Көз қарас Мәдениет Руханият Саясат
Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды.
Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр.
Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып, қажет болса ғана қазақшаға аударып жүре береді. Яғни 9-баптың 2-тармағы сол күйі қалса, бюрократиялық аппаратқа орысша құжат жасай беруге сылтау болады. Себебі бюрократия орысша жұмыс жасап үйренген, ал ешкім үйренген оңай жолынан өз еркімен бас тартпайды. Былайша айтқанда, 9-баптың 2-тармағы – құқықтық тұрғыда қазақ тілін шектеп тұрған норма.
Ең дұрысы: мемлекеттік органдар жұмыс істейтін мемлекеттік те, ресми де тіл – қазақ тілі екенін нақты бекіту. Ал орыс тілі қажет болған жағдайда азаматтармен қатынас тілі болады деп жазып қою.
Бұл норма адам құқықтарын толық сақтайды, ал мемлекеттік тілдің мәртебесін нақты бекітіп қояды.


Пікір қалдыру