|  |  |  | 

Көз қарас Руханият Шоу-бизнис

“БАЛҚАДИША” әнiн қашанғы бұрмалап айта бермекпiз?

Бiраз күн бұрын “Жiгiттер” квартетiнiң 10 жылдық мерейтойына арналған концертiн теледидардан берiп жатқанын байқап, әндерiне құлақ салдым. “Жiгiттер” тобы Ақан серiнiң “Балқадиша” әнiн өткен ғасырдың 30-жылдарындағы насихат құралына айналдырып, әйел теңсiздiгiн жырлаған Мақсұтбек Майшекин арнайы кiргiзген
“Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Күйеуiң сексен бесте, шал, Қадиша”,
 – деп айтылған нұсқасымен орындады. Осы бiр нұсқаның әлi күнге өзгермей, бояуын жоғалтпай шырқалып келе жатқанына қатты қапалымын.
Негiзiнде, Ақан серi Қазiргi Көкше өңiрiндегi Зерендi ауданына қарасты Жыланды тауының баурайындағы Қараөткел жерiне шiлдехана тойына келiп, Ыбырай атамыздың қызы – жиырма жастағы Балқадиша апамызбен кездеседi. Кейiн Балқадишаның Кеңөткел ауылына, өзiнен алты жас үлкен Масабайдың Сүлейменiне ұзатылғанын естiп, зарлы өкiнiшiн осы әнмен шырқаған. Мiне, бар тарихы да, ақиқаты да осы.
Әннiң тарихын бiле тұра, М.Майшекиннiң нұсқасын халыққа тарату бiздiң Мәдениет министрлiгiндегi мамандардың салғырттығы ма, әлде шоу-бизнесте жүрген өнерпаздарымыздың немқұрайдылығы ма, түсiнбедiм.
Соңғы жылдары шыққан “Қазақ әндерi” жинақтарының көбiнде “Балқадиша” әнi осы қате нұсқада келтiрiлгенiн байқаймыз. Мысалы, “Ауыл кешi көңiлдi” атты қазақ әндерi жинағының 87-бетiнде “Балқадиша” әнiнiң екi шумағы бастапқы қалпында өзгерiссiз берiлген.
Өткен жылы Зерендi өңiрiнде өткен көрнектi композитор, жазушы, Арқа әндерiн зерттеушi ағамыз Илья Жақановпен кездесу кешiнде өзiнiң “Бiр кезде Ақан едiм аспандағы…” деген деректi хикаят кiтабын маған тарту еттi. Автор өз кiтабында “Балқадиша” әнiнiң шығу тегiн терең зерттеп, тиянақты тұжырым жасайды. Кiтаптың 171-бетiнде Илья ағамыз былай деп күрсiнедi: “Ақан серiнiң көп күйiп, көп сүйiнген жүрегiнiң бiр тебiрене елжiреген кезi “Балқадиша” әнiнде қалып қойды. Бұл ән кешегi бiр кезеңде ұзақ жылдар бойы:
“Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Күйеуiң сексен бесте, шал, Қадиша”, 
– деп айтылып келдi. Әлi де солай айтылып жүр. Өресiз, бiлiмсiз бiреулер уылжыған Балқадишаны қутыңдаған шалға тигiзiп, жүректi ауыртатын, ар-ожданды қорлап, намысқа тиетiн әдепсiз бейнебаян да түсiрiптi. Қандай сорақылық?! Не деген жетесiздiк?! Ненiң не екенiн бiлмейтiн мәңгүрттiк деген осы болар… Қолдан жасалған жалған сөздiң сүреңi санадан өшiп, ұмытылатын емес. Жүрекке байланған дерт ол! Айықпай, жөнделмей келе жатқан зардабынан арылу қандай қиямет… қандай қиянат?! Бүгiнгi және келер ұрпақ еш шындыққа көзi жетпей, “Балқадиша” әнi жөнiнде осы терiс түсiнiкпен кете бере ме?…”. Мiне, еститiн құлақ болса, Илья ағамыздың да жанайқайы осындай!
Дәл осы мәселенi көтерiп, дұрыс жолға қоямын ба деген ниетпен 2013 жылы шыққан “Қайран елiм – Қараөткелiм…” деген кiтабымда кеңiнен жазған болатынмын. Амал не, қазiргi өнерпаз жастар кiтап оқымайтын сияқты. Бiздiң жазғандарымыз орталыққа аса жете қоймаса да, Илья Жақановтай атақты ағаларымыздың еңбектерiмен таныс болу әр өнерпаздың мiндетi емес пе?!

Жеңiс ТЕМIРХАН, өлкетанушы, Балқадиша Ыбырайқызының немерелес iнiсi.
Қараөткел ауылы,
Көкшетау қаласы

zhasalash.kz

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: