

«Зеленое спасение» экологиялық қоғамы жетекшісі Сергей Куратов Каспий жолбарысы санын қалпына келтіру жұмысын ерекше, бірақ іске асуы қиын жұмыс деп санайды. Ол қолда барды сақтап қалуды үйренуге шақырады, бірақ елде бұған тиісті заңдар, мамандар және ғылыми база жоқ деп санайды.

- Ең жаманы, Қазақстанның ерекше қорғалатын территориялар туралы заңдары нашар. Заңдарды орындау деңгейі де көңіл көншітпейді. Мұндай құқықтық жағдайда Қазақстан Каспий жолбарысы тұқымын қалпына келтіру сияқты қиын жұмысты қамтамасыз ете алмайды, – дейді Сергей Куратов Азаттыққа.

Оның сөзінше, ұлттық парктердің жұмыс істеуін мемлекет тарапынан қаржыландыру жағы да мүшкіл.

ҚАЗАҚСТАНҒА ЖОЛБАРЫСТЫ КІМ ЖЕРСІНДІРУІ ТИІС?

WWF дүниежүзілік жабайы табиғат қоры дерегінше, 20-ғасырдың басында планетада 100 мыңға жуық жолбарыс мекендеген. Мысықтұқымдастарға жататын ірі жыртқыштың тоғыз түрі болған. Қазір үш жарым мыңдай ғана жолбарыс қалған. Төрт тұқымы құрып кеткен. WWF басқармасына кіретін голливудтық актер Леонардо Ди Каприо жолбарыстың әлемдік популяциясын құтқаруға өз үлесін қосып жүр. 2010 жылы ол жолбарыстарды сақтау жөніндегі Санкт-Петербург саммитіне қатысып, жолбарыстарды сақтап қалу бағдарламасына екі миллион доллар беретінін мәлімдеген. Табиғат қорғау жобаларына қатысқаны үшін белгілі актерді «жолбарыстар елшісі» деп атайды.

Актер Леонардо Ди Карио (оң жақта) жолбарыстарды қорғау саммитінде Владимир Путинмен (сол жақта, премьер кезі) амандасып тұр. Санкт-Петербург, 23 қараша 2010 жыл.

Актер Леонардо Ди Карио (оң жақта) жолбарыстарды қорғау саммитінде Владимир Путинмен (сол жақта, премьер кезі) амандасып тұр. Санкт-Петербург, 23 қараша 2010 жыл.

 

Енді Леонардо Ди Каприо мен еліндегі климат өзгеру қоры жетекшісі болып саналатын Нидерланды ханшайымы Лаурентинді Каспий жолбарысы популяциясын қалпына келтіру бағдаламасы басталғанын білдіретін қол қою шарасы жоспарланған Астанаға шақырмақ. Жергілікті БАҚ бұл жайлы ЭКСПО-2017 басқарушы директоры Салтанат Рахымбековаға сілтеме жасап хабарлаған.

Леонардо Ди Каприо мен Нидерландының король отбасы мүшелерін шақыру идеясын ұсынған WWF-Ресей директоры Игорь Честиннің айтуынша, Астанаға келу жайлы олармен әлі ешқандай келісім жасалмаған.

Біз Қазақстан Республикасы үкіметімен бірлесіп жүзеге асырамыз деп үміттенетін бағдарламаны іске қосылғаны жайлы халықаралық деңгейде хабар таратқымыз келеді. Әлі ешқандай келісім жоқ болғанымен, Леонардо Ди Каприоны шақыру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз, – дейді Игорь Честин Азаттыққа.

Каспий жолбарысы популяциясын қалпына келтіру бағдарламасы авторлары есебінше, Қазақстан үкіметімен келісімге қол қойылғаннан кейін жобаны іске асыруға 10 жыл ішінде меценаттардан 20 миллион доллар түседі. Бұған қоса, олар Астана да қаржыландыратын шығар деп үміттенеді.

Роман АХМЕДОВ

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: