| 100 миллиард доллар
  • Жаңалықтар

    Келімбетов: 10 жылда елден 100 миллиард доллар сыртқа кеткен

    Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов.z Қазақстанда он жылдың ішінде оффшорлық аймақтарға 100 миллиард доллар кеткен. Бұл туралы бүгін Астанадағы жиында Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеген деп хабарлайды ҚазТАГ. «Соңғы он жылдың ішінде сіздер мен біздің отандастарымыздың 100 миллиард доллары Қазақстаннан кеткен. Ол ақшаның қайдан пайда болғанын қазбаламай-ақ қояйық… Дегенмен, бұл ақша Қазақстанда емес. Қазір ол ақша әлемдегі оффшорлық аймақтарда» деп мәлімдеген Қайрат Келімбетов. Оның сөзінше, Қазақстаннан капитал негізінен Сингапур, Дубай және Гонконгтегі оффшорлық аймақтарға шығарылған. «Егер сенімді заң базасы болмаса, келесі он жылда Қазақстаннан тағы осындай ақша кетуі ықтимал екенін түсінеміз» деген Ұлттық банк төрағасы. Азаттық радиосы

    278
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: